62
63
Орта Азия халықтары қолдан суарылатын егіншілікпен айналы-
сты, каналдар қазылды. Суландыру жүйесін жасау өте көп адамның
бірлескен еңбегін талап етті. Дəнді дақылдан арпа, бидай, тары
егілді; мақта өсірілді. Бау-бақша шаруашылығы кең қанат жайды.
Бау-бақшаларда шабдалы, өрік, бадам, жүзім, алма, алмұрт өсті.
Сонымен қатар, бұл мемлекеттерде мал шаруашылығы да дамыды.
Орта Азия елдерінде жібек өсіру де белгілі болды.
Орта Азияда феодалдық қатынастардың дамуы шамамен VII
ғасырға, көшпелілердің қысымы біршама əлсіреген кезге жатады.
Диқандар өздерінің суармалы жерлерін ұсақ учаскелерге бөліп, жері
аз шаруаларға берді. Оларға қарызға тұқым беріп тұрды. Сол үшін
шаруалар жинаған өнімнің төрттен үшін өз пайдасына алып отырды.
Жер иемденуші диқандардың əскери отрядтары болды. Шонжар
сословиесінің белгісі — алтын қынабы бар қанжар тағылған алтын
белбеу болды.
IV—VII ғасырларда Орта Азияда саяси бытыраңқылық орын
алды. Каспий теңізі мен Сырдария аралығында отызға жуық тəуел-
сіз князьдықтар тұрды. Əр аймақтың орталығы қала болды. Қала
шахаристанға (ішкі қала, бекініс) жəне рабадқа (шеткі қала) бөлінді.
Орта Азия шеберлері қытайлықтарға əйнек жасау өнерін үйретті.
VI ғасырдың 80- жылдарында
Согдада шаруалардың Абруй
(қазіргі Бұқара облысы) бастаған көтерілісі болды. Наршахидің
(899—959 жылдары Бұқара маңында өмір сүрген Орта Азиялық
тарихшы) мəліметі бойынша Абруй Пайкендті басып алып, мұнда
қатігез билік орнатты. Жеңілген пайкендтік басшылар Жетісуға
қашып барып, түріктер басшысы Қара Чуриннен көмек сұрады.
Түркі əскерлерінің көмегімен көтеріліс 586 (585) жылдары басылған.
Абруй азапталып өлтірілді (оны қызыл басты аралар толтырып
салынған қапқа отырғызған).
651—712 жылдар аралығында Орта Азияны толығымен Арабтар
басып алды. Олардың билігіне қарсы 728 жылы Согдада ірі көтеріліс
басталып, он жылға дейін басылмады.
Деректерде «ақ киімді адамдардың» қозғалысы деп аталатын
үлкен қозғалыс Мавераннахрда (Амудария мен Сырдария ара-
сы) 776—783 жылдары болды. Оны Муканна (бетін бүркенішпен
бүркеген) деп аталып кеткен Хашим ибн-Хаким басқарды. Бұл
көтеріліс Бабек көтерілісі сияқты, хурремиттер ұранымен өтті. «Ақ
киімді адамдар» қозғалысының дəстүрі Тəжікстанда XII ғасырға
дейін сақталды.
Орта Азияда араб халифатының құлдырауы нəтижесінде Сама-
нилердің тəжік феодалдық əулеті (819—999 жылдары) нығайды.
Орталығы — Бұхара қаласы болды.
Саманилер атын Балхтағы (Солтүстік Ауғанстан) Саман селосы-
нан шыққан феодал Саман-худаттан алған. 806—810 жылдардағы
Рафи ибн Ляйс басқарған арабтарға қарсы көтерілісті басудағы көме-
гі мен ерлігі үшін Саманның балалары мен немерелері Мауераннахр-
дың ең жақсы жерлерін басқаруға алды. 893 жылы Саманилер əскері
Таразды басып алды. «990 жылы Хасен Боғыра хан бастаған қарахан
əскерлері Исфиджапты, 992 жылы саманилердың астанасы Бұхараны
алды. 1005 ж. Мауераннахр біржолата қарахандардың қолына көшті.
Бұрынғы саманилер патшалығына қарасты ел мен жерді қарахандар
мен ғазнауилер бөлісіп алды. Олардың арасындағы бөлістің шекара-
сы Амудария болды».
Орта Азияда тұрып жатқан қырғыздардың ата-бабалары IV—V
ғасырларға қарай құл иеленушіліктен феодалдық қоғамға аяқ ба-
сты. V ғасырда қазіргі Қырғызстанның солтүстігінде көшпенділер
де отырықшылыққа көше бастады. VI—VII ғасырларда Қырғызстан
аумағы Батыс Түрік қағанатының орталығы болды. Оның астанасы
Суяб Шу алқабында (Тоқмақ қаласының маңы) орналасты.
VI — VIII ғасырларда көшпелі түрік тайпалары орхон-енисей жа-
зуын қолданды. Халық шаман, зороастра, будда, христиан діндерін
ұстанды. VIII ғасырдың басында қазіргі Қырғызстан аумағындағы
саяси билік түркештердің қолына көшті. VIII ғасырдың ортасында
Тянь-Шаньға Алтайдан қарлұқ тайпалары қоныс аударды. Олардың
билігі X ғасырдың ортасына дейін сақталды.
Тянь-Шаньдағы қырғыз тайпалары туралы алғашқы деректер
X ғасырға жатады. X ғасырдың ортасынан XII ғасырдың ортасы-
на дейін Қырғызстан Қарахандар мемлекетінің орталық үлесі бол-
ды. Шу алқабында мемлекеттің астанасы Баласағүн қаласы (қазіргі
Боран елді мекені) орналасты. XI ғасырдың ортасынан Қырғызстанда
шартты жер иелігі — ихта өмірге келді.
Достарыңызбен бөлісу: