тапсырма орындауға жіберіледі. Ары қарай енгізу-шығару операциясы
аяқталған соң және мәліметтер алынған соң, басқару кейін, яғни алғашқы
тапсырмаға қарай қайтарылып процесс жалғасады.
2) Программа деңгейінің параллельдігі - бір программа оны құраушы
бөліктеріне бөлініп орындалатын процесс. Параллельділіктің бұл типі
процессордың жиынымен іске асады. Бұл көп процессорлары машина барлық
берілген есептеулерді бір мезгілде орындай алады.
3) Командалар деңгейінің параллельдігі - бұл типті іске асыратын негізгі тәсіл –
конвейерлер. Бұл жағдайда не жеке командалар қалқаланады, не берілген
команда бағыныңқы операцияларға жіктеледі. Олар да өз кезегінде қалқалану
жағдайына келтіріледі.
4) Арифметикалық және биттік туралау параллельдігі - параллельдігінің ең
төменгі деңгейі. Бұл деңгей - орталық процессордағы арифметика-логикалық
құрылғыға жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: