166
Егер сол қолдың жазылған төрт саусағын өткізгіштегі токтың
бағытымен бағыттап, ал алақанды магнит өрісінің күш сызықтары
тесіп өтетіндей етіп ұстасақ, онда бас бармақ магнит өрісінің токқа
әрекет ететін күшінің бағытын көрсетеді (сурет 6.12,
б)
.
4. Өмірде кең қолданыс тапқан электрқозғалтқышының жұмыс істеу
принципі магнит өрісінің тогы бар рамаға жасайтын әсеріне негізделеді
(сурет 6.13).
Сол жақтағы суретте төрт бұрышты рама бейнеленген.
Олардың жазықтығы магнит күш сызықтарына параллель орналасқан
және одан өтетін
І токтың бағыттары да көрсетілген. Ал оң жақтағы
суретте тұрақты токтың көп рамалы электрқозғалтқышының ішкі
құрылымы кескінделген (сурет 6.13,
ә).
Сурет 6.13. Электрқозғалтқыштың
жұмыс істеу принципі
а)
ә)
Желдеткіш
Сыртқы
қорап
Сол қол ережесін пайдаланып, раманың қабырғаларына әсер ететін
магнит өрісінің
F күшінің бағытын анықтай аламыз. Сол жақтағы су-
ретте раманың екі вертикаль бөлігіне екі күш әсер етеді. Раманың
ток жоғары бағытталған бөлігінде бұл күш оқушыға қарай, ал төмен
бағытталған бөлігінде – оқушыдан әрі қарай бағытталған (сурет 6.13,
а).
Сөйтіп, магнит өрісі, 7-сынып физикасында қарастырғанымыздай, рама-
ны вертикаль өстің төңірегінде сағат тіліне қарама-қарсы айналдыратын
Достарыңызбен бөлісу: