1 А – Салтанат! Мен Бақбергенмін ғой. Сәлемет пе? Мен саған және Айнұрға билетке
тапсырыс беріп қойдым. Барасыңдар ма?
– Жоқ ә. Фантастика.
– Тамаша. Онда не болып жатыр?
– Қуана барамын. Қайда? Қашан?
– Онда театрдың алдында, сағат жеті жарымда.
– Меніңше, триллер.
Кино – ХХ ғасырдың ғажайыбы
Өнердің ең танымал түрі – кино. Оны оныншы
муза өнері деп атайды. Фильм түсіру үшін 200-
ден астам мамандық керек: жазушы-сценаристер,
қоюшы режиссерлер, операторлар, суретшілер,
гримерлер, актерлер және көптеген тағы басқалар.
Барлық шығармашылық кино түсіру процестері
киностудияда өтеді. Жалпы қазақ киностудиясы да
көптеген фильм түсірді. Қазақ киносы тарихының
беттері осы киностудияда жазылды.
Қазақ киносында «Амангелдіден» кейін қазақ
халқының тағдыры мен болмысын бейнелейтін талай
туындылар дүниеге келді. Олардың арасында «Менің
атым Қожа», «Тақиялы періште», «Девушка-джигит»
және тағы басқалары бар. Қазақ киностудиясы
алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм
шығарды. Экранға қазақ халқының өткен өмірін көрсететін «Абай әні» (1946), «Шоқан Уәлиханов»
(1957), «Қыз Жібек» (1972), «Сұлтан Бейбарыс» (1989), «Отырардың күйреуі» (1992), «Махаббат
бекеті» (1993), «Жамбылдың жастық шағы» (1996), т.б. картиналар шықты. Балаларға арналған
«Қанатты сыйлық» (1956), «Менің атым Қожа» (1963), «Қызыл тас заставасы маңында» (1969),
«Көксерек» (1973), «Алпамыс мектепке барады» (1976), «Балалық шақтың кермек дәмі» (1983),
«Сүйрік» (1984), «Ауылым Алатаудың баурайында» (1985) т.б. сияқты фильмдер көрермендерге
жол тартты.
164
26. Соңғы көрген фильміңіз қандай? танысыңыздан осы фильмді көрген / көрмегенін сұраңыз. Фильм ұнады ма /ұнамады ма? Неге? Әңгімелеңіз. Осы фильмді көруге кеңес бересіз