Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет30/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

ӘОЖ 82-1/29(045) 

 

ҰЗАҚБАЙ ҚАЗЖАНҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 

 

Дальмуханова Ф.К. 

Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Қазақстан 

 

Аңдатпа.  Ұзақбай  Қазжанұлының  әдеби  мұрасы  тақырыптық-жанрлық  тұрғыдан  аса 

ауқымды  екендігі  сараланып,  ақын  шығармашылығын  зерделеген  ғалымдар  еңбегі,  олардың 

нәтижелері,  жалпы  ақынның  әдеби  мұраларының  қаншалықты  көлемде  қазіргі  таңда  оқырман 

қауымына жеткізілгендігі баяндалады. 



Түйінді сөздер: жырау, жыршы, әдеби мұра, сөз шебері, зерттеу-ғалымдар. 

 

«Ұзақбай  жыраудың  бізге  жеткен  шығармаларынан-ақ  оның  сөзге  жүйрік,  ойға  бай,  өмір 



тәжірибесі мен шежіре-тарихтың сабақтарынан жырымен үлгі-өнеге ұсынатын ойлы да ғибратшыл 

ақын  екенін  аңғаруға  болады.  Жыраудың  ақындық  шеберлігін,  шығармаларының  идеялық, 

тақырыптық мән-маңызын, көркемдік сипаттарын саралағанда, осыған көзіміз жеткендей болды» 

[1,  13]деп  филология  ғылымдарының  кандидаты  Ә.Қабылов  атап  көрсеткендей,  Ұзақбай 

Қазжанұлы шындығында да өзі сол тұстағы танымал ақындардың бірі ғана емес, бірегейі болатын. 

Ұзақбай Қазжанұлының әдеби мұрасы тақырыптық-жанрлық тұрғыдан аса ауқымды. Оның 

шағын жанрдан бастап, көлемді толғаулар мен дастандар жазуға дейінгі үлкен шығармашылық өсу 

жолынан өткендігі автордың толғаулары мен  арнауларынан, көлемді жырларынан айқын да анық 

аңғарылады.  Өлең-толғаулары,  арнау,  өлең-хаттарын,  насихат  сөздері,  жоқтау-жұбату,  көңіл 

айтулары,  тарихи  жыр-дастандары  тек  бір  ғана  Ұзақбай  Қазжанұлының  ақындық  болмысын 

танытып қоймайды, сонымен бірге ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарына 

дейінгі ұлттық дәстүрдегі әдеби ахуалымызды терең тани түсуге қызмет етеді. 

Ақын  шығармалары  тек  жанрлық  жағынан  ғана  емес,  сонымен  қатар  тақырып  аясының 

кеңдігімен  де  ерекшеленеді.  Бұл  тұрғыда  ол  шығыстық  қиссаларды  жырлаушы  ақындарға  да, 

ілгері-кейінгі айтыскер сөз зергерлеріне, Ақтан, Нұрым, Қашаған, Өмір, Қисықбас, Сәттіғұл, Сүгір 

сынды көркемсөз шеберлеріне де тақырыпты меңгеруі жағынан ұқсай отырып, өз қолтаңбасымен 

айрықша өзгешеленеді. 

 

 



 

Менің атым - Ұзақбай, 

 

 

 



Атағым тегіс жайылды 

 

 



 

Қараның ұлы қазаққа-ай. 

 

 

 



Тыңдағанға насихат, 

 

 



 

Сөзім бар шырын-шараптай.., 

 

 

 



Атақ алдым ақындық, 

 

 



 

Кіші жүзді аралап. 

 

 

 



Тұяғым тайпақ жорғамын, 

 

 



 

Жолға салған тағалап. 

 

 

 



Алуан түрлі асыл сөз, 

 

 



 

Аузымнан өнген балалап. 

деп өнерімен еліне қадірі артқан жыр жүйрігі Ұзақбай Қазжанұлы шығармашылығы 

қазақ әдебиеті тарихында ғылыми тұрғыда арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылған 

емес.   

Дегенмен,  ақын  мұрасы  хақында  қазақ  әдебиеті  мен  әдебиеттану  ғылымында  сандаған 

ақын-жыраулар мұрасын ғылыми айналымға түсіруге ықпал еткен белгілі ғалым Қ.Сыдиықовтың 

ғылыми  еңбектерінде  ақын  шығармашылығына  қатысты  бірсыпыра  елеулі  пікірлер  айтылған. 

Сондай-ақ, ақын мұрасына қатысты арнайы жазылмағанмен филология ғылымдарының докторы, 

профессор  Б.Нұрдәулетованың  ақын-жыраулар  мұраларын  жинақтап,  мәтіндік  талдамасын 

жасаған,  олардың  шығармаларындағы  түсінігі  қиын  сөздерге  лингво-стилистикалық, 

этимологиялық сипаттама  берген «Көне күннің жыр күмбезі» атты еңбегінде қазақ әдеби тілінің 

даму,  қалыптасу  тарихындағы  тілдік  ерекшеліктер,  сөз  қолданыстар,  сөз  қиюластырудағы  әдіс-



54 

 

тәсілдері  генетикалық  тұрғыдан  зерделенген  бірнеше  ақын-жыраулар  арасында  Есмағанбет  



Мекеұлы  өмірбаянында:  «Маңғыстаудың  көрнекті  ақындары  Қашаған,  Сәттіғұлдың 

шығармаларын, сонымен бірге, өзінің жырларын жиын-тойларда, үлкен салтанатты астарда айтып, 

Сүгір,  Ұзақбайлармен  бірге  айтыс,  жыр  сайыстарына  қатысқан»  [2,56]  деп  Ұзақбай  Қазжанұлы 

шығармашылығына қатысты тұстарын да атап кетеді. 

Сонымен  қатар,  ғалымның  еңбегіндегі:  «Дала  жыраулары  тудырған  өлең,  терме,  жыр, 

толғауларды  замана  көшінен  қалдырмай,  келер  күнге  ұластыруда,  алдымен,  ел  ішіндегі  шебер 

орындаушылар  мен  айбынды  жыршы-жыраулардың  рөлі  үлкен.  Абыл,  Нұрым,  Ақтан,  Қашаған, 

Аралбай,  Сәттіғұлдардың,  сондай-ақ,  Мұрын  Сеңгірбекұлы,  Қырықмылтық  Қарасай  тәрізді 

айдынды  жыршылардың  ізін  басқан  шәкірттері  Сүгір,  Ұзақбай...  тәрізді  жырау-жыршылармен 

жалғасады»  деген  жолдар  арқылы  Ұзақбай  жыраудың  сөз  төркінін  түсініп,  киесін  ұғынатын 

көркем сөз өнері иесі екендігі танылады. 

Осы  тұста  ғалым  Б.И.Нұрдәулетованың  «Жыраулар  поэтикасындағы  дүниенің 

концептуальдық бейнесі» атты 2008 жылы «НҰРА-АСТАНА» баспасынан шыққан монграфиялық 

еңбегінде  тіл  біліміндегі  концепт  теориясына  қатысты  Ұзақбай  жырау  шығармашылығынан  

біршама  мысалдар  алынып,  дәйекті  пікірлермен  тұжырымдалып,  жүйелі  талданғандығын  баса 

айтқан жөн.  

Профессордың осы еңбегінде Ұзақбай Қазжанұлы жыры мәтіндерінен алынған үзінділерде 

дүниенің  жаралу  концептісі,  «өлім»,  «мұң»,  «қайғы»,  «шынайы  адам»  концептілері  дараланған. 

Ақынның  поэтикалық  танымының  концептілік  құрылымдарда  берілуі  лингвофилософиялық, 

лингвопоэтикалық тұрғыдан саралаған. 

Сонымен,  ақын  мұрасының  ғылыми  айналымға  түсуіне  аталмыш  еңбектің  Ұзақбай 

Қазжанұлы мұрасының поэтикалық тілін танымдық тұрғысынан қарастырғандығын және шартты 

түрде  батыстық  жыраулық  мектебінің  дәстүрін  ұстанған  деп  санауға  болатын  жиырмадан  астам 

ақын-жыраулар қатарында атай отырып талдағандығын ескере отырып, құндылығы жоғары дүние 

екендігін айрықша атауға болады. 

Ақындық дәстүр мәселесі әдебиеттану ғылымының қай кезеңінде болсын кеңінен зерттеліп 

жүрген  өзекті  мәселелердің  бірі.  Өйткені,  халқымыздың  қастерлі  сөз  өнерінің  бастау  көздерінің 

негізі  болып  саналатын  ақындық  дәстүрдің  қалыптасу  даму  жолдарына  назар  аудармайынша 

біздің  ұлттық  поэзиямыздың  өсу,  өркендеу  жолын  тану  мүмкін  емес-ті.  Ал,  сол  ақындық 

поэзияның көсегесін көгерткен ақындарымыз туралы әдебиетіміздің алыбы, ұлы ғұлама М.Әуезов: 

«Халық  поэзиясының  таңдаулы  үлгілерінің  туып  таралып  және  осы  уақытқа  дейін  сақталып 

жеткені үшін біз осынау ақындарға борыштармыз» [3,69] деген болатын.  

Ұзақбай  туындыларының  жыраулық  поэзия  мен  жыраулық  дәстүр  секілді  ұғымдарға 

қатысы  барлығын  жоққа  шығара  алмаймыз.  Өйткені,  ақын  шығармаларының  басым  көпшілігі 

толғау  жанрында.  Ақынның  өзінің  алдындағы  ұстаз  тұтқан  Абыл,  Ақтан,  Нұрым,  Қашаған, 

Сәттіғұл жырларының үлгі-ұстанымы да осыны көрсетеді.     

Жалпы,  жырау  тұлғасы  қазақ  әдебиеті  тарихынан  лайықты  орын  иеленіп,  «жырау», 

«жыраулық дәстүр» мәселелері де ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттеліп, зерделенгені мәлім. 

Атап 

айтқанда 



Е.Ысмайловтың, 

Ә.Дербісәлиннің, 

Р.Бердібаевтың, 

М.Мағауинның, 

С.Қасқабасовтың,  Е.Тұрсыновтың,  Қ.Сыдиықовтың,  Б.Әбілқасымовтың  т.б.  әдебиетші 

ғалымдардың еңбектерінде жырауға қатысты тың тұжырымдар мен орынды ой-пікірлер жетерлік. 

Ұзақбай ақындық атағына қоса, жыршылық, жыраулық үрдістерді де игерген.  

Осындай  өшпес  дәстүрлі  желістің  мол  бір  саласы  –  саралы  да  сабақты  ойлар  желісін 

тізбектеген  абыз  жыраулар  қалдырған  терең  ойлы  толғаулар,  арнаулар,  ерлік  эпикалық  жырлар, 

жыраулық  дәстүрді  жаңарта,  жаңғырта  жалғастырған  ақын-жыраулардың    поэзиялық 

шығармалары еді. 

Әдебиет  тарихын  зерттеуші  белгілі  ғалым  Х.Сүйіншәлиев  қазақтың  авторлы  әдебиетінің 

жырау-шешендер  мен  төкпе  ақындар  шығармашылығының  өркендеуіне  байланысты  екендігін 

айта  келіп:  «Жыраулар  сөз  өнерінің  ілкі  авторлары,  ақындыққа  жол  ашқан  асыл  сөз  шеберлері, 

халықтың  шешендікпен  ұштасқан  ойлы-сырлы  толғау,  арнау,  термелер  мен  эпостық  жырлардың 

бастау бұлақтары.  




55 

 

Жыраулар поэзиясының нағыз мұрагерлері – төкпе ақындар. Олар жыраулардың көркем сөз 



үлгілерін,  поэтикалық  тіл  түрлерін,  образ,  сурет  құралдарын  түгел  дерлік  меңгеріп,  өз 

туындыларына  негіз  етті»  [4,77]  деп,  жыраулар  поэзиясы  мен  ақындық  дәстүр  арасындағы 

жалғастық шеруін ашып көрсетеді.  

Ұзақбай  шығармашылығындағы  ақындық  дәстүр  мәселесін  сөз  еткенде,  алдымен  оның 

туындыларындағы көркемдік ерекшеліктер көрсетілуі тиіс. 

Ұзақбай  –  ойы  кестелі,  сөзі  өрнекті  ақын.  «Қайнаған  тілмен  қазаным,  қайнарлы  қара 

бұлақпын»  деп  ақын  айналадағы  құбылыстар  мен  жайттарды  жырына  қосарда  психологиялық 

дайындықпен  кіріспе  сөз  арқылы  тыңдаушысын  дайындап  алуы  да  оның  ақындық  шеберлігінің 

даралығын айқындап тұрғандай. 

Өлеңдеріндегі  тіл  шешендігі,  теңеулер  мен  нақыл  сөздерге  байлығын    мысалдарынан 

көптеп кездестіруге болады. 

Мұндай өлеңдерінің кейбір жолдары мақал-мәтелге сұранып тұрған, бұл ерекшелік әсіресе, 

толғау түрінде келетін өлеңдерінде жиі ұшырасады.   

Өлең  құрылысы  жағынан  шығармаларының  көбі  7-8,  10-11  буынды  жыр  өлең  сарынымен 

жазылған.  Ақын-жыраулардың  көбіне  ортақ  шұбыртпалы  немесе  кезекті  ұйқас  түрі  Ұзақбай 

шығармаларында кең орын алған. 

Ақын шығармаларында эпитет,  теңеу, әсірелеу,  айқындау, қайталау, салыстыру, метафора 

секілді суреттеу құралдары мол кездеседі. 

Ғалым С.Негимов ақын-жыраулар поэзиясындағы көркемдік дәстүр мен эстетикалық ойлау 

табиғатын саралаған еңбегінде: «Поэзияның өзі негізінен қайталаулардан тұрады десек те болады. 

Бұл  амал-тәсіл  өлең  эвфониясы  үшін  қызмет  етеді,  интонациялық  екпінін  күшейтеді. 

Қайталаулардың  барлық  түрлерін,  әсіресе,  халық  ақындары  көркемдік  мақсат  үшін  кеңінен 

пайдаланады»  [5,103]  деп  бұл  тәсілдің  ақындар  шығармаларындағы  атқаратын  рөлінің 

ерекшелігіне аса зер салған болатын. 

Ел тарихындағы белгілі тұлғалар, би-шешендер, сыйлы ақсақалдар, олардың еліне сіңірген 

өлшеусіз еңбектері, өнегелі істері турасында ақын-жыраулар  шығармаларында аз жырланбаған. 

Осы дәстүр Ұ.Қазжанұлы туындыларында жалғастық таба білді. 

Ақын  өлеңдерінің  негізгі  идеясы  –  пайдалы  іске  ұмтылу,  адалдықты  ардақ  тұту, 

адамгершілік  мәселесі  және  оның  осы  елдік,  имандылық  тақырыпты  шығармаларының  қай-

қайсысы да мұсылман діні шежіресі мысалдарымен тұтаса жырланған.  

Ақынның  шығармаларында  тірі  пендеде  болатын  сан  қилы  мінез-құлықтар,  биік  кісілік 

қасиеттер, мұсылман дінінің имандылық негіздерімен салыстырыла, дәлелдене асқан шеберлікпен 

жырланған. 

Ақын  өлеңдерінің  негізгі  идеясы  –  пайдалы  іске  ұмтылу,  адалдықты  ардақ  тұту, 

адамгершілік мәселесі. 

 Оның  насихат  тақырыбындағы  шығармалары  бастан-аяқ    діни  мысалдар  өте  бай 

жинақталған,  туынды  мұсылман  діні  шежіресінің  нақты  деректеріне  сүйене  жазылған.  Автор 

толғанысқа толы жырларында адамгершілік, имандылық, әдептілік мәселелерін қозғайды. Өсиет, 

үгіт-насихат  түрінде  берілген  толғауда  ата-анаға  бала  мейірімі,  адамдар  арасындағы  шынайы 

сыйластық қарым-қатынас, жанұя жарастығы, татулық, туысқандық сезімдер, тәрбие маңызы сөз 

болады. 

 Ақынның  насихат  жырларында    қазақтардың    дүние,  тіршілік    туралы    таным-түсінігі, 

жақсы-жаманның ара жігі жайында түсінік ұғымдар жеріне жеткізіле көрініс тапқан. Жақсы әйел, 

тәрбиелі    ұл,    көргенді  қыз,  келін,  бай,  батыр,  кедей,  т.б    бойында    қандай      қасиеттер    болуы  

керектігі    осы    насихат    өлеңдерде      көрінеді.  Мұнда    үлгілі    қасиет-мінездер  мырзалық,  

мейірімділік,  ұқыптылық,  т.б.  мадақталып,  ал    жаман,  зиянды,  жиіркенішті    құлық-  әрекеттер  

ұрлық,    өтірікшілік,  кекшілдік,  тасжүректік,  сараңдық,  қонақты    күтпеушілік,  т.б.  сыналып, 

сақтандырылады.  Насихат    жырларында    қазақтың    имандылық      пен    ізгілік    туралы    барша  

таным-түсінігі  алақанға  салғандай  анық  көрініс  тапқан. 

Міне,  осы  аталған  халықтық  жанрдың  дәстүрлі  тақырыбын  өз  шығармасына  арқау  еткен 

ақындардың  бірі    Ұзақбай  Қазжанұлы  болса,  ол    өлке  тарихын,  ата-баба  тарихын  жақсы  білетін 

шежірешілігімен  қоса,  ислам  тарихының  да  білгірі  болған.  Ақынның  Құран,  «Қисса-сул-Әнбия» 




56 

 

ізімен жазылған инабаттылық, парасаттылық, имандылық жайындағы діни ұғым араласқан «Өткен 



пайғамбар,  шайхылар  туралы»,  «Әнестен  бергі  тарихтан»  атты  дін  тарихынан,  пайғамбарлар 

қауымынан, ата тегі шежіресінен мол білімін аңғартатын шығармалары 7-8 буынды жыр үлгісінде 

өрнектелген. 

Ақынның  насихат  сөздеріне  жататын  «Тәубе»,  «Өмірдің  баяны»,  «Жолдас  болмас  бұл 

пәни»,  «Бұ  дүниенің  мысалы»  туындылары    өсиет-нақылдық  мазмұнмен  жазылған  өлеңдер. 

Аталған  шығармаларында  ақын  бұл  дүниедегі  қозғалыстардың,  қасиеттердің  бәріне  де 

мұсылмандық-ағартушылық танымымен баға береді.  

Ақынның  насихат  өлеңдеріндегі  дидактикалық-ғибраттық  ақыл-кеңестердің  арнасында 

көптеген  гуманистік  мұраттар  жырланады.  Ол  пәни  мен  бақи  аралығындағы  тіршілік  кезеңін 

мағыналы, адами қалыптан ауытқымай өткізуді уағыздайды.  

Менің айтқан өсиетім: 

Қарсы болмаң заманға, 

Әуес болмаң арамға 

Жолдас болмаң жаманға 

деп, заман сырын пайымдаған ойлы жырлары өзіндік мақам құраған. 

Халық  ақындарының  діни-ағартушылық  бағыттағы  шығармаларындағы  имандылық, 

шариғат  мәселелерінің  жырлану  бағыты  турасында  ғалым  Т.Тебегенов:  «Мұсылмандық 

парыздарды  орындауға  шақыратын  үгіттік-насихат  өлеңдерінде  фәнилік  және  бақилық  дүние 

жалғастығына  қатысты  адамгершілік-имандылық  тәрбиесіне  байланысты  уағыздар  жырланады» 

[6,87] деп ой түйіндеген болатын. 

Ұзақбайдың  бұл  туындыларын  –  мұсылман  діні  туралы  тарихи  әдеби  шығарма  деуге 

болады. 


Жалпы ақын шығармаларын шағын мақала көлемінде саралап шектеуге келмейтін, ауқымы 

мол әдеби мол мұра деуге болады. 

Ұзақбай  Қазжанұлының  бүгінгі  күнге  жеткен  осы  әдеби  мұралары  оның  өзіне  дейінгі 

ақындық  дәстүрлерден,  атап  айтқанда  ауыз  әдебиетінің  үлгілерінен,  ақын-жыраулар 

шығармашылығынан,  кітаби  ақындардың  мұраларынан  тәлім-тәрбие  алып,  шығармашылық 

шеберлігін  шыңдаған,  өзі  өмір  сүрген  кезеңдегі  қоғамда  болған  өзгерістерге,  жаңа  өмірдің 

жаңалықтарына  дер  кезінде  үн  қосып,  шығармаларында  шебер  бейнелей  білген,  барлық 

туындыларында  да  көркемдік  ізденістерге  барып,  қазақ  әдебиеті  тарихына  өзіндік  қолтаңбасын 

қалдырған өрелі ақын болғандығын дәлелдейді.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.ҚабыловӘ.Ұзақбай  жырау  мұрасы.  //Ноғайлы  жырлары  және  Мұрын  жырау  феномені// 

(халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы) Ақтау, 2014. -383 б. 

2.НұрдәулетоваБ.Көне күннің жыр күмбезі. –Алматы: Жазушы. 2007. –496 б. 

3. Әуезов М.Жиырма томдық шығармалар жинағы. Т-17. – Алматы: Жазушы, 1985. –400 б. 

4. Сүйіншәлиев Х. VIII-ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –Алматы: Мектеп, 1989. –290 б. 

5.Негимов  С.Ақын-жыраулар  поэзиясы:  Генезис.  Стилистика.  Поэтика.  –Алматы:  Ғылым, 

2013. –380 б. 

6.  ТебегеновТ.Халық  ақындары  шығармаларындағы  әдебиет  пен  фольклор  дәстүрі.  –

Алматы: Білім. 2001. – 332 б. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет