Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет207/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
және «пролетариат әдебиеті» деп 
бөлетіні анық. Бұл терминдік атау-
ды берген төңкерісшілдер де емес, 
олардың берген бағасы – В. И. Ле-
ниннің «әр ұлттың мәдениетінде 
екі түрлі мәдениеттің элементі бо-
латыны» туралы қате қағидасынан 
туындаған – «ұлтшыл-байшылдық 
әдебиет». Олар алғашқыда ақын-
жазушыларды «еңбекшілдер, кеңес 
үкіметіне қарсылар, шөре-шөреде 
жүргендер» деп үшке бөлсе, кейін 
идеология ықпалында «төңкерісшіл-
тапшылдар, ұлтшылдар және жол-
бикелер» болып аталып кетті. «Бұ-
қарашылдар» деген атауды алғаш кім 
қолданғанын анықтау мүмкін емес. 
«Ұлтшыл» атанғандар мен «жол-
бикелер» өздерін бұқарашыл ақын-
жазушыларымыз деп санаған. Бұл 
атау 1920 жылдардың орта шенінде 
болған көркем әдебиет туралы ай-
тыста теориялық мәнге ие болып, 
сын мен әдеби-теориялық ой-пікірде 
берік орын тапты. Біздің ойымызша, 
бұл атаудың пайда болуы «Алқа» 
ұйымын құру идеясына тығыз байла-
нысты.
Д. Қамзабекұлы ҰХҚ-індегі тер-
геуде Ж. Сәрсенбіұлының берген жа-
уабынан: «...1924 жылдың аяғында 
Ә. Бөкейханұлы, М. Жұмабайұлы, 
мен үшеуіміз мұғалімдер съезіне 
келген А. Байтұрсынұлы орналасқан 
жатақханаға барып, ол кісіні жа-
зылып, даярланып қойған «Алқа» 
ұйымының бағдарламасымен таныс-
тыр дық», – деген сөзін келтіре 
оты рып, «Алқа» ҚазАПП-тан бір 
жыл бұрын және бірнеше кісінің 
қатысуымен жасалған бағдарлама 
болды деген тұжырым жасайды. 
Қазақ халқын тапқа бөлмегені сияқ-
ты «Алқа» бағдарламасын жасау-
шылар әдебиетті де түрге бөлмей 
тұтас қараған. Негізгі мақсат – про-
летариат әдебиетін жасаймыз деп 
даурығып, әдебиетті үгіт-насихат 
құ ралына, тапшылдық саясаттың 
қол жаулығына айналдырғандарға 
қар сы тұрып, қазақ қаламгерлерінің 
ба сын біріктіру. Яғни, «жастарға 
жөн сілтейтін, адасқандарды жолға 
салатын, қисыққа тез болатын» бағ-
дарлама жасаудағы негізгі ой ұлт 
әдебиетіне қорған болу екені сезіледі. 
Оны бағдарламаны жасаушылар дың 
«Табалдырық» деп аталатын ал ғы 
сөзіндегі: «Бұл құрғанымыз – сегіз 
қанат боз орда, алты қанат ақ отау 
емес – абылайша. Майдан, ойран, 
жорық дәуірінде дағарадай орда, ай-
дай ақ отау құрып отыруға болмай-
ды. Аттан дәуірінде абылайша керек. 
Жорық басылар, жаңа тұрмыс орнар, 
абылайша қалып, бәріміз сиятын боз 
орда тігілер. Бұл – келешек», – де-
ген пікірі дәлел. ҚазАПП құрылмай 
тұрып-ақ «байшыл-ұлтшыл» деп 
бөліп тастаған көзқарастың әсерінен 
жазылған мақалалардағы негізгі пи-
ғылды сезген және ұлт әдебиетінің 
келешегі үшін жаны ауырған арыста-
рымыз «Алқа» ұйымын құру арқылы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


225


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет