Кудайбергенова кунимжан тыныштыкбековна



Pdf көрінісі
бет52/71
Дата13.10.2024
өлшемі4,13 Mb.
#147906
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
Байланысты:
kudaibergenova kt zhogary oku oryndarynda syr suleileri shyg

 
 
 


159 
Пәннің мақсаты мен міндеттері 
Мақсаты: 
Халқымыздың рухани мұрасы – Сыр бойы ақын-жыраулары əдеби 
мұрасының қазақ əдебиеті тарихында өзіндік шығармашылық мектеп дəстүрін 
қалыптастырып, əдебиет пен ұлттық мəдениет тарихынан айрықша орын алатындығы туралы 
түсінік беру.
«Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті оқыту» пəні –
ұлттық мəдениеттің дамуына өзіндік үлес қосып, оқытудың əлемдік білім тəжірибелерімен 
сабақтаса, үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады. Студенттер «Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті оқыту» арнаулы курсын оқу барысында 
қазақ тілі мен əдебиеті мұғаліміне тəн іскерліктерді қалыптастырады. 
Міндеттері:
Сыр сүлейлерінің бай əдеби мұрасын студенттерге терең, жан-жақты 
меңгеруге, жаңаша əдістемелік технологиялық бағдарламалар жүйесімен сəйкестендірудің 
күрделі міндеттері көзделеді: 
 
-
Сыр сүлейлерінің шығармашылығы туралы, оның бағыттары, өзгешелігі, жаңалығы 
мен жетістігі, ерекшеліктері мен ұқсас тұстары туралы кеңінен мəлімет алады; 
 
- көркем туындылар туралы, ақын-жыраулар шығармашылығы туралы жан-жақты 
баға беруге, талдау жасауға үйренеді; 
- мəселеге қатысты зерттеулермен, пікірлермен танысуы студенттердің үздіксіз өзін-
өзі жетілдіруге деген талпынысын туғызады; 
- Сыр сүлейлерінің шығармашылығын зерттеуге үйренеді, теориялық білімді 
практикада қолдана білуге, мəтінді талдауға қатысты еңбектермен жүйелі танысып, 
салыстыра зерттеуге дағдыланады. 
-
Студенттер əдебиет атты əсемдік əлемінің қыр-сырымен жүйелі танысып, Сыр 
сүлейлерінің шығармашылығын толық игеру; 
-
Қазақ əдебиеті тарихында өзіндік орны бар Сыр сүлейлері атанған бірнеше ақын-
жыраулар, жыршы, термешілердің шығармаларына жаңаша көзқараспен жан-жақты баға 
беру;
-
Сыр сүлейлерінің шығармаларын жанрлық, тақырыптық ерекшеліктеріне қарай 
сараптап түсіндіру; əдебиеттану заңдылықтары бойынша қарастыруға дағдыландыру, 
-
Сыр сүлейлерінің мұрасының игерілуі, жариялануы жөнінде тың деректер беру; 
Пəннің мазмұнында дəстүрлі жыраулық поэзияның жəне ақындық поэзияның табиғи 
сабақтастығы, көркемдік-стильдік жалғастық мəселелері ғылыми-теориялық тұрғыда 
түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет