Райым бекінісі таратылғаннан кейін қоныс аударушы казактар 1855 жылы
№ 1 фортқа көшті. Ж аңа жерде олар суландырылатын жақсы, шұрайлы жер-
лерге орналастырылды. Бұрынғысы сияқты мұнда да қоныс аударушылар зор
артықшылыктарды пайдаланды. Олар жергілікті еңбекшілерді канады. Сөйтіп
Сырдария қазақтары екі жақты езгіге ұшырады, оларды бір жағынан патша
өкіметі — шенеуніктер, көпестер, қоныс аударушылар, ал екінші жағынан
жергілікті феодалдар байлар, билер, сұлтандар және басқалар кднады. Еңбекші
қазақтар арасындағы наразылық жыл өткен сайын өсе түсіп, ақырында 1856
жылы ашық бой көрсетуге ұласты.
Көтерілістің негізгі себебі жердіңтартып алынуы болды. В.В.Григорьев:
«Қазалы фортының төңірегінде қазақтарды егіншіліктен оларға жосықсыз
соқтығу мен казактардың ашкөздігі жирендіруде...» — деп жазды.115 Бұдан өрі
ол бұлай деп атап өткен: олар «олардан (қазактардан. —
Ред.)
егін егуге колай-
лы барлық егістікті тартып алуға әзір; жосықсыз соқтығу мен аш көздік...
1856 жылы байырғы халықтың (қазақ халкының. —
Ред.)
көтеріліс жасауына
басты себеп болды».116
Арал өңірінің қазақтары Есет Көтібаров пен Ж анкож а Нұрмұхамедовтің
жетекшілігімен отаршылдықезгіге қарсы көтерілді. Олар екі бөлікке: Үлкен
шекті жөне Кіш кене шекті болып бөлінетін шекті руынан ш ы ққан еді.
Біріншісіне — Есет Көтібаров, ал екіншісіне Ж анқожа Нұрмұхамедов басшы-
лықетті.
Есет Көтібаров (1807—1888) Көтібар батырдың ұрпағы болатын. Оның
өзі қарайтын Үлкен ш екті руы арасында ғана емес, соны мен катар қазақ-
тардың көрш ілес адай, табын, ш өмекей, төртқара, К іш кене шекті рулары
мен басқалары ны ң арасы нда да зор беделге ие болды. Есет К өтібаров
Ж оламан батырмен бірге орыстардың Елек бекінісіне шабуыл жасады, ал
1847—48 жылдарда Ж ан қож а Н ұрмұхамедовпен бірлесе оты рып, С ырда-
рияның төменгі ағыстарында хиуа ж әне коқан жаулап алуш ыларына кар-
сы күрес жүргізді.
Есет Көтібаров хиуалықтарға қарсы күресінде
Ж ан қ ож а Н ұрм ұхам едовке талай рет көм ек
көрсетгі. Ол былай тұрсын, Хиуа ханы Ж анқожа-
дан сұлтандардың ғана емес, батырлардың да
колымен құтылуға тырысты. 1844 жылы ол Есет
К өтібаровқа мынадай хат жіберді: «Ж еңілуді
білмейтін, жеңімпаз жаулап алушы Хорезм шахы.
Құрметті, қадірлі ж әне адал Есет батырға!
Хан мейірбандығымен ж әне сыйластығымен
сендіріп ж әне үміттендіре отырып, егер сен Ті-
л е у қ а б а қ руы н ы ң баты л ж ігіттер ім ен ауы з
біріктіріп Жанқожаны үстап алсаң немесе өлтіріп
әкеп берсең, сөйтіп меніңтапсырмамды орындап
шықсаң, шексіз кұрметке, мейірбандық пен кам-
қорлы ққа, баскалардың алдында ізетке ж әне
ыкыласқа бөленетінің күмәнсіз. Ал олай болма-
ған жағдайда мен Тілеуқабақ халқын тас-талкан
етемін.
Касиетті Рамазан айының 10-жұлдызы күні
1260 жылғы дүйсенбіде жазылды».117
Достарыңызбен бөлісу: