86
28. Қазақтар қонақты қалай күтеді? Не болады, не болмайды?
Бұл туралы не білесіз, тексеріп көріңіз. Тестті орындаңыз. Сіздерде қалай?
1) Қонаққа қашан баруға болады?
– Қазақтар кез келген уақытта қонаққа шақыра береді.
– Қазақтар, әдетте, түскі асқа немесе кешкі шайға шақырады.
– Қазақтар, әдетте, сенбі немесе жексенбі күндері қонаққа шақырады.
– Қазақтар қонақта, әдетте, 3-4 сағат отырады.
– Қазақтар шақырған жерге ешқашан кешікпейді.
2) Қонақты қалай шақыруға болады?
– Қонақтарды телефон арқылы шақыруға болады.
– Мерейтойға немесе үйлену тойына арнайы шақыру қағазын дайындайды.
– Бірінші қонақтарға шақыру қағазын жазу керек, содан кейін телефонмен хабарласып, шақыруға
немесе ауызша айтып шақыруға болады.
3) Қонақтарды қалай қабылдау керек?
– Келген қонақтарды төрге шақырады.
– Келген қонақтарға үй иесі үйін көрсетеді.
– Қазақтарда фуршет болмайды.
– Үстел басында қонақтар үй иесіне жақсы тілектер айтады.
– Үй иелері қонақтарды алдарына қойылған дәмнен алып отыруын өтінеді.
– Келген қонақтар үй иелеріне алғысын, рақметін айтады.
4) Не сыйлау керек?
– Қонақтар, әдетте, қонаққа келгенде, үй иелеріне (әйел адамға) гүл, торт, конфеттер әкеледі, ер
адамға коньяк немесе шампан әкеледі.
– Әдетте, қонақтар гүл мен кәмпит қана емес, дәмді тағам да ала келеді.
– Қонақтар үнемі сыйлық әкеледі.
– Сыйлықтарды тек қана туған күнге, мерейтойға, нәресте дүниеге келгенде әкеледі.
– Туған күнге не сыйлауға болады, өзіңіз ұсыныңыз.
– Үйлену тойына не сыйлауға болады, өзіңіз ұсыныс айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: