Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


Қазак халқынын, жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы



Pdf көрінісі
бет67/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

Қазак халқынын, жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы.


Асқан зор апат кезеңіндегі халықаңыздарын алғашкылардың бірі болып 
жинаған М әшһүр Жүсіп Көпеев Бұхара жағынан Орталық Қазақстанға қайт- 
кан Орта жүз қазақтарының даңқты батыры әрі қолбасшысы Ш акшакұлы 
Ж әнібектің басшылығымен 1725 жылы Ш ұбаркөл ауданында (Қорғалжын 
көлі жағында) жоңғарларға күйрете соққьі бергенін айтады. Отандықтарих- 
ты ңтағы бір шежірешісі Ш әкерім Құдайбердиев те осыны растайды. Соның 
ізінше қазақ жасақтары жауды Ойылдыңсаласы Актасты өзенінде кездестірді. 
Казак жасағының біркатар басымдыктары болды. Ең алдымен жоңғарлар казак 
жеріне терендей еніп кетіп, сол аркылы өз тылынан кол үзіп калды. Казак 
жауынгерлерініңтоскауылға колайлы жерлерді тиімді пайдалануы табысқа 
жетуге жәрдемдесті. Өз кезіндегі аса көрнекі колбасшылар Әбілкайыр хан, 
Тама Есет, Тама Жантай, Каракерей Кабанбай, Канжығалы Бөгенбай батыр- 
лар өз күштерін біріктіріп, тізе косып іс-кимыл жасады. «Калмаккырылған» 
деген алғашкы жер атауларының бірі Казакстан картасында осылайша пайда 
болды.
Енді казак жасактары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы жерлерді 
ғана емес, Мүғалжар тауларының бір бөлігін де азат етті. Осы арқылы XVII 
ғасырдың бірінші жартысында пайда болтан жарты сақина коршауы бұзыл- 
ды, ол кезде жоңғарлар Алтай тауларынан Есіл және Ж айык өзендеріне дейін 
өз коныстарының үлкен шебін орнаткан еді.
1726—27 жылдарға карай сұлтандар мен билер басқыншы жауға карсы бар- 
лы к казак руларын біріктіру жөнінде кең саясат жүргізе бастады. Бұл саясат- 
ты мейлінше белсенді жүргізген Кіші жүз ханы Әбілкайыр болды.
1726 
жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік кырка — Ордабасы деген 
жерде бүкілказак съезі өткізілді. Съезге Әбілкайыр, Әбілмөмбет, Сәмеке, 
Күшік, Жолбарыс хандар, сұлтандар, Төле би Әлібекұлы, Каздауысты Казы- 
бек би, Әйтеке би бастаған түрлі әр рудың билері, даңкы шыккан колбасшы­
лар мен батырлар шакырылды.
Съезде негізгі мәселе баскыншы жауға бүкілхалыктык тойтарыс беруді 
ұйымдастыру туралы мәселе болды. Отанға кауіп төнген жағдайда ру ішіндегі 
қайшылыктар, барлык жүздерге билік жүргізу жолындағы, жайылым үшін 
күрес екінші катарға ығысты. Съезге катысушылар бірге болуға, өз кимылда- 
рын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан кұрып аттануға ант берді.
Съезде талкыланған маңызды мәселенің бірі — бүкіл казақ жасағының 
колбасшысын сайлау туралы мәселе болды.
М. Тынышбаевтың бағалауы бойынша, 1726 жылдыңөзінде-ақ баска саяси 
қайраткерлермен салыстырғанда Әбілкайыр картсиякты көрінген. Бұл сөздің 
оның саяси кызметін бағалауға немесе жасына катысты айтылуы мүмкін еді. 
Калай дегенмен де, ол казак хандары арасындағы едәуір беделді тұлға бола- 
тын.62
Кожаберген жырау «Елімай» дастанында «Сайланды Әбілкайыр әскерба- 
сы» дейді.63
Осында, Ордабасында Әбілкайыр қазақ жасағыныңқолбасш ысы болып 
сайланды. А. И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортак іс сол арада 
бір-біріне адалдыкка ант беру аркылы кастерленді. Әбілкайыр хан бас кол- 
басшы болып сайланды, сөйтіп халыктыкәдет бойынша күрбандыкка шалын- 
ған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды». Осы жағдайды да ол 
былай деп ашатүскен: «Төнген кауіп ішкі өзара кырқыстарды бітістірді, жал- 
пы келісім туғызып, бәрін бір нәрсеге бағыттады. Тұтас халыктың жиналы-
138


сында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз- 
казақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды».64 1726 жылы Әбілкайырдың 
сайлануы туралы Н. Г. Аполлова: «Әбілкайыр мәртебесініңкөтерілуі әскери 
шонжарлардыңең ыкпалды өкілдерімен (Бөгенбай, Ж әнібек, Есет батырлар- 
мен) байланысты деген түсініктің, сірә, елеулі негізі болса керек»,—деп атап 
өткен.65
Әбілқайырдың ұсынылуын А. И. Добросмыслов былай деп бағалаған: 
«XVIII ғасырдың екінші ширегінің басында қазақ ордалары хандарының 
ішіндегі ең күштісі, алғыры ж әне жігерлісі біздің ең жақын көршіміз Кіші 
орданың ханы Әбілқайыр болды». Батырлар арасынан бүкіл казак жасағы- 
ның сардарбегі болып Канжығалы Бөгенбай сайланды.
Қазаккоғамыныңтас-түйін жігерленген көтеріңкі рухы, Ордабасындағы 
съезде кабылданған шешімдерде жалпыға бірдей бірлікке кол жеткізілуі Отан 
соғысындағы күртбетбұрыстыңалғашкы нышаны болды.
Қол жеткен жағдайлар соғыс қимылдарының барысын белгілеп отырды. 
Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы бойындағы кең-байтак алкап, 
Арыс өзені мен оның салаларының аңғары, Каратау сілемдері, Талас өзенінің 
бойындағы далалык жерлер, Мұғалжар тауларының бір бөлігі жоңғар бас- 
кыншыларынан азат етілді. Үлытаудың шүрайлы да кең-байтақжайылымда- 
рын кайтарып алмағанмен, оны жаудан біржола азат ету үшін алғышеп жасау 
кажет болды.
«Актабан шұбырындыдан» кейін казак батырлары ж еткен алғаш кы 
жеңістер, Ордабасыдағы съезд халыктың жауынгерлік рухын көтерді. Әрі 
батыр, әрі жырау Ақтамбердінің сөзімен айтканда, көптеген казактар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет