Rap? Шалғынбаева Қ.Қ. Албытова Н. П


Қазақтыц тұңғыш жогары оқу орны Абай атындагы Қазақ



Pdf көрінісі
бет12/92
Дата07.10.2024
өлшемі14,38 Mb.
#147024
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92
Байланысты:
педагогика

Қазақтыц тұңғыш жогары оқу орны Абай атындагы Қазақ
ұлттық 
педагогикалық 
университетінің 
тарихы. 
Қазақ 
мемлекеттік университеті республикадағы тұңғыш жогары оку орны 
болды. 1928 жылы шаңырақ көтерген бұл білім ордасында физика- 
математика, 
жаратылыстану 
және 
лингвистика-педагогикалық 
бөлімдерден құралган жалғыз ғана факультет болды. Алғашқы кезде 
мұнда 
үш 
факультет: 
педагогикалық, 
ауылшаруашылық, 
медициналық факультетгерін құру жобаланды, олар 1932-1933 оку 
жылында жұмыс істеуге кірісуі тиіс болатын. Алайда халыққа білім 
беруді қарқынды түрде өркендету мақсатымен жаңадан ашылган 
жогары оку орнын дербес педагогикалық институт ретінде 
қалыптастырып, дамыту қажет болды. Сондықган 1930 жылы 
университет Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты деп атала 
бастады да, 1935 жылы оган ұлы ақын Абайдың аты берілді. Бұл 
бүгінде Абай атындагы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
Алгаш құрылган кезіндегі ҚазПИ бұрынгы Верный әйелдер 
гимназиясының гимаратында орналасты. Институт жанында оқуга 
түсушілёрге арналган бес айлық дайындық курсы жұмыс істеді.
Сондай-ақ педагогикалық техникум, училище жұмысшылар 
факультеті ашылды. Бұл оқу орындарына негізінен ата-аналарынан 
айырылган балалар үйінің тәрбиеленушілері, кедейлердің балалары 
жэне аздаган орта шаруалардың балалары қабылданды.
Институтқа алгашқы қабылдау екі кезеңде — 1928 жылдың 
қыркүйек жэне қазан айларында жүргізілді. Республика Халыққа 
білім беру комиссариатының округтердің санына орай жоспарлы 
бөлу жүмыстарының негізінде 124 адам, соның ішінде 28 қыз бала 
оқуға қабылданды. Студенттер қүрамы сан ұлттардың өкілдерінен 
түрды. Олардың ішінде 76 қазақ, 42 орыс жэне басқада үлттардың 
өкілдері болды. Студенттердің 75 пайызы стипендиямен қамтамасыз 
етілді. Баспана аса қажеттеріне жатақханадан орын бөлінді. Кейбір
студенттердщ даиындыгы оіршама төмен екендіп ескеріліп, орыс 
және қазақ тілдерінен, математика мен физикадан қосымша сабақтар
32


өткізілді. Бірінші курста 9 оқытушы, оның ішінде 3 профессор, 5 
доцент жэне 1 ассистент сабақ берді. Сол бір жылдары институт 
қабырғасында негізінен білімге аса құштар жандар — жасы отыз- 
қырықтарға келген адамдар оқыды, студенттер арасынан жиырмаға
дейінгі жастар сирек кездесетін.
Институт сонымен қатар түрғындар арасындағы гылыми-
агартушылық жұмыстарын да жүргізді. ҚазПИ-дің жанынан екі жүзге 
жуық тыңдарман қатысатын жексенбілік мектеп құрылды. Мұнда 
оқытушылар еңбеккерлерге дәріс оқып, ғылыми баяндамалар жасады. 
Институт жанынына сауатсыздықты жоюға арналаған мектеп 
ашылып, 
тақырыптық 
кештер, 
пікірталастар, 
оқырмандар 
конференциялары, басқа да мәдени-ағартушылық шаралар тұрақты 
өткізіліп тұрд ы.
Сол кезде ҚазПИ үшін оқытушылар қүрамын кэсіби біліктілігі 
жоғары ғылыми-педагогикалық кадрлармен толықгыру аса маңызды 
мәселе болып табылды. Бұл міндет екі жолмен шешілді: біраз 
мамандар орталық жоғары оку орындарынан шақырылса, қалғандары 
жергілікті 
кадрлардың 
арасынан 
даярланды. 
Институттың 
қалыптасуына туысқан республикалардағы, әсіресе Мэскеу мен 
Ленинградтағы көптеген оқу орындары үлкен көмек көрсетп. Олар 
өздерінің 
бай 
кітапхана 
қорымен, 
кабинеттерге 
арнапған 
жабдықтармен болісті. Сол жылдары ҚазПИ-ге жұмыс істеуге 
әдебиеттанушы 
Н.Н.Фатов, 
математик 
Б.Л.Кругляк, 
физик
В.Ф.Литвинов, биолог С.ВЛогинов, эмбриолог А.А.Захваткин тэрізді 
көптеген белгілі ғалымдар келді. Сол кездерде институтга Ораз 
Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұрсынов, 
Халел Досмұхамедов, Ілия Қабылов, Темірбек Жүргенов сынды қазақ 
халқының көрнекті өкілдері оқытушылық қызмет атқарды. 30 -
жылдары ҚазПИ-де белгілі тіл мамандары Қ.Жүбанов, САманжолов, 
М.Жолдыбаев, математик А.Ермеков, т.б. еңбек етті.
Қазақстанның алгашқы оқу орнын ұйымдастыруга оның түңғыш 
ректоры, көрнекті мемлекет қайраткері, талантты галым жэне 
педагог, республикада жоғары мектеп пен ғылымның іргетасын 
қалаушы С.Ж. Асфендияров зор еңбек сіңірді. Ол 1928-1937 жылдар 
аралыгында ҚазПИ-дің, Алматы медицина институтының ректоры, 
Қазақ АССР денсаулық сақтау халық комиссары және халық ағарту 
комиссары, Қазақгың үлттық мәдениеті гылыми-зерттеу институты 
тарих секторының меңгерушісі, КСРО Ғылым академиясы Қазақ 
филиалының бірінші орынбасары қызметгерін атқарды.
33


Алғашқы 
жылдары 
Қазақ 
педагогикалық 
институты 
республикаға қажетті мамандар, галымдар, мемлекет қайраткерлері, 
ақын-жазушылар, білікті мұғалім кадрларының бір шоғырын даярлап 
шығарды.
Соғысқа дейінгі жылдар Абай атындагы Қазақ педагогикалық 
институты үшін қалыптасу мен дамудың ең бір маңызды кезеңі 
болды. ҚазПИ-дің оқытушы-профессорлары мен студенттері жетілу, 
кемелдену сынағынан абыроймен өтті. Институт атагы бүкіл 
реуспубликамен одан тыс жерлерге де таралып, белгілі болды. Осы 
кезде ҚазПИ қабырғасынан түлеп ұшқан мұғалім мамандардың саны 
артып, кадрлар даярлау сапасы жақсарды, студент жастарды оқьпу 
мен 
тэрбие 
беру 
дәстүрлері 
ныгайып, 
бекіді. 
Институт 
республикадағы ғылыми ой орталықтарының біріне айналды. Мұңда 
Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиетінің даму мэселелері
зерделеніп, жаратылыстану гылымдары сапасында іргелі зерттеулер 
жүргізілді.
Тэжірибе 
жинақтау, 
материалдық-техникалық 
базасының
жақсаруы, 
білікті 
ғылыми-педагогикалық 
кадрлар 
қатарының
көбеюіне байланысты ҚазПИ-дің оқу-ғылыми орталық ретіндегі рөлі
үнемі артып отырды. ҚазПИ-дің республикада жоғары оку
орындарын, Ғылым академиясын жэне басқа да білім, гылым, мәдени
мекемелер қатарын молайтып, оларды өркендетіп дамытудағы үлесі 
мол.
Үлы отан соғысы жылдары үжым үшін ең бір ауыр, сындарлы 
кезең болды. Институтта оқыту мерзімі қысқартылып, үш жылдыққа 
көшірілді. Сабактар 8-ден 23 сағатқа дейін жүргізілді. Көптеген оқу 
корпустары мен жатақханалар әскери қажеттіліктерге босатылып 
берілгендіктен, аудиториялар мен бөлмелер жетіспеді. Қыста отын 
болмай, сабақгар суық аудиторияларда өткізілді, көптеген студентгер 
әскери зауыттарда күндіз-түні жүмыс істеп, ұйқы-күлкіні үмытты, 
ашқүрсақ жүрді. Соғыс уақытындағы осындай қиыншылықтарға 
қарамастан студенттер білім алуда белсене жэне табандылықпен 
еңбектенді. Жақсы оқу әркімнің патриоттық борышы болып санапды.
Соғыс қарсаңында оқытушылар В.Е.Турумов, А.А.Аветякин, С. 
Қожахметов жэне т.б. қызыл армия қатарына шақырылды. 
Педагогтер 
В.В. 
Синкжин, 
Д.М.Загодский, 
АА.Савченко, 
А.И.Кузнецов, 
И.Г.Рыбин, 
Х.М. 
Әділгереев, 
СААманжолов, 
М.Д.Исаев, А.Тоқмағамбетов, В.М.Зимин, В.Ф.Боярчук, Т.П.Топчий,
А.Закарин, ШАхметов, И.М.Шаукенов, Д.И.Ларин, П.В.Симонов,
34


К.Игенов, П.А.Исаков, ДЛетвериков, К.Мұсағалиев т.б. отан 
қорғауға алғашқылардың бірі болып аттанды. Сотые басталысымен-
ақ елу жеті студент манданта аттанды.
Соғыстың алғашқы жылдарында оқытушылар саны күрт азайып 
кеткендіктен, КСРО - ның эртүрлі қаласынан Алматыга қоныс 
аудартан көрнекті талымдар педатотнкалық қызметке тартылды. 
Олардың қатарында академикгер И.И.Мещанинов, В.И.Чернышев, 
Ф.Г.Фисенко, КСРО тылым академнясының корреспонденг-мүшесі
Н.Н.Баранский, профессорлар А.А. Глаголев, П.М.Рубинштейн, 
И.А.Палунск, Н.Ф.Бельчиков, Н.Ф. Черномордник, Р.А.Фридман, 
Д.И.Макеев, Г.А.Какнев, т.б. бар болатьш.
Үлы отан соғысы жылдарында жауынгерлік және еңбектегі 
ерлігі үшін ҚазПИ-дің көптеген оқытушылары, қызметкерлері мен 
студенттері 
орден және медальдармен марапатталды. Мәлік 
Габдуллин, 
Лесбек Жолдасов, 
Қанаш 
Қамзнн, 
Қүдайберген 
Сұраганов, Рақымжан Тоқатаев, Ахмедияр Хұсайынов, Сэду Шәкәрім 
Отанымыздың жоғары наградасы Кеңес Одаганьщ Батыры атағына ие 
болды. Согысган кейінгі жылдары мектептерде маман мұгалім 
кадрларына деген қажеттілік күрт өсті, сондықтан студенттер 
қабылдау, әсіресе сырттай оқуга қабылдау саны артты. Егер 1946 
жылы күндізгі бөлімнің бірінші курсына 362 студент қабылданса, сол 
жылы инситутты 
сыртгай 60 адам гана бітірді. Ал 1956 жылы 
күндізгі бөлімге 567 студент оқуға түссе, сыртай оқуды 594 адам 
тәмамдады.
ҚазПИ өзінің 50 жылдық мерейтойын лайықты табыстармен 
қарсы алды. Бүл кезде иниститутгың 39 кафедрасында 400 оқытушы, 
оның ішінде 16 гылым докторы мен профессорлар, 200 гылым 
кандидаты, доценттер жұмыс істеді. Бүлардың арасында КСРО 
Педагогика гылым академиясының екі корреспондент-мүшесі, 
Қазақстан Гылым академиясының үш корреспондент-мүшесі, еңбек 
сіңірген төрт гылым қайраткері, Қазақстан жогары мектебінің үш 
еңбек сіңірген қайраткері бар болатын.
Университет түлектері, республиканың гылым мен мәдениетінің 
көрнекті өкілдері С. Аманжолов, X. Бекхожин, Ғ.Қайырбеков, 
М.Қаратаев, А. Ысқақов, А.Қалыбаева (Хасенова), С.Қасқабасов,
А.Нүсіпбекова, Г. Омарбекова, Г.Садуақасова, Ж.Саин, Ш.Сэтбаева, 
Р.Сыздықова, Ә. Тэжібаев, т.б. есімдерін мактанышпен атауга
болады.
35


ҚазПИ-дің қабырғасында білім алган түлектердің ішінде 
еліміздің ғылым, білім және мәдениет салаларын дамытуға зор үлес 
қосқан М.Әбдіхалықов, Т.Тәжібаев, А.Закарин, К.Айманов, А. 
Сембаев, Н. Жанділдин, Б.Бөлтірікова, Д. Бейсенов, Ә.Шәріпов, 
Е.Мәмбетқазиев, Ө.Жәнібеков, М.Ахметова, А.Тұмарбеков тәрізді 
көрнекті мемлекет жэне қоғам қайраткерлері де аз емес.
90-жылдардың басында елімізде болып өткен жаңа әлеуметтік- 
эконом икал ық және саяси процестерге байланысты Абай атындағы 
ҚазПИ-дің тарихында да жаңа кезең басталды. Қогамның әлеуметтік 
құрылымының өзгеруі, нарықтық қатынастарға көшу жоғары білім 
беру және жаңа кадрлар даярлауды ұйымдастыру ісіне өзгеше 
талаптар жүктеді. Мамандар даярлаудьщ отандық жүйесінде білім 
берудің халықаралық стандарттарына жақындатылган жаңа үлгілері 
іздестіріліп, жүзеге асырыла бастады. Қазақстан Республикасы 
Министрлер Кабинетінің ҚазПИ-ді 
Абай 
атындағы 
Алматы 
мемлекеттік университеті етіп қайта қүру жөніндегі 1992 жылғы 24 
қарашадагы шешімі осыған байланысты қабылданған болатын.
Соңғы жылдары университет өмірінде көп өзгерістер болды, 
факультеттер саны көбейді. Оқыту процесі де күрт өзгерістерге 
ұшырады. Үздіксіз білім беруге көшу және оны жетілдіру Алматы 
мемлекеттік университетінде мамандар даярлау үрдісін халықаралық 
стандарттарға жақындата түседі. Мұнда оқыту ісіндегі бәсекелестік, 
ғылым мен практиканың өзара үздіксіз байланысы, ең озық
ақпараттық және есептеу техникасын пайдалану маңызды міндетгер 
болып саналады.
Бүгінде университетте оқу процесін жетілдіруде көптеген істер
тындырылуда: іргелі ғылымдар бойынша білім беру және алған
білімін шығармашылықпен паидалана білуге дайындау тереңдетіліп,
мамандар қажетті мекемелер мен университет арасындағы өзара
байланыс кеңейтілуде. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы 
енгізіліп, қашықтан оқыту дамытылып отыр.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, бүгінгі Абай 
атындағы үлттық педагогикалық университетінде ғылыми-зерттеу 
жұмыстары мен оқыту процесі эрқашанда біртұтас байланыста 
жүргізіліп 
келеді. 
Ғылыми жұмыс 
болашақ 
мамандар 
мен 
оқытушылардың 
шығармашылық 
күш-қуатының 
қайнар 
көзі. 
Университетте көкейкесті ғылыми проблемалармен, педагогикалық 
жоғары оқу орындары және мектептерге арнапған оқулықтар, оқу 
құралдарын дайындаумен жемісті түрде айналысатын үлкен ғылыми
36


күш шоғырланған. Тек гылым, өндіріс, эксперименттік білім беру 
салалары арасында тығыз байланыс қана оку процесінің жэне 
болашақ 
мамандардың 
практикалық 
дайындығының 
жоғары 
сапалылығын қамтамасыз ете алады. Сондықтан университет үжымы 
оқу 
процесін 
академиялық 
гылымның 
соны 
жетістіктеріне 
орайластыра құруға тырысады.
Университеттің алдағы міндеттері отандық жоғары мектептің 
болымды нэтижелерін сақтай жэне көбейте отырып, білім берудің 
әлемдік стандарттарын біртіндеп тэжірибеге енгізіп, жетілдіруге
саяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет