Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


ӘСКЕРИ ОТАРЛАУДЫҢ КҮШЕЮІ. ҚАЗАҚСТАНҒА XIX



Pdf көрінісі
бет157/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

2. ӘСКЕРИ ОТАРЛАУДЫҢ КҮШЕЮІ. ҚАЗАҚСТАНҒА XIX
Ғ АСЫРДЫҢ ЕКІНШ ІШ ИРЕПНДЕ КАЗАК ӘСКЕРЛЕРІНІҢ
ОРНАЛАСТЫРЫЛУЫ
XIX ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды әскери отарлаудың шешуші 
кезеңі болды. Ресейдің қазақ даласына жүз жылдан астам уақытқа созы л- 
ған өңмеңдеуі, оңтүстік аймақтарды қоспағанда, өл кен ің барлы қ дерлік 
аумағының империя күрамына қосылуына әкеп соқты. Бұл Қ азақстанны ң 
саяси бытыраңқылығының, күрделі сырткы жағдайының салдарынан ғана 
емес, сонымен катар Ресейдің сөзсіз әскери басымдығының нәтиж есінен 
болды, ал оны ң армиясы сол кезде Еуропадағы ең куатты арм ияларды ң 
бірі еді. 1825 жылы оры сты ң құрғақтағы арм иясы нда 526 мың адам б ол ­
ды.29
XIX ғасырды ң ортасында Ресейдің К азақстандағы карулы күш тері 
түрақты әскерлер мен тұрақты емес әскерлерден түрды, олар екі әскери
құрамаға біріктірілді. Ж еке Орынбор корпусы на 23-ж аяу әскер дивизия- 
сы (10 шептік батальон құрамында), Орал ж әне Орынбор казак әскерлері, 
баш құрт-мещ еряк казак полкі кірді. К орпусты ң штабы О рынборда орна- 
ласты, өлкенің әскери губернаторы қы зметі бойы нш а оны ң командирі 
болды. Ж еке Сібір корпусы на 24-жаяу әскер дивизиясы (15 шептік бата­
льон құрамы нда),екі гарнизонды к батальон ж ән е С ібір ш ебінің казак 
әскері кірді.К орпусты ң штабы Омбыда орналасты , он ы ң ком андирі Б а­
тые Сібір әскери губернаторы болды.30
Қ азақ стан н ы ң бүкіл дерлік аумағын баты сы нан ш ы ғы сы на карай 
б ек ін істер і, ф орттары , ф о р п о стар ы , корд он дары мен п и кеттері бар 
үздіксіз әскери шептер тізбегі корш ап жатты. М әселен, Орал шебі Гурь- 
евтен И лецк корғанысына дейін созылды ж ән е XIX ғасырдың басында 19 
форпост пен 5 бекіністен тұрды. Төменгі шепте — 6 мың, жоғарғы шепте — 
7 мың, Оралдың өзінде 17 мың казак орналасты . Ал 1857 жы лға карай 
төменгісінде — 21 мың, жоғарғы сы нда — 45 мың, Орал каласы нда 11 мың 
казак болды.31
X V III ғасы рд ы ң 3 0 -ж ы л д ар ы н д а-ак құр ы л а б аста ған , В ер х н еяи ц к
ж ән е Үй бекіністі ш ептерінен тұратын О ры нбор ш екаралы к шебі күш ті 
корғаны с болды. В ерхн еяи ц к шебі О ры нбордан ш ы ғы сқа карай со зы - 
лы п, 9 б екін іс пен 16 редутты камты ды ж ә н е екі д и стан ц и яға: К расн о­
горск ж әне Орск дистанцияларына бөлінді. К расногорск дистанциясы — 4 
б ек ін іс пен 6 редуттан , О рск д и с тан ц и яс ы 5 б е к ін іс пен 10 ред уттан
тұрды . Ү й ш ебі В ер х н еяи ц к б е к ін іс ін е н Т об ы л д ағы З в е р и н о г о л о в
б ек ін ісін е дейін созы лы п , 8 б ек ін іс пен 9 редуттан тұрды , Верхнеуйск 
ж әне Нижнеуйск дистанцияларына бөлінді. Верхнеуйск дистанциясы — 3 
бекін іс пен 5 редуттан, Н и ж н еуй ск д истан ци ясы 5 б екін іс пен 4 ред ут­
тан тұ р д ы .32
1810-1822 жылдарда Н овоилецк әскери шебі құрылады. Ол алты ф ор- 
постыдан (Изобильный, Буранный, Н овоилецк, Линевск, Угольный ж өне 
Ветлянск), Ханский редуты мен Бердянск бекінісінен тұрды.
1835—37 жы лдарда О ры нбор әскери ш ебінің бір бөлігі ретінде Ж ан а 
шеп құрылады. Ол Орск бекінісінен басталып, солтүстік-ш ы ғы ска карай 
ж үріп, Үй өзен ін ің Т оғы закка құйы лы сы ндағы Б ерезовски й редутына 
дейін жетеді. Оның ұзындығы 478 шакырым болды.
20-36
305


Осы өскери шептердің бәрі ұзындығы 1780 шакырым болатын (Гурьев- 
тсн Батыс Сібірмен ш екарадағы Алабұға отрядына дейін) Орынбор әске- 
ри -ш екаралы қ шебінің құрамына кірді.
Онда 2-дәрежелі бекіністер катарына жататын ж әне француз инженері 
Вованның жүйесі бойынш а салынған Орынбор бекінісі басты бекініс деп 
саналд ы .33 Ол тас қабы рғалы , кақпалары мен бекіністік орлары бар ұзақ 
мерзімді сипаттағы камалдық 11 форттан тұрды. Бекіністің сыртында оған 
кіреберісті қорғап тұрған үш форш тадт болды. Орск бекінісі 3-дәрежелі 
бекініске жатты, қүм үйіліп, ормен қорш алды, сырт жағынан өзен қорғап 
тұрды.
Орынбор, Орск ж әне Илецк корғанысы бекіністері Орынбор және Орск 
инженерлік командалары мен әскери-жұмысшы ротасынан тұратын Орын­
бор и нж енерлік округіне қарады. Олар 14-гарнизондык артиллерия бри- 
гадасы орналасқан Орынбор артиллериялық гарнизондық округінің құра- 
мына да кірді. Б екіністердің қару-ж арағы нда әр түрлі 130 зеңбірек, ал 
д алалы қ бекіністерде (Н овопетровск, Қ арабүтақ форты нда ж әне басқа- 
ларында) 54 зеңбірек (пуш калар мен единорогтар) болды.34 Орынбор ж әне 
О рск бекіністеріндегі, Н овопетровск бекінісіндегі артиллериялы қ қару- 
ж ар ақ күшті болатын.
Ә ск ер и ж ағы н ан О ры н б ор ә с к е р и ш еб ін ің зор м аңы зы болм ады , 
өй ткен і «әскери іспен таны с емес ж ә н е қандай да болсы н кұры лғы дан 
х аб арсы з» ә л с із к ө р ш іл е р і, со н ы ң іш інде қ а за қ т а р да Р е с е й г ^ қ а р с ы
әл д еб ір елеулі ә с к е р и ә р е к е т ете алм айды деп саналды . С ойды қтан
м ұн да м ы қты б е к ін іс т е р ем ес, қ а й та к о р д о н д ы қ қы зм етті кы рағы
ж үргізу талап етілді, ол қы зм ет Орал ж ән е О ры нбор казак әскерлерін е 
ж ү к т е л д і.35 Қ ал ал ар м ен б ек ін істер д егі гар н и зо н д ы қ қы зм етті Ж е к е 
О ры н б ор к о р п у сы н ы ң ж а я у ә с к е р б атальон д ары , м үгед ек тік ж ә н е 
этап ты қ ком ан далар атқарды .
О ры нбор әскери губернаторы В. А. О бручевтіңтұсы нда дала ішінде, 
қазақтар қоны стары ны ң қақ ортасында бекіністер салы на бастады, бұл 
алыстағы аумактарды бақы лауда ұстауға, шептерді Орта А зия хандықта- 
ры ны ң ш екаралары на жакы ндатуға мүмкіндік берді.
1845 жылғы 7 қы ркүйекте Торғай өзенінің оң жағасында, Орскіден 120 
ш ақы ры м ж ердегі Б еско п а ш атқалы н а ж акы н м аңайда О рен б ургск 
бекін ісін ің (Торғай каласы ) негізі қаланды. Бекініс жартылай шеңберлі 
ш ы ғы ңқы ж ерлері бар редут түрінде салынды. Гарнизон ж ергілікті қор- 
ғаны сқа арналған ж аяу әск ер ротасы мен зеңбірекш ілер командасы нан, 
барлығы 150 адамнан тұрды. К өш пелі резервке екі зеңбірегі бар, штаб- 
оф ицер ком ан далы к ететін екі ж үз оры нбор казагы кірді. Гарнизонны ң 
кару-ж арағы 1839—1840 ж ы лдардағы сәтсіз аяқталған Хиуа ж оры ғы нан 
қалған, ш ойы ннан құйылған 16 бекіністік зеңбірек пен үш таған тұғырлы 
100 жанғыш зымыраннан тұратын. Гарнизонный коменданты майор неме- 
се подполковник шеніндегі офицер болды.
Н ақ сол ж ылы О ры нбордан 120 ш ақы рым ж ән е Ордан 406 шақырым 
жердегі Ж арм ола ш атқалы нда, Ы рғызды ң жарлауытты оң жағасында 
У ральск бекінісі салынды. Гарнизоны О ренбургск бекінісіндегідей бол­
ды. Қ ару-ж арағы н а екі зеңбірек: 6 ф унтты қ бір зеңбірек пен 3 ф унтты қ 
тауға арналған ж еңіл зең бірек, сон д ай -ақ үш ш ақырымға дейін алы сқа 
атылатын зымыран снарядтары кірді.36
306


1847 жылы Арал тең ізін ің ж ағасы ндағы Райым ш атқалы нда, С ы рда- 
рияның сағасы на ж ақы н жерде Райым б екін ісін ің негізі қаланды. О ны ң 
гарнизоны штабымен коса О ры нбор шебі 4-батальон ы н ы ң барлығы 503 
солдат пен оф и цер болаты н екі ротасы н ан , Орал к азак ә с к е р ін ің үш 
жүздігінен ж әне 14-гарнизондык зеңбірек бригадасының окпаны әр түрлі 
14 мыс зеңбірегінен тұрды, ол 64 әскери лауазым иелерінің баскаруы нда 
болды .37 1848 ж ылы Ы рғызда Қ араб ұтак ж ә н е Арал т е ң ізін ің ж ағалау- 
ында К осарал ф орттары н ы ң негізі каланды . С өйтіп О ры нбор ф орттар 
мен бекіністертізбегі аркылы Арал теңізімен жалғастырылды. 1853 жылы 
С ы рдарияда № 1 Қ азалы ф орты мен № 2 Қ арм акш ы ф орты салы нды . 
Ресей Орта А зи ян ы ң іргесіне, Хиуа ж ән е Қ окан хан ды қтары ны ң ш ека- 
расына шыкты.
Бұдан да ертеректе 1833 жылы Каспий тең ізінің жағалауында, Өлікол- 
тык шығанағында Новопетровск бекінісінің негізі каланған еді. Гарнизон 
зеңбірекш ілер ком андасы бар екі ж аяу әск ер ротасы нан, екі ж үз орал 
казактарынан тұрды, кару-ж арактан окпаны әр түрлі 31 мыс жөне шойын 
зеңбірегі болды. Алайда орналаскан жері нашар, суы мен климат жағдайы 
колайсыз болғандыктан бекініс Түпкараған шығанағына көш іріліп, Ново- 
александровск деп аталды ж әне 1847 жылғы 30 тамызда ресми түрде ашыл- 
ды.38
1848-1853 ж ы лдарда Орта А зияны ж аулап алуға дайы ндала оты рып, 
патша өкіметі О рталык Азия аймағында тұңғыш рет Арал теңізінде өске- 
ри флотилия кұрады. 1847 жылы «Николай» ж әне «Михаил» деген екі мач- 
талы шхуна суға түсірілді, ал 1848 жылы Орынборда «Константин» кемесі 
жасалып, ол теңізге бөлш ектеліп әкелінді де, Райым бекінісінде күрасты- 
рылды. 1852—53 жылдарда тапсырыс бойы нш а Ш вецияда ж асалған «П е­
ровский» ж әне «Обручев» әскери пароходтары ж еткізілді. Екі корабль де 
1853 жылы Қ окан н ы ң А кмеш іт бекін ісіне ш абуыл ж асау мен оны алуға 
қатысты.39
К іш і жүзді билеуш і, өзін е адал сұлтандарды ң ордалары да патш а 
өкім етінің даладағы әскери тірек пункттері болды, оларға поли ц и ялы к 
кызмет атқару ж әне отбасы мүшелерімен коса сұлтандардың өздерін күзе- 
ту үшін офицері бар екі-үш ж үз казак берілді. Бұл козғалы ска жеңіл к а ­
зак отрядтары Сырткы істер министрлігі А зия департаментінің 1825 жыл- 
ғы 5 ж әне 17 каңтардағы, 1827 жылғы 2 шілдедегі шешімдерімен қүрылды 
ж әне арнаулы нұсқаулар негізінде кимыл ж асады .40
К іш і ж үздің үш бөлігін билеуш і сұлтандарды ң карам ағы н да ж аз 
кезінде 100-200 казак, кыс кезінде бір оф ицер, бір урядн ик ж өне 20 к а ­
зак болды .41
П атш алы қ Ресейдің әскери жағынан күш ейгені сонш алы к, стратегия- 
лы к міндеттерді шешуге кірісті. М әселен, 1839—1840 жылдарда Орынбор 
генерал-губернаторы Перовский Хиуаны жаулап алу максатымен ж оры к 
жасады. Экспедициялық корпусты ң құрамына 2,4, 6-ш ептік О рынбор ба- 
тальондары, l -б атальон н ы ң екі ротасы, полковник Би зян ов ком андалы к 
ететін 4-Орал казак полкі мен эскери старш ина Н азаровты ң 5-Орал казак 
полкі, 1-Орынбор казак полкі, сон д ай -ақ Кіш і ж үзд ің батыс б өлігін ің
билеуші сұлтаны подполковник Баймағамбет Айш уаковтың 250 жігіті енді. 
О трядты ң артиллериялы қ кару-ж арағы күш ті еді, онда: 12 ф ун тты к екі 
ш ойын ж өне 6 ф ун тты қ екі зең бірек, ат ж егілетін 14 пұтты к екі ж ән е
307


таулы ж ерге арналған 3 ф ун тты қ сегіз ж еңіл зеңбірек, 6 ф унтты қ алты 
мортир, екі шойын ф алькон ет, барлығы 22 зеңбірек, сон дай -ақ бірнеш е 
қондырғылы зымырандар болды. М арш руттың жолында алдын ала азық- 
түлік ж өне жем коры бар Ж ем ж ән е А қбұлақ бекіністері салынды. Алай- 
да 5 мыңнан астам солдат катысқан осындай орасан зор әскери шара ұзаққа 
созы лған қы сқы ж оры қ жағдайларын білмеу себепті мүлде сөтсіз аяқтал- 
ды. 1839 жылғы 14 қарашада жолға шыққан отряд хиуалықтармен шайқас- 
тарға д ей ін -а қ ж о л -ж ө н е к ей мың солдатынан айырылып, 1840жылғы 14 
сәуірде О ры нборға қайтуға мәж бүр болды.42
Батыс Сібір генерал-губернаторлығы аумағында да әскери шеп нығай- 
тылды. О ны ңТобы лдағы Звериноголов бекінісінен Алтайға дейінгі ұзын- 
дығы 2 мы ң ш ақы рымдай болды. Ол төрт әскери шептен: Н овоиш имск 
(П ресногорьковск нем есеж ай ғана Горькая шебі), Ертіс, Бұктырма, Бийск 
шептерінен түрды. Горькая шебі сонау XVIII ғасырдың орта шенінде құры- 
лып, 16 редуты бар 11 бекіністі камтыды, Сібір корпусы инж енерлік бас- 
қарм асы н ы ң кұрам ы на кірді. Алты бұрышты Петропавл бекінісі басты 
бекініс деп саналды. О ның ш ығысында төрт бекініс: П олуденная, Л еб я­
ж ье, Н иколаевск, П окровск бекіністері, олардың ортасында 9 редут, ба- 
тысында — алты бекініс: С копинск, С тановск, П ресновск, К абанья, П ре­
сн о го р ько в ск ж ә н е Звериноголов бекіністері орналасты .43 Петропавл 
бекінісі ш ептің ең басты арти ллери ялы қ арсеналы болды. Мұнда Сібір 
драгун полкі, ж аяу әскер батальоны, казактар мен башқұрттардың отряд- 
тары орналастырылды. Лебяж ье бекінісі мен Тара дистанциясында Ш иру- 
ан м уш кетерлік полкі орналасты .44
Ертіс әскери шебі XVIII ғасырдың басында-ак кұрылған еді. Ямышевск 
б екінісінде 18 зеңбірегі бар 303 адамнан, Семейде — 9 зеңбірегі бар 204 
адам нан, Ө скем енде — 9 зеңбірегі бар 141 адамнан, Ж елезинскіде — 6 
зеңбірегі бар 72 адамнан, Омбыда — 20 зеңбірегі бар 267 адамнан тұратын 
гарнизондар болды. К оряковск, С емиярск, Убинск, Ч ерлаковск форпос- 
тары мен басқалары нда да гарнизондар орналасты . С ібір ш екаралы қ 
ш ептерінде барлығы 18 бекініс, 31 редут, 13 форпост, 23 станция, 35 шам- 
ш ы рақ (м аяк) тұрды .45
XIX ғасырдың 20-жылдарында ішкі округтерді корғау үшін әскери шеп- 
тер мен бекіністерді далалы айм акка сұғынта түсу басталады. М әселен, 
1822 жылдың шілдесінде алғашқы бекіністер — Акмоладан оңтүстікке карай 
300 ш акы рым болаты н А қтау таулары нда, С ары су өзенінде А ктау ж әне 
Есіл өзенінде Ж ар кай ы ң бекін істерін ің негізі каланады. 1824 жылдың 
сәуірінде Қ аркаралы приказы аш ылы п, майор Тұрсын Ш ы ңғы сов аға 
сұлтан етіп тағайындалды. Оның әскеркосынында (ставкасында) 6 ж әне 7- 
Сібір полктерінің полковник Броневский баскарған 300 казак орналасты. 
1824 ж ы лғы 29 сәуірде К өкш етау приказы құрылды, оны ң гарнизоны да 
әскери старш ина Лукин бастаған 2 ж әне 4-С ібір полктерінің 300 казагы- 
нан тұрды.
Одан соң Баянауыл (1826 ж.), Акмола ж әне Көкпекті (1827 ж.), Атбасар 
(1846ж.), А ягөз, Құсмұрын приказдары, Үлытау (1846 ж.), Қапал (1847 ж.) 
бекіністері ірге тебеді.46 Оларға қарауыл кызметін аткару үшін қозғалы с- 
ка ж еңіл к а зак отрядтары орналастыры лды . М әселен, 1826 жылы ж аңа- 
дан ірге көтерген К өкш етау ж ән е Қ аркаралы бекіністерінде 452 әскери 
казактан тұратын екі отряд, 1836 жылы — 860 казактан тұратын жеті отряд
308


болды. 1853 жылға қарай оларды ң саны 2 мың казакк а дейін өсті, ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет