Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет161/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Еркін сурет салу: (әрбіреуі не қаласа соны сала береді). Суреттер жеке- 

жеке  орындалып,  топ  ішінде  талқыланады.  Тақырып  не  беріледі,  не  өздігінен  топ 

мүшелерімен таңдалынады. Сурет салуға 30 минут беріледі, одан кейін суреттер ілініп, талқылау 

басталады.  Әуелі  сурет  туралы  пікірін  топ  мүшелері,  ал  одан  кейін  автордың  өзі  айтады.  Сурет 

интерпретациясындағы айырмашылық талқыланады. 

Бірігіп  сурет  салу:  Бірнеше  адам  (не  барлық  топ)  тып-тыныш  бір  бетке  сурет  салады 

(мысалы,  топты  оның  дамуын,  ондағы  көңіл-күй  мен  атмосфера  және  т.с.с).  Сурет  салу 

аяқталысымен әрбір топ мүшесінің қатысымы, қосқан үлесінің мінезі және сурет салу процесіндегі 

басқа қатысушылармен қарым-қатынасының ерекшеліктері айтылады. 



Қосымша  сурет  салу:  Сурет  топ  арасында  жіберіледі  -  біреуі  бастап  салады,  келесісі  бір 

нәрсе қосып жалғастырады және т.с.с. 

Дайын суреттермен жұмыстың екі түрі бар: 

1.Барлық  суреттердің  бір  мезгілдегі  демонстрациясы,  көру  және  салыстыру,  жалпы 

салыстыру, жалпы және айрықша мағынаның бірігіп табу. 

  

2.Әр  суреттің  бөлек  талдануы  ол  қолдан  қолға  өтіп,  қатысушылар  ол  туралы 



психологиялық мазмұнын айтады. 

Балаларға  мына  тақырыптарға  да  сурет  салуды  ұсынуға  болады:  «Мектепте»,  «Далада, 

аулада»,  «Жанұя»,  «Мен  қандай  қорқынышты  түс  көремін  немесе  мен  күндіз  неден  қорқамын», 

«Менде ең жаман немесе ең жақсы қандай жағдайлар болды», «Мен кім болғым келеді» т.б.  



 Суреттерді  зерттеу  баланың  қызығушылықтарын,  әуестіктерін,  темпераменттерінің 

ерекшеліктерін, көңіл-күйін және ішкі әлемін жақсы тусінуге мүмкіндік береді. Мысалы, суреттегі 

сұр түстердің көптігі және қара түстің басымдығы өмірге құштарлықтың жоқтығын, көңіл-күйдің 

темендігін,  баланың  өзінің  шамасы  келмейтін  қорқыныштардың  көптігін  білдіреді.  Керісінше 

ашық, қанық, көзге жағымды түстер белсенді өмір тонусын және оптимизмді көрсетеді. Бояумен 

салғандағы  кең  құлаш,  көлемділік,  алғашқы  сюжетті  өзгертетін  алдын-ала  және  соңынан 

кескіндеуі  жоқ  сурет  сенімділікті  және  нық  шешімділікті  білдіреді.  Жоғары  қозушылық  және 

әсіресе  шектен  тыс  белсенділік  суреттің  тұрақсыздығынан,  көмескілігінен  немесе  сызықтардың 

нақты,  бірақ  бір-бірімен  қиылысып  жатқандығынан  байқалады.  Тежелуі  және  мазасыздығы  бар 

балалар суретті аз салады, оған қарағанда басқа іс-әрекет түрлерін қалайды. Сурет сала бастағанда 

түрлі-түсті  қарындаштармен  салған  дұрыс.  Сурет  салардан  бір  ай  бұрын  балаларға  үйде  сурет 

салуға тапсырма беруге болады, ол кейіннен үйде белсенді сурет салуға қызығушылықты тудыру 

үшін  қажет.  Оның  болмауы  психикалық  дамуды  жүдетеді  және  қандайда    бір      қиыншылықтың 

барлығын білдіреді. 

Балалардағы  қорқыныштарын аяқталмаған сөйлемдер  әдістерімен анықтауға болады. 

Аяқталмаған  сөйлемдер  әдісі  оқушы  қарым-қатынасының  және  іс-әрекетінің  әртүрлі 

аймағындағы қорқыныштарды зерттеу үшін қолданылады: 

Мен мектеп туралы ойласам... 

Мен мектепке келе жатқанда... 

Қоңырау соғылған сәтте... 

Мен мұғалімді көрсем... 

Бізде бақылау болғанда... 

Сабақ аяқталғанда... 

Тақтада жауап бергенде мен... 

Мен екі алғанда... 

Мұғалім сұрақ қойғанда, мен... 



329 

 

Берілген  сөйлемдердің  аяқталуында  баланың,  мұғалім  білуге  тиісті  өте  маңызды 



эмоционалдық көңіл-күйі көрініс береді. 

6-7  жаста  қорқыныштарды  жою  мақсатты  түрде  күш  салуды  қажет  етеді.  Бұл  жерде 

балалардың  шығармашылығын  пайдаланбай  кету  мүмкін  емес,  яғни  сурет  салу  немесе  ойындар, 

сонымен бірге балаға құрбылармен өзара қатынасты құруға көмектесу қажет. 

Психотерапиялық    әдістер  проблеманы  уайымдауға  адам  қалай  дайын  болса,  солай  ішіне 

еніп  кетуге  мүмкіндік  береді.  Ал  бала  болса,  әдетте  онымен  не  болып  жатқанын  да  сезінбейді. 

Қорыта  айтқанда,  олардың  бойында  қорқыныш  симптомдары    жойылғанша    тұрақты  түрде, 

психотерапевтік әдіс-тәсілдерді   қолдану өте тиімді болып табылады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. 


Юнг  К.Г.Об  отношении  аналитической  психологии  к  поэтико-художественному 

творчеству. -М., 1923.- 178 с. 

2. 

Фрейд 3. Психология бессознательного. - М., 1989.  -223с. 



3. 

Прихожан  А.М.  Психокоррекционная  работа  с  тревожными  детьми.  –  М.,  1990.  -

165с. 

4. 


Захаров А.И.. Как помочь нашим детям избавиться от страха. С–Пб., 1995, С.31-32. 

5. 


Кассиль Л. Твой защитники,  изд. «Детская литература –М:, 1970. -150с. 

6. 


Копытин С.А.,. Основы арттерапии. СПб., 1999. –190с. 

7. 


Захаров А. И. Дневные и ночные страхи у детей. – СПб.: Издательство «Союз», 2004. 

С. 55-59. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет