Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


рымын  нөлге  теңестірмей,  оң  және  теріс  зарядтарды  бөлектеп



Pdf көрінісі
бет156/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   302
рымын  нөлге  теңестірмей,  оң  және  теріс  зарядтарды  бөлектеп 
тұратын арнайы қондырғыны айтады.
Ток  көзі  болатын  ондай  қарапайым  қондырғыларға  мысал  ретінде 
мектеп  зертханасындағы  электрофор  машинасын  және  аккумуляторлар 
мен әртүрлі электр батареяларын атауға болады (сурет 5.2 және 5.3). 
Электрофор  машинасында  әраттас  зарядтарды  бір-бірінен  бөлектеу 
үшін оның табақшаларын айналдырып, жұмыс істеу керек. Электр энер-
гиясын өндіретін ірі су электр стансыларында турбиналар мен роторлар-
ды айналдыратын мұндай жұмыстарды құлап аққан су, ал жылу электр 
стансыларында үлкен қысымда шығатын бу атқарады.
Аккумуляторлар мен батареяларда оң және теріс зарядтарды бөлу үшін 
электролиттегі  (сурет  5.3, 
а) заттардың химиялық реакцияларында бо-
сайтын ішкі энергиясы жұмыс жасайды. Аккумулятордың полюстерінде 
бөлінген  әраттас  зарядтар  жинақталады;  сөйтіп,  электродтардың  ара-
сында  кернеулігі 
Е  болатын  электр  өрісі  пайда  болады.  Ендеше,  ток 
Сурет 5.2: а) ток көздері; ә) электрофор машинасы
а)
ә)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


116
көздерінде  электрлік  емес  энергиялар  электр  энергиясына  түрленеді. 
Мысалы:  электрофор  машинасында  қол  күшінің  механикалық  энер-
гиясы  электр  энергиясына  айналады;  ал  батарейкалар  мен  аккумуля-
торларда  химиялық  реакцияларға  қатысатын  заттардың  ішкі  энергия- 
лары, күн электр батареяларында Күн сәулесінің энергиясы электр энер-
гиясына түрленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет