157
Субстантивтену
– басқа сөз таптарына жататын сөздердің зат есімге
айналуы.
Тəуелдік жалғау
– бір заттың басқа бір затқа тəуелді, меншікті екенін
білдіретін, зат есімнің тəуелдеу категориясының қосымшасы.
Тəуелдеу категориясы
– заттың үш жақтың біріне меншікті екенін
білдіретін грамматикалық категория.
Транспозиция
(латын. орын алмастырушы) – парадигмалық
қатардағы бір форманы одан өзгеше басқа форма орнына пайдалану;
кең мағынада кез келген тілдік форманың ауысуын; тар мағынада бір
сөз табындағы сөздің басқа сөз табына ауысуын не сол сөз табының
қызметін атқаратынын білдіреді.
Формант
(латын. жасаушы, тудырушы) – 1) аффикс мағынасында; 2)
сөзжасамдық жəне сөз түрлендіргіш қосымшалардың бірігуінен туған
сөздің күрделі формасы.
Достарыңызбен бөлісу: