98
жағынан бірдей болғанымен, мағына жағынан бір-бірінен мүлдем
алшақ сөздер. Үстеу мағынасындағы (
бірден тану, күнде шығу
)
сөздердің басты семантикалық айырмашылығы: сан есім мен зат
есімдер қосымша грамматикалық формалармен түрленген жағдайда
да өздерінің бастапқы мағыналарынан қол үзбей, соған қосымша
грамматикалық мағына үстесе, үстеулердің мағынасы ондай
нақтылықтан қол үзіп, жалпылама абстрактілік сипатқа ие болады.
Мұндай сөздер белгілі бір грамматикалық формаларда қолданылған
жағдайда өзінің лексика-грамматикалық ортасынан оқшауланып,
өзгеше лексика-грамматикалық дербестікке ие болып, нəтижесінде
үстеу сөздер қатарына ауысады. Басқа сөз табынан үстеу қатарына
ауысу үстеулердің сол сөз таптарындағы өзімен тұлғалас сөздермен
омонимдес сипатта қолданылуына негіз болады. Мысалы,
қайта
(əңгімесін қайта бастады, құстар қайта бастады), бірден (бірден
таныды, бірден бірді алды), бірге ( баласы бірге келді, баласының
жасы бірге келді), жағалай (өзенді жағалай жүрді, жағалай сыйлық
берілді),
т.б.
Үстеулер мағыналық жағынан заттың амал-əрекеті мен
қимылының белгісінің белгісін жəне заттың сынының белгісін
білдіру сипатымен де ерекшеленеді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: