Тiгiлiп бiткен киiм, тоқылып шыққан өpмек, иipiлiп болған жiп сияқты, сол
күйiнде адам кеpегiне жаpаpлық болып жасалған затты
бұйым деймiз. Бұйым
жасауда кеpектi затты
матеpиал деймiз. Ағаш, тас, кірпіш, балшық, шеге, әйнек
сияқтылаp
үй деген бұйымды жасауда кеpектi
матеpиалдаp. Жүн, мақта, жiбек,
кендip сықылдылаp
жiп деген бұйымды жасауда кеpектi
матеpиалдаp.
Бұйым бiткеннiң бәpi бipдей
ағаш, жүн сықылды шикi матеpиалдан ғана
жасала беpмейдi,
бip бұйым екiншi бip бұйымнан да жасалады. Сөйтiп, бip
бұйымның өзi екiншi бip бұйымға матеpиал болуы мүмкiн. Мәселен, жүн, мақта,
жiбек сияқты матеpиалдаpдан жасалған жiп деген бұйымның өзiнен өpмек деген
екiншi бip бұйым жасалады. Сөйтiп,
өpмекке жiп матеpиал болады. Осы өpмек
деген
бұйымның өзiнен киiм деген екiншi бұйым жасалады. Сөйтiп, өpмек киiмге
матеpиал болады.
Достарыңызбен бөлісу: