Формалау тәсілдері.
Металл және пластмассадан ыстық әдіспен
формалау (құю,штамдау, престеу) негізінде формаларда жүргізіледі.
(топырақтың немесе металлдың жапырақты формасы,штамп, пресс
-
форма).
Формадан материалды бөліп алған соң, бұйымда кетіктер пайда болады.
Материалдың ақауларын механикалық жолмен
-
арамен өңдеу арқылы,
металл
кескіш станоктарда өңдеу арқылы
алып тастайды.
Осы жолмен бөлшектерді
балқытып қосу немесе дәнекерлеу негізінде пайда болған қосындыларды
алып
тастайды.
Бұйым
бөліктерін
байланыстыруда
қолданылатын
байланыстырғыш деталдар (бұрандалар, гайкалар т.б.) көбінесе металл кескіш
автомат –
станоктарында дайындалады. Осы әдіспен айналу дене формасы бар
көптеген бұйымдарда дайындалады.
Өңдеу
дәлдігі құюмен қысым астында және кесумен суық өңдеуде
жүзеге асырылады.
Беткі қабатты өңдеу.
Көптеген медициналық бұйымдар беттік
қабаттың жоғарғы дәрежедегі тазалығын талап етеді. Бұл бұйымның тек қана
сәнді сыртқы түрін беру мен ғана емес, сонымен бірге оның эксплуатациялық
сапасының жоғарылығын қамтамасыз етумен түсіндіріледі. Нашар өңделген
аспаптар тез коррозияға ұшырайды және жұмыс қалпынан шығады. Бұл
үрдістер
дезинфекциялық өңдеуден және залалсыздандырудан өткенде
төмендейді.
Медицина техника өндірісінде қолданылатын беттік қаббаты
өңдеу әдістерін екі топқа бөледі: механикалық өңдеу әдістері және
электрохимиялық өңдеу әдістері.
Беттік қабатты механикалық өңдеу әдістерін негізгілері шлифтеу және
полимерлеу.
Оларды абразивті материалдар көмегімен жүзеге асырылады.
Шлифтеу үшін дөңгелектер қолданылады, олар абразив дәндерінен
дайындалады. Медициналық өндіріс зауыттарында ағаштан жасалған
дөңгелектер қолданылады. Осындай дөңгелектермен өңдеу жүргізілгенде
«металлдық күюі» болмайды.
Полимерлеу үшін эластикалық негізі бар (войлок, фетр) дөңгелектер
көмегімен жүзеге асырылады
.
Электрохимиялық өңдеу әдісі медициналық бұйымдар өндірісінде,
әсіресе тотықпайтын болаттан жасалған медициналық аспаптардың
өндірісінде кеңінен қолданылады. Нәтижесінде электрохимиялық өңдеумен
матирленген және жылтыр беттік қабат алуға болады.Бұл өңдеу түрін
металлдың қаптауы жүргізер алдында, сонымен қатар бұйымдарды өңдеудің
76
соңғы үрдісі ретінде қолданады. Электрлі шлифтеу және электрлі полимерлеу
металлдардың анодты еруіне байланысты негізделген. Бұйымды арнайы
құралды электролиті бар ваннаға салады және үздіксіз оң полюсті көзі бар
электр тогына қосылады.
Бұйым бетінен ток өткен кезде және бірінші кезекте тегіссіздік
шыңдарынан металл бөлшектері кетеді. Осылайша беткі қабаттың
тегіссіздіктері тегістеледі.
Бөлшектерді
қосу әдістері.
Дәнекерлеу –
металлдық бөлшектердің
арасына балқыған
металлды енгізу көмегімен қосу үрдісі
болып
табылады.Дәнекерлеу жұмсақ ( оңай балқитын) және қатты (қиын балқитын)
балқымалармен іске асады.
Екі
әдістің
біреуінің
қолданылуы
қосылыстардың сапасына қойылатын талаптарға байланысты болады. Егер
қосылыстан жоғары беріктілік талап етілмес, бірақ герметикалық тігіс керек
болса, жұмсақ балқыма қолданылады.
Егерде берік және герметикалық қосылыс алу керек болса, қатты
балқымалар қолданылады.
Жұмсақ балқымалар әр түрлі өлшемді пропорциядағы қалайыдан және
қорғасыннан
тұрады; олардың балқу температурасы 220º
-
250º С.Кейде
беріктікті жоғарылату үшін балқымаға аз мөлшерде сурьма қосылады.Қатты
балқымалар негізінен мыстан және мырыштан тұрады; балқу нүктесі 500ºС –
тан жоғары. Сонымен бірге құрамында 10
-
99,9% күмісі
бар, күміс
балқымалары қолданылады, олар жоғары механикалық қасиеттермен
сипатталады. Берік қосылыс алу үшін қосылатын беттік қабаттарды алдын ала
тазалайды және флюспен қаптайды.
Жұмсақ балқымалармен дәнекерлегенде флюс ретінде канифоль және
стеарин қолданылады, ал қатты балқымада –
бура (тетрабор қышқылының
натрий тұзы) қолданылады. Флюстерді ұнтақ немесе паста түрінде
қолданылады
.
Егер дәнекердің орны гальваникалық қабатпен қапталу керек болса ,
көбінесе қатты балқыма қолданылады, себебі: гальваникалық қабат жұмсақ
балқыма компоненттерімен нашар байналысады.Балқытып құю –
металлдық
бөліктердің бір бүтінге қосылу үрдісі, мұнда қосылған жер; пластикалық
немесе балқыған күйге өтеді.
Медициналық бұйымдардың
сапасы
көбінесе
олар
жасалған
материалдардың қасиеттерімен анықталады. Бұйымның күрделілік дәрежесіне
байланысты өндіріс үрдісінде медициналық тәжірибеде пайдалануға рұқсат
етілген медициналық және биологиялық материалдардың бірі немесе барлық
ассортименті қолданылады. Медициналық құрал
-
аспаптарда металлдармен
қатар шыны, керамика, резеңке, полимер металлдарды қолданады.
Медициналық материалдарға түріне және шығуына қарамастан келесі
талаптар қойылады:
• тіндер мен ағза
орталарына қатысты биологиялық инерттілік және уыттылық
емес;
• асептикалық және стерильдік өңдеуге тұрақтылық;
• тотығуға тұрақтылық.
77
Металлдар
—
жай заттар, қарапайым жағдайда өзіне тән қасиеттерге
ие: жоғары электр және жылу өткізгіштік, электр өткізгіштің теріс
температуралық коэффициенті, электромагнитті толқынды жақсы шағылту
қасиеті, иімділік. Қатты күйінде металлдардың кристалдық құрылысы бар.
Сурет 20
.
Металлдардың жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: |