Енді анықтауыш тарихына келейік: алдымен есте болатын нәрсе бірқатар
тілдерде «қыз» деген атау «бала әйел», «кішкене әйел» деген мағынада
қолданылатындығы. Монғол тілінде қызды кеукін дейді екен. Мұндағы -кін –
«ботақан» дегендегі қан; қан – кішкене; кішкене – сын есім; сын есім –
анықтауыш.
Грузиннің кали швили деген сөзіндегі швұл, бала деген сөз екен; осы
мысалдағы шв – қапшық сөзіндегі -шық; осы кішірейткіш -шық – бала-шаға деген қос сөздегі шаға сыңарына тең; Қырым татарлар, түрікпендер,
әзірбайжандар бала деген сөзді шаға дейді. Біздің тіліміздегі қызыл шақалақ (қызыл шақа) дегендегі шақалақ та жоғарыдағы шаға сөзіне қатысты екені даусыз.
Олай болса, құлыншақ дегендегі шақ та сол бала мағынасындағы – шаға. Біздің
«бала-шаға» деген қос сөзіміздің екі сыңары да – бала мағынасында. Демек,
құлыншақ – бала құлын. Нәтижесінде құлыншақ, тоқтышақ, келіншек дегендегі
«шақ» сыңарлары анықталатын сөзден соң тұрған анықтауыштар екенін көреміз.
Кейінгі заманда шақ сөзі кішірейткіш қосымша болып қалған да, оның тұлғасы -