188
189
жылға дейін өмір сүрді. Көтерілістің жəне кейін құрылған өкіметтің
басшысы сеиттік Кавам-ад-дин Мараши болды. Амул қаласы Сеид
мемлекетінің астанасы болды.
1373 жылы сербедарлар көтерілісі Керман қаласында да болды.
Көптеген ихта иелері мен дін басылары өлтірілді. Олардың мал
мүліктері кəмпескеленді. Көтеріліс тоғыз айдан кейін жеңілді.
Ирандағы феодалдық бытыраңқылық, өзара қырқысулар оны
Темірдің жаулап алуын жеңілдетті. Жаулап алушылық 1380 жылдан
1393 жылға дейін созылды. 1381 жылы Темір əскері Себзеварды
алып, Сербедарлар мемлекетін жойды.
1383 жылғы Сербедарлар көтерілісін Темір асқан қатыгездікпен
басты. Екі мың адам тірідей көмілді деген дерек бар. 1387 жылы
Темір Исфахандағы көтерілісті де басып тастады. Жетпіс мың
көтерілісшілердің кесілген басынан мұнара тұрғызылды дейді
тарихи деректер. Ал 1392 жылы Мазандерандағы халық қозғалысы
талқандалды. Көтеріліске қатысқан кедей халықты жазалай отырып,
Темір феодалдар тарапынан қолдаушылыққа ие болып отырды.
Темір қайтыс болған соң 1405—1447 жылдары Хорасанды оның
баласы Шахруқ басқарды. Батыс Иранды Шахруқ балалары мен
немерелері басқарды. 1441—1442 жылдары Хузистанда үлкен халық
көтерілісі болды. Оны сеиттік Мұхаммед басқарды. Ол халық
арасында Мұшаш аталып кеткен болатын. Оның қол астына он
мыңға жуық адам жиналып, олар өздерін фидайлар, яғни өз істері
үшін өмірін қиюшылар деп атады. Мұхаммед Мұшаш 1465 жылы
өлді. Оның ізбасарлары 1508 жылға дейін Хузистанда билік құрды.
ХV ғасырдың ортасында көшпелі түрік оғыздардың Қарақойлы
мемлекеті Темір ұрпақтарынан батыс Иранды басып алды. 1468
жылы бұл жерді Ақ қойлылар басып алды. Батыс Иранның астанасы
Тебриз болды. Ақ қойлылар билігі 1502 жылға дейін созылды.
ХV ғасырдың екінші ширегінде Оңтүстік Əзербайжандағы
Ардебил қаласында діни Сефевилік феодалдардың ықпалы күшейе
бастады. Олардың арғы атасы Ардебилдегі сопы орденінің басшысы
Сефи-ад-дин болатын (1252—1334 жж.).
Олардың арғы “қасиетті тегі” сефевидтердің шах атағы үшін
күресін жеңілдетті. Сефевилерді жергілікті халықтан басқа Кіші
Азия мен Сирия аралығындағы шииттік мұсылман түрік көшпелілері
де қолдады. Бұл көшпелілер “қызылбастар” деп аталатын. Олай
аталу себебі бастарына өздері қасиетті деп санайтын 12 имам
санына қарай 12 қызыл жолағы бар шалма орайтын.
1499 жылы осман түріктерінің орталықтандыру саясатына
наразы болып, Ақ қойлылар билігін мойындағысы келмеген қызыл-
бастылар өз басшысы деп жас Исмаил Сефевиді жариялады. Олар
Солтүстік Əзербайжанға басып кіріп, Ширванды талқандады. Сонан
кейін олар оңтүстікке бет алып, Ақ қойлылардың басты күшін
талқандады. 1502 жылы Исмаил Тебризді басып алып, Иранның
шахиншахы деп жарияланды. Сөйтіп, Иранда 1502 жылдан 1736
жылға дейін Қызылбастылардың Сефевилік мемлекеті өмір сүрді.
Достарыңызбен бөлісу: