278
279
тар Ачемен Пайнан келісімін жасап, ол бойынша Аченің вассалы-
Минангкабау князьдігін компанияның қол астына алды. Гова
сұлтаны Хасануддиннің голландтарға қарсы 1638 жылғы келісім-
ді мойындамау үшін 50—60 жылдары жүргізген күресі жеңіліспен
аяқталды. Говамен көршілес Бугилік князьдіктің басшысы Бона-
мен келісе отырып, голландтар Хасануддинді 1667 ж. Бонгай трак-
татын мойындауға мəжбүр етті. Ол бойынша Гова компанияның
вассалына айналды.
Матарамның күшейген кезінде қазіргі Явандық тіл қалыптасты.
Агунгтың ерлік соғыстары, Матарамға қарсы көтерілістер туралы
əдеби шығармалар жазылды. Бабад деп аталған тарихи жылнама-
лар кеңінен тарады. Əсіресе Тумапела мен Маджапахит раджала-
ры туралы баяндайтын «Раджалар кітабы» («Параратон» ) кеңінен
танымал болды.
Мұсылман мəдениетінің элементтері — əдебиет, өнер, фи-
лософия кеңінен өріс алды. Мұсылман əлемінің сюжеттері
мен кейіпкерлері тарады: «Александр Македонский туралы
аңыз» («Хикайят Искандар Зулкарнаин»), «Калила мен Дим-
на ертегілерінен», Əмір Хамзах туралы парсы аңызы, т.б. Мұ-
сылмандық əдебиеттің орталығы Суматра сұлтанаттары, əсіресе
Аче сұлтанаты болды. XVII ғасырда өмір сүрген ачелік ақын ар-
Ранири «Патшалар бағы» («Бустан ас — Салатин») деген тама-
ша поэма жазды. Индонезияда малай тілінің таралуына байла-
нысты екі елдің халықтарына бірдей ортақ «Малай жылнамасы»
(«Седжарах Малайю»), «Туах хан туралы баян» («Хикайят ханг
Туах» ), т.б. шығармалар өмірге келді. Сонымен қатар исламның
тарауына байланысты бұрыннан келе жаткан салт-дəстүрлер мен
өнер түрлері ұмыт қалды, адамдар мен жануарлар бейнесі жой-
ылды.
Дінде мұсылмандық жəне исламға дейінгі элементтердің
синтезі орын алды. Мұсылмандық мейрамдарда əруақтарға табыну
сақталып қала берді. Мешіттер салуда да ежелгі Явалық сəулеттің
сарыны көрініс тапты.
Мұсылмандық діни ілім дамыды. Оның орталығы «Меккенің
индонезиялық кақпасы» болып саналған Аче болды. Ачелік діни
ілімнің ғұламасы Хамзах Пансуридің (XVII ғасырдың бірінші жар-
тысы) еңбектері Индонезия мұсылмандарының арасында қазіргі
кезде де үлкен құрметке ие болып отыр.
Бали мен явалық теңгелерде индуизмнің, бадуйлерде —
буддизмнің біраз өзгеріске ұшыраған түрлері сақталды.
Еуропалықтардың келуімен Индонезияның мəдени өмірі-
не, тіліне, материалдық мəдениетіне, өндірістік дағдыларына,
дініне өзгерістер ене бастады. XVI ғасырдың ортасынан бастап
Молукка мен Тиморда португалдықтар христиандықты (ка-
толиктік) уағыздады. Ол уағызды (протестанттық) кейін голланд
миссионерлері жалғастырды.
Индонезиялық мəдениеттің тарихында еуропалық жəне
мұсылмандық элементтер əртүрлі рөл атқарды: еуропалық эле-
менттер дəстүрлі индонезиялық мəдениетке бөгде болып қала берді,
ал мұсылмандық элементтер тез сіңісіп кетті де, индонезиялық
мəдениетті құрайтын құндылықтар кешеніне еніп, берік орнығып
қалды.
Ə д е б и е т т е р:
Достарыңызбен бөлісу: