Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет228/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   302
§34.
 
 
Төменде  көрсетілген  тапсырмаларды  ұжым-
дасып орындаңдар.
1.  Сурет 6.15-те көрсетілген үлгіге сүйеніп, қа-
рапайым  электрқозғалтқышының  жұмыс 
істей алатын моделін жасаңдар. 
2.  Физика үйірмесінің отырыстарында, семинар 
сабақтарында жасаған моделдеріңді көрсетіп, 
жұмыс істеу принциптерін түсіндіріңдер.
3. 
 Жетілдіріп жасаған моделдеріңе аттарыңды жазып, физика кабинетіне 
тарту етіңдер.
ЭЛЕКТРМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ. ГЕНЕРАТОР
1.  Электр  тогының  төңірегінде  магнит  өрісінің  пайда  болаты-
нын  ашқан,  Эрстедтің  тәжірибесін  сан  қайталаған  ағылшынның  ұлы 
ғалымдарының  бірі  Майкл  Фарадей  өзінің  жұмыс  дәптеріне  былай  деп 
жазған екен: «Электрдің магнетизмді туғызуға қауқары жетіп отырғанда, 
магнетизм электрді туғыза ала ма?» Сұрақтың осылай қойылуы қысқа да 
нұсқа ғылыми болжам жасаудың тамаша үлгісі болып табылады. Қазіргі 
физика тілінде және зерттеу жұмыстарында бұл ғылыми болжам сұрақ 
түрінде  емес,  зерттеу  нәтижелеріне  сүйеніп  бекем  айтылған  болжам 
түрінде  былайша  тұжырымдалады: 
«Егер  электр  тогы  магнит  өрісін 
туғызса, магнит өрісі де электр тогын туғызуы мүмкін». 
Міне, осы болжамның дұрыстығын эксперименттік жолмен растауға 
Фарадей  7  жыл  үздіксіз  тәжірибелер  жасау мен  болды.  Сөйтіп,  ақыр 
соңында  1831  жылы  өзі  ұсынған  болжамның  ақиқаттығын  тәжірибе 
жүзінде дәлелдеді. Өркениеттің қазіргі даму кезеңінде Фарадейдің 7 жыл 
тынымсыз еңбегінің нәтижесін біз 7 минут шамасында тәжірибе жасап 
көрсете аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет