Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты



Pdf көрінісі
бет125/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

2. АБЫЛАЙ ХАННЫҢIII
Ш
 ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ (1771-1781).
АБЫЛАЙ - МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІЖӘНЕ САЯСАТШЫ
XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында Қазакстанда жаңа жалпы казак 
ханын сайлауға барлыкжағдайлар калыптасты. Бірден-бір лайыкты кандида­
тура ықпалды Абылай сұлтан болатын, ол 1740 жылдың өзінде-ак, Ш. Уәли- 
хановтың аныктауы бойынша, казак даласының ең беделді әміршісі болған 
еді. 1757 жылдың өзінде Цин империясымен ресми жазыскан хаттарында ол 
өзін хан деп атаған. 1770 жылы әбден картайған Әбілмәмбет кайтыс болғаннан 
кейін Абылай Қазақ хандығының шын мәніндегі бірден-бір билеушісіне ай- 
надды.
Абылайды сайлау қарсаңындағы қазақ хандығы. XVIII 
ғасырдың 60-жыл- 
дарының аяғына карай К азак мемлекеті Абылайдың белсенді сырткы ж әне 
ішкі саяси кызметі аркасында біршама мыкты әрі біртүтас мемлекетке айнал- 
ды. 1770 жылы сұлтан кырғыз жерлеріне тағы бір жорык жасады. Ш ату асуы 
аркылы Қызылсу ж әне ІІІамси өзендерінің аңғарына өтіп, казактар қырғыз 
жасақтарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Көптеген тұткындар Орталык Казак- 
станға көшіріліп, онда Абылайдың жеке вассалдары — төлеңгітгері кұкығымен 
коныстандырылды. Ресей билігінен Ж оңғарияға каш қан еділ калмактарын 
талкандағаннан кейін сұлтанның беделі бүрынғысынан да артатүсті. Ресейдің 
отаршыл әкімш ілігі казақтардан калм ақтарды ң кайтары луы на ж әрдем 
көрсетуді талап етті, алайда Абылайдың өз ойлағаны бар еді.
Сол кезде Абылай Қытай мен Ресейдің колдауына кол жеткізуге тыры- 
сып, халыкаралык аренада белсенді өрекеттер жасады. 1768 жылдың өзінде- 
ак ол цин императорының өзін «барлык казактар мен сұлтандардың бастығы» 
деп тануына кол жеткізген еді.28 Сонымен бірге 1769 жылдың аяғында ол Ре- 
сейден өзі үшін 10 мың адамдык армия бөлуді сұрап, оның орнына аманатка өз 
балаларының бірін ұсынды. «Егер... бізге жау шабуыл жасаса, бізге бір сан (10 
мың. 
—Ред.)
немесе кем дегенде мың немесе бес жүз адам көмек көрсетілетін 
болады. Ал оның үстіне жоғарыда аталған бір сан әскер, менің тірі кезімде 
болсын немесе менің балаларымныңтірі кезінде болсын, былайша пайдала- 
нылар еді: алыстағы жаулар үшін — бір сан, жақындағылары үшін — мың, ал 
егер онша көп болмаса — менің ішкі жауларыма қарсы — бес жүз».29Сол кезде 
Абылай өзінің аманат баласын генерал етуді сұрады, аманаттар сұлтанның өз
253


тандауы бойынша екі-үш жылдан соңалмастырылып отыратын. Эрине бұл 
талаптар ол кезенде іс жүзінде орындалмайтын талаптар еді, мұны сұлтан 
жақсы түсінді. Бұл ретте Абылай шекаралык әкімшілікке өзінің кытайлар- 
мен, түсініліп жүргеніндей, әсте де онша жақын еместігін және Ресей протек- 
торатынан әсте де бас тартпақшы болып жүрмегендігін білдірген еді.
1771 жыл ы Абылайды жалпы казак ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 
1771 жылдың күзінде ұзакуакыт бойы акылдасканнан кейін барлык үш жүздің 
өкілдері жаңаханды сайлау үшін хандыктың ежелгі астанасы Түркістан кала- 
сына келді. Абылайға ыкпалды жырау Бұкар Қалкаманұлы, Әбілпейіз жөне 
Болат сұлтандар,30 Нұралы ханды коспағанда, Кіші жүз казактарыны ң 
билеуш ілері,31 Орта жүз бен Үлы жүздің өкілдері сөзсіз колдау көрсетті. 
Халык көп жиналған кезде казак дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, 
үш жүздіңханы болып жарияланды. А. И. Левшинніңайтканындай, ол «оған 
(атакка) торғауыттарды жеңуі аркылы және Әбілмәмбет кайтыс болғаннан 
кейін, барлык кы рғы з-казак ордаларының ғана емес, түркістандыктар мен 
таш кенттіктердіңде сайлауы аркылы ие болды».32 Сөйтіп Абылай Қазақхан- 
дығыныңбірлігін калпына келтіреалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет