380
381
жетістіктері қалалардың өз дамуының шыңына жеткендігін
дəлелдейді. Олардың онан əрі дамуы, жетілген феодалдық қоғамның
басқа да көптеген экономикалық жəне əлеуметтік элементтерінікі
сияқты, моңғол-татар жаулап алушылықтарына байланысты тоқтап
қалды.
Ортағасырлық шығыс елдерінің өзіне тəн ерекшелігінің бірі —
діннің мемлекеттік деңгейге көтерілуі болды. Феодализм генезисі
кезінде шығыста ең жаңа, ең соңғы халықаралық дін — ислам өмірге
келді. Ол мемелекеттік билікті де өз қолына шоғырландырды. Ислам
дінінің билігі əділетті болғандықтан ол тез арада көптеген елдерде
орнады. Ислам дінін ұстаушылар Индияда күшті мемелекет құрды.
Ислам дінінің, мемлекетінің басшылары IX ғасырға қарай алғашқы
адал да əділетті жолдан ауытқи бастаған кезде шығыс мемелекеттері
де əлсірей бастады.
Орта ғасырлардың аяғына қарай ислам дініне жан-тəнімен
берілген түріктер күшті Осман империясын құрып, бұрынғы араб
халифатының иеліктеріне билігін орнатты. Сөйтіп ислам діні
əлеуметтік топтардың ынтымағын нығайта отырып, өз ықпалындағы
мемлекеттердің əлемдік өркениеттегі беделін көтеріп, рөлін артты-
ра түсті.
Орта ғасырлардағы Шығыс өркениетінің гүлдене түсуіне
транзиттік сауда өз үлесін қосты. XV ғасырдың ортасында түріктер
Батыс пен Шығыстың арасындағы сауда жолын шектеген соң ол
жол теңіздерге ауысып, өз ауқымын бұрынғыдан бетер кеңейте
түсті. Теңіз саудасының арқасында ислам діні Африка мен Оңтүстік
Шығыс Азия елдеріне таралып, даму жағынан артта қалған
халықтарды əлемдік өркениет шеңберіне тартты.
Сөйтіп, орта ғасырлардағы Азия мен Африка мемлекеттері фео-
дализм теориясын байытып, əлемдік өркениеттің онан əрі дамып,
жетіле түсуіне өзіндік зор үлестерін қосты.
Достарыңызбен бөлісу: