Рабғузи қиссаларының жиналу тарихы мен зерттелу мəселесі
XIII-XIV ғасырларға жатады. Бұл қиссаларды Наср əд-Дин Рабғузи 1310
жылы жазған
1
. Рабғузи өзінің “Қисас-ул əнбия” немесе “Қисаси Рабғузи”
атты еңбегін Насреддин Тоқбұға бектің құрметіне арнап жазған.
Жиналу тарихы
Рабғузи қиссаларының жиналу тарихы бірнеше кезеңнен тұрады:
1.
Жазылу кезеңі
o Наср əд-Дин Рабғузи бұл қиссаларды 1310 жылы жазып шықты.
Ол өз еңбегінде табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың
пайда болуы жайындағы мифологиялық əңгімелерді, халифтар
мен пайғамбарлар туралы аңыз-қиссаларды, ертегілер мен
өлеңдерді жинақтады
1
.
2.
Таралу кезеңі
o Рабғузи қиссалары түркі тілінде жазылғандықтан, олар түркі
халықтары арасында кеңінен таралды. Бұл қиссалар қазақ
халқының рухани мұрасына айналды жəне ауыз əдебиеті арқылы
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілді
3
.
3.
Зерттелу кезеңі
o XX ғасырда Рабғузи қиссаларын зерттеу жұмыстары басталды.
Қазақ оқырмандарын алғашқылардың бірі болып Рабғузидің
қиссаларымен таныстырған Н.Сағындықов аудармасы болды
3
.
Сонымен қатар, Алма Қыраубаева “Ежелгі дəуір əдебиетінде”
Рабғузи қиссаларының мазмұны мен маңызын атап көрсеткен
3
.
Тарихымыздан белгілі, 1220 жылы Шыңғысхан əскерлерінің басып кіруіне
байланысты Хорезм мемлекеті ыдырап, ол Жошы ұлысының құрамына,
кейіннен Алтын орда хандығына кірді [2, 173 б.]. Шірік-Рабат (бұрынғы
Рабат қаласы) қаласының қазіргі орны Қызылорда қаласынан оңтүстікке
қарай 300 шақырым жерде (Өзбекстанмен шекаралас) Қызылқұм шөлінде
жатыр.
Н.Рабғузи – жасынан арабша тəрбие алып, дін жолында қызмет жасап, қази
болған кісі. Ол Адам ата, Хауа ана, пайғамбар-əулиелер туралы бұрын-соңды
айтылып-жазылып келген аңыздарды жинап, парсы, араб діндарларының
жазғандарын қайта өңдеп, осылардың негізінде «Хисаси Рабғузи» немесе
«Қисас-ул əнбия» кітабын жазып қалдырған. Бірақ оның түпнұсқасы бізге
жетпеген. Парсы тілінен түркі тіліне аударылған бұл қолжазбаның бірнеше
көшірмелері бар. Оның XV ғасырға жататын бір нұсқасы Лондондағы
Британия музейінде, XVI ғасырлық бір көшірмесі Ленинградтағы СССР
Ғылым Академиясының шығыс фондысында сақталған. Лондондық
нұсқасын К. Гренбек 1948 жылы Копенгагенде бастырып шығарған. 1859
жылы белгілі түркітанушы Н.И. Ильминский императорлық Қазан
университетінің баспаханасынан кітаптың толық мəтінін бастырып шығара
отырып, көпшілікті əдеби мұраның мазмұнымен таныстыруды мақсат еткен.
Кейбір мəліметтерге қарағанда Н.И.Ильминский екі түрлі қолжазбаны негізге
алған болуы керек. Бұл жөнінде П.М. Мелиоранский былай дейді: «Шамасы
Н.И.Ильминский кейін Азия музейінде сақталған №336 қолжазбаны
пайдаланған тəрізді жəне ол императорлық көпшілік кітапханасындағы Дорн
каталогында тіркелген №7 қолжазбасымен де таныс болуы керек».
Түркітанушы ғалымдар «Рабғузи хиссаларының» көне нұсқаларын іздестірді.
1883 жылы Лондонға барған сапарында П.М. Мелиоранский Британия
музейіндегі ең көне, толық қолжазбаны қарап шығып, одан көшіріп алған
кейбір үзінділерін 1897 жылы жариялаған еді. Сонымен бірге Ленинград
университетінің кітапханасындағы қолжазбалардың ішінен бұрын
жарияланып үлгермеген, Лондон нұсқасының бірнеше үзіндісін С. Е. Малов
тауып, оны жарыққа шығарады.
Содан кейін Н.И.Ильминский жəне С.Е.Малов баспасөз бетінде берілген
шығарманың үзінділерін 1951 жылы жоғары оқу орындарының студенттеріне
арнап шығарған «Көне түркі жазба ескерткіштері» деген кітабына да енгізді.
Бұл зерттеушілердің барлығын да «Рабғузи хиссаларының» əлемдік, рухани –
мəдениет пен əдебиет тарихындағы орнын айқындауға үлес қосқан айрықша
зерттеулер деп бағалауға болады. Осы сала бойынша Өзбек ғалымдары да
оның хиуалық бір нұсқасын тауып, оны XV-XVI ғғ. аралығына жатқызады.
Ол нұсқа Өзбек Ғылым академиясы институтында сақталған. Жоғарыда
айтқанымыздай, «Рабғузи қиссалары» бірінші рет Қазанда 1859 жылы
Н.И.Ильминскийдің бастыруымен жарық көрген. Қиссаның бір нұсқасын
1859 жылы Рахматулла Əмірханұлы бастырып шығарған. Одан кейін де 1873,
1897, 1899, 1914 жылдары басылып шыққаны белгілі. Қазақ елі хиссаның осы
Қазан баспасы шығарған нұсқасымен жақсы таныс болғанға ұқсайды. Бұл
əдеби мұра қазақ əдебиеттану ғылымында алғаш рет 1967 жылы профессор
Б.Кенжебаевтың басшылығымен филология факультеттерінің студенттеріне
арналған «Ертедегі əдебиет нұсқалары» атты хрестоматияға енді. Ұсынылып
отырған кітаптағы үзінділер «Рабғузи хиссаларының» 1914 жылғы Қазан
баспасынан алынып жарияланған болатын. Профессор Ғ.Айдаров,
Ə.Құрышжанов, М.Томановтың филология факультеттеріне арналған «Көне
түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1971) оқулығында əдеби мұраның жазылу
тарихы мен əр түрлі көшірмелері жайында бірқатар мəліметтер берілген.
«Рабғузи қиссалары» туралы бұрынғы жəне кейінгі жазылған арнайы
зерттеулерде бұл еңбек лингвистикалық тұрғыдан біршама
талданғанымен,əдеби сипаты жөнінде тек шолу ретінде ғана айтылғаны
болмаса, арнайы зерттелмеген. Бірақ осы ретте профессор Б.Кенжебаевтың
арнайы жазған мақаласының танымдық мəні зор болғандығын айта кету
керек.Онда ғалым əдеби мұраның 1914 жылғы Қазан баспасынан шыққан
нұсқасы бойынша шығарманың сюжетін, құрылысын, басты ерекшеліктерін,
кейбір жеке əңгімелерін талдай отырып, көптеген мысалдар келтіреді. Осы
кезге дейін «діни шығарма» ретінде бағаланып келген бұл əдеби мұраны
керексіз дүние санап жүрген кейбір сыңаржақ көзқарастарға қарсы нақты
дəлелдер айтады. «Шаһнаманы» қазақша жырлаған Т.Ізтілеуов те Н.Рабғузи
əңгімелерінің кейбір сюжеттерін өлеңге айналдырып, тəлім-тəрбиелік мəні
зор əдеби мұра қалдырғанына көзіміз жетіп отыр. Соның ішінде шайырдың
ерекше көңіл аударғаны Лұқман хəкімнің əңгімелері. Рабғузи хикаяттарының
біреуін (6-хикаят) жырау Р.Мəзғожаев 1946 жылы Сыр бойындағы халық
аузынан жазып алып, оны Ғылым Академиясына тапсырған. «Рабғузи
қиссаларының» тематикасы, идеялық бағыт-бағдары негізінен діни сипатта
болғанымен, ондағы жекелеген əңгімелер мен оқиғалар көркем əдебиеттің
дамуына игі ықпал етті. Біздің осы тарихи жəдігерге, сан ғасырлардан асып
жеткен рухани – əдеби мұраға «өзінен бұрынғы озық ой-пікірлерге қосқан
жаңалығы, сол тұстағы əдебиетті дамытуға азды-көпті үлесі қандай болды?»
деп қарауымыз орынды. «Рабғузи қиссаларының» негізі шығыстық (Вавилон)
араб, парсы арасында туып, қалыптасқан. Кейін біздің жерімізге бірден-бірге
ауысып, келіп жеткен сюжеттерден алынған аударма, əрі назиралық шығарма
болып табылады. «Қиссалардағы» кейбір қалыптасқан сюжеттердің генезисі,
дүниенің жаралуы, жерді «топан су қаптау» туралы аңызы жəне басқалары
Вавилон мифологиясынан алынғандығы дəлелденіп отыр. Лондондағы
Британия музейінің қызметкері, археолог Джордж Смит сына жазбаларының
арасынан б.д.д. I мыңжылдықта жазылған «Энума Элиш» атты бір поэманы
тауып, оны оқып шыққан. Сонда көктің, жердің, дүниенің алты күнде
жаралуы, адамды да алтыншы күнде жаратуы, тағы да басқалары кейінгі діни
кітаптардағы («Тəурат», «Інжіл», «Құран Кəрім») қалыптасқан сюжеттерге
сəйкес келеді. Рабғузи кітабында көне Вавилон мифологиясымен тамырласып
жатқан көптеген қалыпты сюжеттер бар: дүниенің жаралуы, жерді топан су
қаптауы, Адам ата, Хауа ана, т.б.. Шумер тілінде «нин» – əйел, «ти» –
қабырға сөзінің мағынасын білдіреді екен. Хауа анамыздың Құдайдың
құдіретімен Адам атаның қабырғасынан жаралғаны туралы аңызды ескерсек,
ақиқат шындыққа бір табан жақындағандай боламыз. Сол сияқты
Ə.Əріпбайұлы да Н.Рабғузидің «Қисас-ул əнбиясының» үш жерде (Ташкент,
1904ж., Қазан, 1904ж., Қашқар ұйғыр баспасында, 1908 ж.) басылып
шыққанын айтқан жəне сол үш баспадан шыққан кітапты салыстыра отырып
жазған. Сонымен, Ə.Əріпбайұлының, Н.Рабғузидің «Қисас-ул əнбиясы»
негізінде жазылған (1991 ж.) қолжазбасына сүйене отырып редакциялап, оны
сол кездегі Қызылорда əкімі Мұхтар Құл-Мұхамедтің қолдауымен Сырдария
кітапқанасынан («Фолиант» баспасы, Астана-2008) басылып шығуына
ұсындым. «Болашақ» университетінің Ғылыми – əдістемелік кеңесінің
шешімімен «Болашақ» университетінің баспақанасынан шығарылып,
филология факультеттерінің студенттеріне арналған «Ежелгі дəуір əдебиеті»
курсына қосымша оқу құралы ретінде оқытуға ұсынылды. Адам атадан
бастап, пайғамбарлардың сəруары атанған Хазіреті Мұхаммед с.ғ.с.-ға дейінгі
аралықтағы көптеген пайғамбарлардың өз қауымы мен жұрты үшін атқарған
игі істері жүйелі түрде тарқатылып, əсерлі баяндалып отырады.Шығармадағы
əрбір хикая – əдеби көркем туынды. Оны оқи отырып, көкірек көзіңді ашар
парасат айдынына кезіккендей боласың. Жай оқымайсың, зерделей түсіп,
жоғалтқаныңды тапқандай боласың. Əсілі, фəни өмірдегі адам баласының
асылындай бағалар, жалғанның жылтырағына алданып жүріп жоғалтар
нəрсесі біреу-ақ. Ол – өзі, өзінің адамдық қалпы мен имани шындығы. Сол
жоғалтқаныңызды тапқанда қандай сезімде болуыңыз мүмкін? Міне, сол
асылды тапқандай болып отырған жайымыз бар. Халқымыздың сан
ғасырлардан мұқалмай жеткен рухани інжу-маржаны – қолыңыздағы
«Қисас-ул əнбия» секілді жəдігер ұрпақтан-ұрпаққа ауыса отырып, рухани
дүниеміздің кем-кетігін бүтіндеп, ақыл-ой парасатының шырқау шыңына
бастай берсін!
Достарыңызбен бөлісу: |