28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет37/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Деректану мәселелері» 
деген арнайы басылымдар қайта шығарыла бастады. 
Соғысқа дейін тек үш басылым шықты.Барлығы он бірі жарияланды. Олар 
тарихшылар үшін үлкен қызығушылық тудырды. Оларда және Тарих-мұрағат 
институтының жарияланған еңбектерінде, 
«Тарихи мұрағат», «Мұрағаттану 
сұрақтары», «Археографиялық зерттеу»
журналдарында теориялық 
сипаттағы деректанулық жұмыстар бар.
Тарих проблемаларына арналғанжурнал беттеріндедеректану мәселелеріне 
бұрынғыға қарағанда көп көңіл бөле бастады. Бұл журналдардың беттерінде 
жаңа құжаттарды жариялау жүзеге асырылды, жоғары оқу орындарында 
деректануды оқыту сұрақтары талданады. 
Үлкен Кеңес Энциклопедиясы жариялаған
Л.В.Черепниннің
«
Деректану
» 
мақаласы осы ғылым саласы пәнінің және әдістерінің мәнін дұрыс түсінуге 
көмектеседі. (Қараңыз: Л.В.Черепнин. Источниковедение. См.: БСЭ, т. 19). 
Бірқатар жалпы деректанулық сұрақтар
А. Д. Люблинскийдің
ортағасырлар 
тарихы деректануы бойынша зерттеулерінде қарастырылады, онда феодализм 
кезеңіндегі Батыс Еуропаның барлық елдерінің тарихи бойынша негізгі 
деректерге шолу жасалынған 
(Қараңыз: А. Д. Люблинская. Источниковедение 
истории средних веков. Л., 1955.).
1962 жылы
В. И. Стрельскийдің КСРО тарихының деректануы 
кітабы жарық 
көрді.Империализм кезеңіндегі (XIX ғ. аяғы – 1917 ж.) КСРО тарихының 
деректанулық ерекшеліктері қарастырылады. Осы кезеңді зерттеу үшін автор 
деректердің жеті түрін бөліп көрсетеді: 
1.
Марксизм-ленинизмнің 
негізін 
қалаушылардың 
шығармалары. 
Коммунистік партия материалдары.
2.
Мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізу материалдары.
3.
Әлеуметтік-экономикалық статистика. 
4.
Заң материалдары және басқа құқықтық актілер. 
5.
Мемуарлық және эпистолярлық әдебиет. 
6.
Мерзімдік басылым. 
7.
Көркем және ғылыми әдебиет ескерткіштері. 
Бұл бөлімде географиялық зерттеулердің, саяхаттардың, экспедициялардың 
сипаттамалары да бар. Кітапта тарихи, деректерге ғылыми анализ, іріктеу және 
синтез жасаудың, деректерді жіктеудің жалпы принциптері, сондай-ақ, КСРО-
дағы мемлекеттік және партиялық мұрағат қорларын жасау процесі және 
оларды ғылыми ұйымдастыру ашып көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет