Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет70/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85
Бiр тойым бар
 
Бiр тойым болатыны сөзсiз менiң,
Дәл қай күнi екенiн айта алмаймын.
Бiрақ, бiрақ ешкiмдi де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай,
қайта алмайды қартың да бiр ән салмай.
Жиырма бестiң бәрiн де сабылдыртам,
Кемпiрлерге қыз күнiн сағындыртам.
Жеңтейлердiң толтырам гүлге етегiн,
Iнiлерге ағаны үлгi етемiн.
Менiң жарым бұл күнi кiрпiк iлмей,
Ақ көңiлмен ақ
қайың бүртiгiндей,
Омырауынан бiр сәуiр шайқап есiп,
Ажырасқандарды жүредi қайта қосып.
Мен өзiм де ән салам түн ауғанша,
Менiң жаным бұл күнге құмар қанша?!
Бәйгi берем жығылған палуанға да,
Адалдығы сезiлiп тұрар болса.
Жанам деген жүрекке от беремiн,
Қыз қуатын деген жiгiтке ат беремiн.
Мен әйтеуiр бар жиған
-
тергенiмдi,
Бiр тамаша той қылып өткеремiн.
Бiздiң үйдi сол күнi бетке ал, қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын
Мен бұл тойдан тiлеймiн жылап тұрып,
қазанымда бiр асым ет қалмауын.
Мен сөйтiп бар шаңнан бiр сiлкiнемiн,
Мен сөйтiп рақаттанып бiр күлемiн.
Кiм бiлсiн, талай түнгi тiлегiм ед,
Мәңгiлiк тарқамауы да мүмкiн оның.

Төлеген Айбергенов 


145 
Төрт ана
 
Тамырынан тамырсыздық iндетiнен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдiреттi төрт ана:
Туған жерi 
– 
түп қазығы, айбыны,
Туған тiлi 
– 
сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт
-
санасы

тiрегi,
қадамына шуақ шашар үнемi.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрi қасiреттi болса да.
Төрт анаға әнiн жалғай алмаған
Пенделердiң басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ
-
жұлдызы жанбаған.
Қасиеттi бұл төрт ана 
– 
тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшiн болған күрес 
– 
күрестердiң ұлысы!

Мұхтар Шаханов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет