Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова


а) Шахматшы қыз туралы оқиық



Pdf көрінісі
бет50/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

а) Шахматшы қыз туралы оқиық. 
– 
Патшалар ойыны әлеміне кездейсоқ келмеген шығарсың. Осы уақытқа дейін қандай 
белестерді бағындырып үлгердің? 
– Шахматқа 4 жасымнан бастап қызықтым. Өйткені алдымдағы ағам мен әпкем осы ойынды 
ойнайтын. Мүмкіндіктерімді дер кезінде аңғарған анам мені шахмат мектебіне алып барды. 
Ұстаздарымның үйреткендерін зердеме тез сіңірген болуым керек, 7 жасымда 1-ші дәрежелі 
шахматшы атансам, 8 жасымда спорт шеберлігіне үміткер болдым. 
Ал 11 жасымда халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 13 жасымда 
халықаралық шахмат қауымдастығының шебері деген атақтарға қол 
жеткіздім. 14 жасқа қараған шағымда әйелдер арасында халықаралық 
дәрежедегі спорт шебері деп мойындалдым. 
2004 жылы Сингапурде жалауын желбіреткен Азия біріншілігінде 
вице-чемпионның тұғырынан табылсам, 2005 жылы Астана қаласының 
чемпионы деп танылдым. 2007 жылы әлем чемпионатының күміс медалін 
жеңіп алып, 2008 жылы 11 жасымда ұлттық құрамаға қабылдандым. 
Сөйтіп, Дрезденде және Ханты-Мансийскіде ұйымдастырылған 
халықаралық шахмат олимпиадаларына қатыстым. 
Бүгінге дейін 10, 12, 14, 16 жастағы қыздар арасында Қазақстанның 
бірнеше дүркін жеңімпазы 
болдым. Ташкентте, Дубайда, Анталияда өткен 
халықаралық жарыстарда да топ жардым. Ең ірі жеңіске 
былтыр Грецияда өткен әлем чемпионатында жеттім. 
Онда менің мойныма алтын алқа тағылды. 
– Әлем чемпионы атанғанда ең бірінші кімнен 
сүйінші сұрадың?
– Анамнан. Жалпы, мен өмірдегі барлық жетістіктерім 
үшін анама қарыздармын. Мен жақсылық атаулының 
бәрін анамнан үйрендім. Анамның маған деген мейірімі 
мен махаббатына ешнәрсе жетпейді. Ол мені мықты 
болуға, алған бетімнен қайтпауға үйретті. Менің 
барлық бастамаларымның басында анам тұрады. Менің 
қолдаушым да, демеушім де анам. 
– Шахмат ойынында кімді үлгі тұтасың?
– Маған Г.Каспаровтың көпқырлылығы, В.Ананның 
білімпаздығы және Ю.Полгардың темірдей мінезі ұнайды.
Динара СӘДУАҚАСОВА
Жастар арасында 
шахматтан әлем чемпионы: 
«Менің барлық 
бастамаларымның 
басында анам тұрады»


71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет