92
93
(өрмелі сызықтармен) безендірілді. Шілтер тəрізді оюлар мен алуан
түсті суреттер тастың өзін салмағынан айырғандай əсер етеді.
Мұсылман діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым
салды. Осы себепті де Халифат елдерінде мүсін мен сурет өнері
орта ғасырлардың алғашқы жүз жылдықтарында тіпті дамымады
десе де болады. Кейінірек кітаптарға халық тұрмысынан алынған
көріністер, халиф сарайындағы оқиғалар, аңдары мен құстарына
дейін таңғажайып елдер бейнеленген миниатюраларды қосатын
болды.
Қорыта айтқанда жоғары сатыда дамыған араб мəдениетінен
еуропалықтар көптеген бағалы ғылыми білімдер алды. Араб
математиктері мен астрономдарының еңбектерін орта ғасырлық
Еуропа ғалымдары басшылыққа алды. Еуропалықтар арабтардан
цифраларды ғана емес, сонымен бірге астрономияға байланысты
білімдерді, оның ішінде көптеген жұлдыздардың да атауларын
алды. Олар арабтардан карталар сызуды, компас пен глобусты пай-
далануды үйренді. Авиценнаның латын тіліне аударылған медицина
жөніндегі шығармалары ХVІІ ғасырға дейін Еуропа дəрігерлерінің
қолдан тастамайтын кітабы болды.
Достарыңызбен бөлісу: