77
кейбір тұлғалары, атап айтқанда, қимыл есімі не тұйық етістік
арқылы берілетінін, ал етістіктің қимылдың атын емес, нақ өзін
білдіретіндігін ерекше атап көрсетеді. Ал Н. Оралбай қимыл
ұғымын етістіктің жалпы мағынасымен байланыстырады.
Етістіктің зерттелуінде кеңінен қарастыруды қажет ететін
мəселелердің бірі – етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрықтық мағы-
наның аражігін анықтау. Бұл туралы ғалымдар арасында түр лі ше
тұжырымдар жасалады. Мəселен, Н. Оралбай «бұйрық мағына түбір
етістіктің өзінде берілген, сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын
білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғау ғана жалғанады» десе,
Ə. Тө
леуов «Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай:
етістіктің түбірі 2-жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа
түрлері осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады.
Яғни, оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп
жатады» деген пікір білдіреді. Ғалым А. Хасанова да «түбір сөз
немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан қарағанда,
етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Ол мейлі
негізгі не туынды түбір (
біт, өкін. өйтіп, өйтпегенде
), дара не
күрделі (
біліп ал
) тұлғаларда келсін, шақ, рай, т.б. грамматикалық
категориялардың арнайы формалары қосылмағанның өзінде
сол категориялардың белгілі мағынасында қолданылады. Осы
келтірілген əрбір етістік 2-жақтың анайы түріне қаратыла ай-
тылып (
Достарыңызбен бөлісу: