28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет151/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

ә

Микрофиша
–бұл да жарықсезгіш пленкаға жазылады. Бірақ оның форматы 
75x125 мм, 105x148 мм, 180x240 мм болады. Бір пластинаға 16-32 бет сыяды. 
Демек320 беттік кітапті көшіріп алу үшін10 пластина қажет екен. Егер мұндай 
кітаптың салмағы 1200 грамм болса, микрофишаның салмағы бұдан 100 есе 
кем. 
Мұндай құжатты оқу үшін де арнаулы аппарат керек. Микрофильмге қарағанда 
микрофиша пайдалануға ыңғайлы. Микрофильмнен өзіңе қажетті құжатты 
тауып алу үшін рулонды түгел қарау қажет. Ал микрофишаның коды мен 
номері белгілі болса онда ондай құжатты оңай таба аласың.Кейде пластинада 
құжаттың 90 есе кішірейткен түрлері болады Мысалы 936 беттік кітапты 
75х125 мм көлемді бір пластинаға сыйдырады. Мұны 
ультрамикроафиша 
деп 
атайды. 
б.
Микрокарта
– бұл микрофишаның қағазғанемесе микроофсетке түсірілген 
түрі.Көбінесе мұрағаттарда жиі кездеседі. Көптеген сирек кездесетін, немесе 
әбден тозығы жеткен құжаттар микрокарталарға түсіріледі. Оны оқу үшін 
эпипроектор деп аталатын аппарат қажет.Микрокарталар ұзақ мерзімді. 
Ол үнемді,өйткені қағаздың екі жағына да жазуға болады. Бірінші бетіне 
құжаттың өзі түсірілсе сыртына оның библиографиялықанықтамалары, 
аннотациясы немесе рефераты толтырылады. 
в. Диапозитив (слайд) 

мөлдір пленкаға немесе шыныға түсірілген позитивті 
фотография құжаттың суреті. Экранға проекциялау арқылы көруге болады. 
Оның аққаралы немесе түрлі-түстісі болады. Диапозитиввизуальдыстатикалық 
проекцияға жатады. Шыны диапозитивтердіңөлшемі 50x50, 70x70 немесе 85x85 
мм. Пленкаға түсірілгендиапозитивтердің әрбір кадрының өлшемі 18x24, 24x24, 


142 
28x28, 24x36, 40x40 мм болып келіп, әрбіреуі –арнаулы рамкаға салынады. 
Соңғы жылдарыфото-құжаттандыру процесі сандық (цифр) түрге көшірілуде.
Алғашқы фотографияның электрондық жүйесін 1981 жылы жапонның Sony 
фирмасы іске асырды.Әрине құжаттаудың мұндай әдісінің артықшылығы мол. 
Кадрдағы бейненің түсін өзгертуге,оның өлшемін кішірейтуге немесе үлкейтуге 
болады. Сандық фотоаппаратты компьютерге қосуға,бейнелерді,интернет 
жүйесі арқылы басқа да пайдаланушылардың игілігіне айналдыру мүмкіншілігі 
бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет