Редакциялау күні
31.10.2018
Сақтау күні
15.01.2019
Дата редакции
31.10.2018
Дата скачивания
15.01.2019
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
1) Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі
заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында
білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет
негіздерін игеруі;
2) студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау
және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
3) ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және
шығармашылық әлеует қалыптастыру.
6. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу
нәтижелеріне ие болады:
1) философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың
негізгі мазмұнын сипаттау;
2) нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;
3) дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық
зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
4) дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;
5) мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен
мазмұнына түсініктеме жасау;
6) негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі
әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;
7) медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жекетұлғалық жағдайлардың
философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін
талдау жасау;
8) қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами
ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу;
9) кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін
өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: