С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


§ 4. Ерте орта ғасырлардағы Индонезия



Pdf көрінісі
бет14/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

§ 4. Ерте орта ғасырлардағы Индонезия
1. Малай архипелагы мен Малакка түбегіндегі алғашқы 
   мемлекеттік бірлестіктер.
2. Қытайдың Индонезия мемлекеттеріне тигізген ықпалы.
3. Матарамның дəуірлеуі.


36
37
4. Индонезия мемлекеттеріндегі феодалдық қатынастар 
    генезисі.
5. Индонезияның мəдениеті.
1. Орта ғасырлардың басында (І—VІ ғғ.) Батыс Индонезия мен 
«Алтын  жарты  аралда»  (Малакканы  ежелгі  грек  авторлары  солай 
атаған) ондаған қала-мемлекеттер өмір сүріп жатты. Олар теңіз 
арқылы өтетін жəне өзінің ішкі саудасы есебінен табыс тауып от-
ырды. Соңдай-ақ олар күріш егумен шұғылданды. Ең алғашқы мем-
лекеттерден Лангкасук пен Тамбралингті атауға болады.
Бұл мемлекеттер теңіз сауда жолын өз бақылауында ұстады. III—
IV ғасырларда бұл мемлекеттер кхмерлік Бапном империясының 
вассалы болды, ал ол ыдырағаннан кейін VІ-VІІ ғасырларда 
Қытаймен тығыз байланысты болды. Бұл мемлекеттердегі үстем дін 
буддизм болды.
Ежелгі Малайлық өркениеттің жоғары дəрежеде дамыған ау-
дандары Шығыс жəне Оңтүстік Суматра болды. Джамби жəне 
Палембанга порттары орналасқан жерде III ғасырдың басына қарай 
Гэин, ал VI ғасырда — Малайю мемлекеттері құрылды.
Олар Индиямен, Персиямен, Қытаймен сауда жүргізді. 
Гэиннің астанасы өте бай болған. Оны Птоломей Аргире  «Күміс 
қала» деп атаған деген болжам бар. VI ғасырдың басында мұнда 
Малайю князьдігі құрылды. Алғашқы Индонезиялық мемлекет-
тердің əлеуметтік-экономикалық құрылысының, яғни өндірісі-
нің негізі деса деп аталған қауым болды. Ол өзін-өзі басқарды. 
Қауым мүшелері жерді бірлесе отырып пайдаланды. Қолөнері 
егіншіліктен толық бөліне қойған жоқ. Құл иеленушілік əлеуметтік-
экономикалық қатынастың негізі болған жоқ, бірақ жекелеген отба-
сылары үйлерінде күң-малай ретінде құлдар ұстады.
Ру жəне тайпа басшылары өз жағдайларын пайдалана отырып 
біраз байлық жинап алып, бірте-бірте өкімет билігін өз қолдарында 
шоғырландырды. Мүлік теңсіздігі ұлғайып, жер көлемі өсіп, 
қол астындағы бодан халықтың саны көбейген соң өкімет билігі 
əскери жасақтар құрып, халықтан бөлініп шыға бастады. Көсемдер 
раджаларға айналды. Олар өздерінің жақын достары мен туыста-
рын жергілікті жерлердің басшылары етіп тағайындап отырды. Бұл 
бастықтар халықтан қазынаға салық жинады. Ақсүйектер біртіндеп 
феодалдарға айнала бастады. Алғашқы мұндай мемлекеттер егін-
шілікпен айналысатын жерлерде құрылды.


38
39
Келесі бір аудандардағы мемлекеттің құрылуы басқаша болды. 
Жекелеген князьдықтардың басшыларының жоғарылауы (биіктеуі, 
өсуі) оларды құдаймен теңеуге дейін барды. Жоғарғы өкімет бас-
шысы сол елдің бірден-бір құдайына айналды. Ол əрі қолбасшы, əрі 
дін басшысы да болды. Сөйтіп, шығыстық деспотия түріндегі билік 
орын алды.
Өкімет  басшысы,  оның  əкімдері  мен  вассалдары  шаруалар 
қауымының есебінен өмір сүрді. Жергілікті əкімдер, вассалдар 
орталық өкіметтің ықпалынан құтылып, тəуелсіздіктерін алуға 
тырысты. Бұл əрекет феодалдық жүйенің құрылуына əкеле жатты. 
Алғашқы феодалдық мемлекеттер суармалы егіншілік үлкен рөл 
атқарған жерлерде туа бастады.
Сондай-ақ мемлекеттердің тағы бір түрі — теңіз жағалық портты 
қала-мемлекеттер де болды. Олардың экономикасының негізін сау-
да қалады.
Бұл айтылған ерте таптық мемлекеттердің бірде-бірі толыққанды 
феодалдық мемлекет болған жоқ. Жердің билеп-төстеушісі мемле-
кет басшысы болды. Əкімдер мен уақытша үлес ұстаушылардың 
иеліктері əлі мұраға қалып отыратын феодтарға айналған жоқ. 
Жерді ұстаушылардың қолында заң шығарушы, соттық, əкімшілік 
жəне орындаушы билік шоғыр-ланған жоқ. Бұл ерте феодалдық 
мемлекеттер болды.
2.  Индонезиядағы  мемлекеттердің  қалыптасуына  Малай  ар-
хипелагының ішкі жəне сыртқы саудасы зор ықпал етті. Сауда 
негізінен теңіздік болды. Индонезия мемлекеттері сонау оңтүстік 
шығыс Африка, Кіші Азия, Жерорта теңізінің Шығысына дейінгі 
жерлермен, Қытаймен, Үндіқытай түбегі елдерімен сауда жүргізіп 
отырды. Мадагаскар аралының тұрғындары Индонезиядан көшіп 
барғандар еді дейді тарихшылар.
Əсіресе Индонезияның Үндістанмен байланысы тығыз бол-
ды. Тіпті оқымыстылардың бір тобы Индонезиялық өркениет 
Үндістаннан келген деген пікірді жақтайды. Дегенмен ондағы мем-
лекеттер халықтардың ішкі дамуының нəтижесінде қалыптасты. 
Үнділік «Рамаяна» дастанында «жеті патшалықпен желкілдеген 
Явадвип» туралы айтылады. Бұл дастанның б.з.б. ІІІ ғасырда 
жазылғаны белгілі.
Сыртқы ықпал архипелагтың теңіз жақтарына ғана тарады да, 
аралдардың орталықтарына жетпеді. Ол ықпалдың өзі де князьдардың 
сарайлары мен портты қалалардан аспады. Сөйтіп, Индонезиядағы 
таптар мен мемлекеттер сыртқы ықпалсыз-ақ қалыптасты.
Дегенмен жоғары дəрежеде дамыған көрші мемлекеттер-
мен қарым-қатынас із-түссіз кеткен жоқ. Елдің басын бірік-тіріп, 
адамгершілік ережелерін қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын 
идеологиялық құралдін Индонезияға Үндістаннан келгені шындық. 
Үнділік будда жəне индуизм діндері Индонезияда кеңінен тарады.
3. Матарам-Орталық Явадағы ерте орта ғасырлық мемлекет. 
Оның дəуірлеуі VIII ғасырдың бірінші ширегінің аяғында бол-
ды.    Ол  кездегі  патшасы    Санджайя  болатын.    Оның  əскері  Ява 
аралындағы бірнеше мемлекетті бағындырды. Тіпті ол Камбоджаға 
да жорық жасады, ондағы мемлекет басшылығына таласты. Себебі 
Санджайяның баласы Камбоджа королінің қызына үйленген бола-
тын. Хроникалар Матарам əскерінің  Бали, Суматраға, тіпті Үндістан 
мен Қытайға жорықтары туралы да хабарлайды.
Шамамен 770 ж. Орталық Явада жаңа, Шайлендра əулетінің билігі 
орнады. Оның негізін Санджайяның немересі қалаған. Шайлендра 
билігі кезінде мемлекет дамып, гүлдене түсті. Əулеттің негізін 
қалаушы суматралық Шривиджайя мемлекетімен одақ құрды.
4. VII ғасырдың екінші жартысында Шығыс Суматрада буддис-
тік Шривиджайя мемлекеті күшейе бастады. Ол туралы  мəлімет 671 
жылға жатады. Оны Қытай саяхатшысы, будда дінінің қажылыққа 
барушысы И Цзин қалдырған. Шривиджайяның орталығы Муси 
өзенінің бойындағы Палембанга ауданында болған. 
Өкімет билігі IX ғасырдың басында орталық Явадан келген 
Шайлендра əулетінің қолында болды. Шривиджайя суматрандық 
Малайю, Джамби, т.б. мемлекеттерді басып алды. Жаңадан ба-
сып алынған жерлерде көптеген сауда орталықтары болған қа-
лалар салынды. 695 ж. қосып алынған Малайлық Кедах қаласы 
Шривиджайяның екінші астанасына айналды.
Шривиджайяның негізгі табыс көзі сауда болды. Үкімет Малак-
ка бұғазы арқылы өтетін сауда кемелерінен салық жинап отыр-
ды. Шривиджайядан алтын, қалайы, піл сүйегі, тропиктік тоғай 
жемістері:  специя,  камфора,  бағалы  ағаш  тұқымдары  сыртқа  шы-
ғарылды.
992  ж.  Шривиджайяға  Явадан  Матарам  əскері  шабуыл  жаса-
ды. Бұл қақтығыс архипелагтағы үстемдік үшін жəне Матарамдық 
əулеттің Шривиджайя тағын тартып алу үшін болды. Алғаш біраз 
сəтсіздікке ұшыраған Шривиджайя əскері 1016 ж. шешуші табысқа 
жетті. Шривиджайя тек өзінің бұрынғы жерлерін қайтарып алумен 
тынбай, Матарамның біраз жерін басып алды. Бұл табыс баянды бол-
мады. 1025 ж. батыстан өте қауіпті жау-үнділік Чола мемлекетінің 
əскері шабуыл жасап, Шривиджайяның біраз жерін басып алды.


40
41
Шривиджайя Индонезия тарихындағы архипелагтың басым бө-
лігін саяси жəне мəдени қатынас жағынан біріктіріп, Оңтүстік Шығыс 
Азия елдерімен — Цейлон, Филиппины, Бенгалияға дейін екіжақты 
сауда қатынасын орнатқан бірінші куатты мемлекет болды. VIII—X 
ғасырларда Шривиджайя оңтүстік теңіздердегі сауда мен суда 
жүзудегі үстемдік құрған мемлекет, Оңтүстік-Шығыс Азияның басты 
мəдени орталығы, сондай-ақ əлемдік буддизм орталығы болды.
Шривиджайя мемлекеті деша деп аталған облыстарға бөлінді. 
Оларды датулар басқарды. Олардан төмен тұрған басшылар хулу деп 
аталған ру, тайпа көсемдері болды. Вассалдық тəуелділіктегі мемле-
кет қадатуан деп аталды.
Шривиджайяның экономикасы, жоғарыда айтылғандай, сыртқы 
саудаға байланысты болды. Дегенмен күріш егу де маңызды 
рөл атқарды. Бірақ Суматрада суармалы егістікпен айналысу 
мүмкіндігі шектеулі болды. Егіншілік жағдайының нашар болуы 
Шривиджайяның құлдырауындағы фактордың бірі болды.
5. IX ғасырда архипелагтың батысында Шривиджайя мемлекеті 
дəуірлеп тұрған кезде оның шығысындағы көршісі Матарам дағ-
дарысқа ұшырай бастады. Оған елдің ішіндегі билік үшін талас-
тартыс, соғыстар барысындағы экономиканың күйзелісі, сарай 
шығындарының өсуі сияқты факторлар себеп болды. Оның үстіне 
стихиялық апат: жанартаудың оянып, атқылауы, оба ауруының 
асқынуы қосылды. 100 жылдай билік құрған будда дінін ұстанушы 
Шайлендра əулеті 870 ж. құлады. Шығыс Явада билікке қайтадан 
индуизм дініндегі Санджай əулеті келді. Мемлекет бұрынғысынша 
Матарам деп аталды, тек астана басқа қалаға  (қазіргі  Прамбанан) 
көшірілді. Бірақ ішкі қырқысулар тоқтамады. Ақыры 928 ж. билікті 
өкімет басындағы жоғары лауазым иесінің бірі Синдок басып 
алды. Ол өзін Матарам патшаларының мұрагері деп жариялады. X 
ғасырдың аяғы — XI ғасырдың басында заңдар жинағы жасалды. 
Осы кезде Матарам, жоғарыда айтылғандай, өзінің басты бақталасы 
Шривиджайяға шабуыл жасады.
1016 ж. Матарам Шривиджайядан жеңілді, патшасы қаза тапты. 
Біртұтас мемлекет бірнеше тəуелсіз князьдықтарға бөлініп кетті. 
Матарамның өзінде Синдоктың əулеті 1222 жылға дейін билік 
құрды.
Орта ғасырлардағы явалық қоғамға феодалдық жер иеленушілер 
құрамының  ұзақ  эволюциясы  тəн.  VIII  ғасырдан  бастап  ірі 
феодалдық жер иелерінің жағдайы нашарлап кетті; керісінше — бір 
жағынан монарх-патшаның, екінші жағынан жаңадан байып келе 
жатқан қауым мүшелерінің билігі күшейіп, жағдайлары жақсара 
түсті. Негізгі жер берушілер ірі светтік феодалдар — ракалар бол-
ды. Ал IX ғасырдың аяғынан бастап жерге рұқсат берушілер монар-
хтар болды.
Салық төлемейтін иегерлер (əдетте ғибадатханалар) сыйлыққа 
жер учаскелерін шаруаларсыз алатын; оларға бұрыннан келе жатқан 
артықшылықтар сақталды.
X ғасырдың аяғына қарай Матарамдағы ауыл шаруашылығы 
ғана емес, қолөнері де жоғары дəрежеде дамыды:
6. Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының рухани мəдениетінің 
дамуына ерте ортағасырларда индонезиялық қоғам өзіндік үлес 
қосты.
Ертеявалық жəне ертемалайлық əдеби тіл мен жергілікті жазу 
қалыптасты. Оған санскриттің элементтері енді. ІХ—Х ғасырларда 
Матарамда əдебиет жоғары дəрежеде дамыды. X ғасырдың басын-
да үнділік «Рамаяна» дастанының явалық нұсқасы өмірге келді. 
Сондай-ақ үнділік «Махабхаратаның», буддалық трактаттардың 
жергілікті халық тіліндегі нұсқалары жасалды.
Матарамдық патша сарайында көптеген ақындар, актерлер, 
музыканттар қызмет етті. Ваянга деп аталған қуыршақ көлеңке 
театрының ойын-сауықтары өткізіліп тұрды. Ол өнердің əр түрінен 
тұратын театр еді.
Ерте  орта  ғасырлар  дəуірі  Индонезия  мемлекеттеріндегі  клас-
сикалық сəулет жəне бейнелеу өнерлерінің қалыптасу кезі болды. 
VIII—Х ғасырларда Оңтүстік-Шығыс Азиядағы буддалық жəне 
индуистік ірі ансамбльдер — Боробудур мен Лара Джонггранг са-
лынды. Буддалық Боробудур ғибадатханасының биіктігі 42 м., 
табанының ұзындығы 123 м. Оның сегіз галереясы Будданың 508 
мүсінімен, 1460 барельефімен безендірілген. Боробудур — Будданың 
өмірі туралы, Явалықтардың тұрғын үйлері мен киім-кешек, тұрмыс 
жағдайы туралы баяндайтын буддалық микрокосм.
Индонезиядағы ең биік 48 метрлік Шива ғибадатханасы Прам-
банан ауылында салынған. Ол Лара Джонггранг, яғни «сымбатты 
бикеш» деп аталады. Шива, Брахма, Вишну ғибадатханаларының 
төңірегінде 156 қабірден тұратын ансамбль бар. Явалық, Малайлық 
шеберлер қоладан мүсін құюдың техникасын жоғары дəрежеде 
меңгерді.
Дерекнамалар Тарумда 21 күннің ішінде ұзындығы 15 км. суа-
ру каналы қазылғандығын хабарлайды. Бұл ерте ортағасырлық 
Индонезияда техниканың жетілгендігін, өкімет билігінің орталық-
тандырылғанын дəлелдейді.


42
43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет