341
Медициналық және фармацевтикалық тауарларды тауарлық талдаудың
сатылары:
1-
ші кезеңде
тауарлардың жіктеу тобы мен кіші тобы анықталады (тауарлардың
мақсаты, тұтынушылық қасиеттері, өндіріс әдісі, сыртқы түрінің ерекшеліктері және
т.б. туралы мәліметтер негізінде).
2-
ші кезеңде
тауарлардың кодтары, соның ішінде ОКП
-
ның жіктеу бөлігі бойынша
цифрлық кодтар және ыдыстағы немесе қаптамадағы штрих кодтар анықталады
және декодталады (олар болған кезде).
3-
ші кезеңде
тауардың түрі және оның атауы анықталады. Дәрілік препараттар үшін
фармакотерапиялық топ, құрамы, дәрілік нысаны белгіленеді.
4-
ші кезеңде
тауардың технологиялық сипаттамаларын анықтау керек.
5-
кезең
нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес тауарды қабылдауды
көздейді.
6-
кезең
қаптаманы бағалауды қамтиды. Қаптамалардың сапасы
-
қаптамалардың
қорғаныш, тұтынушылық және эстетикалық қасиеттері сыртқы тексеру арқылы
бағаланады. Құралдар мен кейбір құрылғылар үшін тауарларда консервілеу
майының болуын, парафинделген немесе ингибиторлық қағаздың болуын тексеру
қажет
.
7-
кезең
тауарларды таңбалауға талдау жүргізуді көздейді. Талдау барысында
тауарларда таңбалаудың болуы белгіленеді, оның толық жазылуы жүргізіледі, оның
нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігі бағаланады.
8-
ші кезеңде
тауарларды сақтау және тасымалдау шарттарының сәйкестігі
бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: