ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯ ЖАНУАРЛАР ПАТОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МАМАНДАР ҮШІН МАҢЫЗЫ Жоспар 1. Патология пәні
2. Патологияның даму тарихы
3. Патологияның маңызы, әдістері мен міндеттері
1.Патология пәні
Жануарлар патологиясы (патморфология) ғылымы әр түрлі аурулар
кезінде адам және жануар ұлпалары мен ағзаларындағы морфологиялық
өзгерістерді зерттейді, яғни – ауру заңдылықтары туралы оқытады.
Ауру ағзадағы функциональдық өзгерісін зерттейтін патологиялық
физиологиямен бірге, ол патология (грек.phatos – қайғыру, аурулық жағыдай logos
- ғылым) ғылымының бір бөлігі болып табылады.
Анатомия мен гистологиядан айырмашылығы, ол әр түрлі ауру үрдістері
кезінде ағзалар мен жеке жүйелерде, ағзада өтетін өзгерістерді қарастырады.
Олай болса патология