Иммануил Кант (нем. Immanuel Kant; 22 сәуір 1724 жыл – 12 ақпан 1804 жыл) — XVIII ғасырда Пруссия патшалығының Кенигсберг қаласында тұрған неміс философ. Ол қазіргі заман Еуропасының



Pdf көрінісі
Дата08.10.2024
өлшемі5,56 Mb.
#147166
Байланысты:
Beauty Wellness 20241007 170009 0000



Опабек. Г
Иммануил
Кант


Иммануил Кант (нем. Immanuel Kant; 22 сәуір 1724
жыл – 12 ақпан 1804 жыл) — XVIII ғасырда Пруссия
патшалығының Кенигсберг қаласында тұрған
неміс философ. Ол қазіргі заман Еуропасының
және Ағарту дәуірінің аса ықпалды
ойшылдарының бірі болып, әсіресе адам танымы
философиясында ежелгі Грек ойшылы
Аристотельден кейінгі ең ықпалды тұлға
есептеледі.


Table of content
Бағыты
Кезең
Негізгі
қызығушылығы
Ықпал
еткендер
Неміс идеализмі
(неміс классикалық
философиясы
XVIII ғасыр
философиясы
Эпистемология,
Этика,
Метафизика
Платон, Готфрид
Вильгельм
Лейбниц, Христиан
фон Вольф,
Иоганнес Николаус
Тетенс, Рене
Декарт,


Канттың
философиядағы таным
мәселесі
Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті.
Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын
анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара
әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным
теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір
абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса
солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда
субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант
және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы
дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша,
белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп
есептелді. Адам санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің
әсерін қабылдаушы ғана. 


Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде
«объектің») әсерімен адам ол жөнінде
мағлұматтар ала алады. Объектпен
қарым-қатынас жасап, объект субъектіге
әсер еткенше адам санасында ешқандай
мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант осы
түсінікті қатал сынады. Оның ойынша.
объект субъектіге тәуелді: объекті
анықтайтын, объект ретінде
қарастыратын субъект. Субъект болмаса
объект жоқ.


Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс
философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді
әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің
белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп,
Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні
тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған
объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш
рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы
адамның іс - әрекетімен байланыстырып,
танымның негізі практика болып табылатынын
болжап білді.


Кант «таным субъекті» және
«таным объекті» деген
ұғымдарды жаңаша қарастырды.
Таным субъекті - өзімен өзі өмір
сүретін, дара адам, аралдағы
Робинзон емес; Ол - басқа
адамдармен әр алуан қарым-
қатынаста болатын, әлеуметтік
ортада тәрбиеленіп жетілген
қоғам өкілі; таным субъекті —
бүкіл қоғам. Субъект бүкіл
адамзат игілігіне — мәдениетіне,
ғылымына, біліміне, техникасына
арқа сүйеді


Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға
тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным
объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл - бүкіл
объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-
қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние - шексіз.
Таным объекті сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі
(фрагменті) ғана. Сондықтан философиядағы дәстүрлі
мәселе: «дүние таныла ма?» деген мәселе - абстракты
қойылған мәселе. Ол жөніндегі әдеттегі түсінікте: «дүние
танылады» деген тұжырым - абстракты. Дәұрысында -
«дүние таныла ма?» - деген сұраққа: - «Жок, танылмайды»
- деп жауап беру орынды. Әрине, Кант-ғалым дүниенің
танылатынына күмән келтірмейді, бірақ дүние шексіз
болғандықтан, ол ешкашан да бұратала танылмайды. 


Әрине, Кант-ғалым дүниенің танылатынына күмән
келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан, ол
ешкашан да бұратала танылмайды. Канттың
кезінде де, одан кейінде де Кантты «агностик» деп
айыптау Канттын ұстанымын түсінбеуден туған.
Кант таным процесіне нақты, тарихи тұрғыдан
карауды талап етеді. Формальды тұрғыдан «дүние
танылмайды» деген пікір агностицизмді білдіреді.
Бірақ Канттың пікірі таным процесінін
күрделілігін, дүниенің шексіздігін, ал субъект пен
объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін
түсінуден туған


Thank You


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет