105
Заттың мекенжайының берілуі
13. а) Өзіңіздің сүйікті бөлмеңіздің жоспарын салыңыз, (қай жерде не ілініп тұр, не жатыр,
не тұр) неге олай тұр, неге сізге осылай ыңғайлы, әңгімелеңіз.
б) Қайда не тұр? Не жатыр, не ілініп тұр?
Ұқыпты адамның заттары өз орнында болады.
Мысалы, шкаф бұрышта тұр.
в) Сіздің үйіңізде әдетте бәрі орнында тұра ма?
Кітаптарыңыз қайда? Ыдыстарыңыз ше? Ваза ше? Аяқ-киімдеріңіз ше?
Джинсиіңіз, шалбарыңыз қайда?
Киімдеріңіз шкафта ілулі тұра ма, әлде орындықта, креслода, диванда жата ма? Сіз гүлдерді
жақсы көресіз бе? Сіздің бөлмеңізде, пәтеріңізде гүл бар ма? Олар қайда тұр?
Теледидарыңыз қайда? Ас үйде ме, жатын бөлмеде ме немесе басқа бөлмеде ме?
Достарыңызбен бөлісу: