Лекция Тақырыбы: Химия курсын оқыту технологиялары Лекция жоспары: Технологияландыру химиялық білім беру дамуының жетекші үрдісі іспеттес


Оқытудың педагогикалық технологиясының ерекшелігі мен маңызы



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#14492
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 лекция

           Оқытудың педагогикалық технологиясының ерекшелігі мен маңызы. 

            Кредиттік жүйе маман жұмыскерлерден бастап, жоғары ғылыми білікті мамандарға 

дейін білім берудің сатысын және деңгейін, академиялық дәрежесін бірдей бағалауға жол 

ашады.  Кредиттік  технологияны  енгізу  білім  берудің  барлық  идеологиясын  қозғайды. 

Оқытушы  білім  беріп  қана  қоймай,  қалай  оқу  керектігіне,  білімді  алуға,  дағды  мен 

іскерлікті  алып,  өз  бетімен  практикада  қолдануға  үйретеді.  Магистранттың  өзіндік 

жұмысының  ролі  нығайып,  оқыту  саласына  талап  күшейеді,  жастардың  білімге  бірдей 

жетуіне және оқытудың ашықтығы қамтамасыз етіледі, кәсіптік элита қалыптасады.      



        Оқытудың кредиттік технологиясының жетістіктері: 

- мамандарды әлемдік стандарттар деңгейінде даярлау мүмкіндігі; 

- білім алушылардың өзіндік білім алуға және өзіндік дамуға қабілеттерін дағдыландыру; 

- білім алушылардың өз бетімен білімді шығармашыл игеруге дағдыландыру; 

- білім алушылардың біріккен оқуын ұйымдастыру; 

-  сырт  елдердің  жоғары  оқу  орындарымен  серіктес  қарым-қатынас  орнату  болып 

табылады. 

-   Магистранттың өзіндік жұмысы жеңілдетіліп, білімнің сапасы жоғарлайды. 




         Кез  келген  материалды  игеру  үшін  мүмкіндік  жоғарлап,  практикалық  дағдылар 

жинақталады. Оқытудың кредиттік технологиясын енгізудің алғашқы кезеңі оқыту үрдісі 

болып  табылады,  яғни  білім  алушылардың  білім  беру  бағдарламаларын  игеруге 

бағытталған  бақылау  жүйесін  анықтау,  әр  түрлі  оқу  сабақтарын,  оқу  жүктемелерін 

жоспарлау, оқу жоспарымен бағдарламаларын құру бойынша шаралардың жиынтығы.  

        Сонымен  қатар,  оқу  сұрақтары  магистранттардың  өзіндік  жұмысын  және  кәсіби 

практикасын  ұйымдастырумен  байланысты.  Бақылау  шаралары  пәндер  бойынша  білім 

алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұсынады . Оқу үрдісін жоспарлау жоғары оқу 

орнының білім беру әрекетін басқару жүйесінде алғашқы элемент ретінде қарастырылады 

және академиялық күнтізбені (календарь) құру жолымен жүзеге асырылады. Академиялық 

күнтізбе – демалу күндері көрсетілген (каникул, мереке) оқыту үрдісінің күнтізбесі. 

         Білім беру әрекетін жоспарлау бірнеше кезеңдерден тұрады: 

1.  Типтік  оқу  жоспарлары,  бағдарламалары,  мемлекеттік  білім  беру  стандарты  негізінде 

жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өңдеу; 

2.  Таңдау  бойынша  пәндерді  –  элективті  курсты  анықтау,  білім  алушылардың жеке  оқу 

жоспарын құруы; 

3. Академиялық күнтізбе құру; 

4. Мамандықтың жұмыстық оқу жоспарына және білім алушылардың жеке оқу жоспарына 

сәйкес университет, факультет, деканат жұмыстарын жоспарлау; 

5.  Оқу  жұмыстарының  түрлері  бойынша  педагогикалық  жүктемелердің  нормаларын 

анықтау,  оны  профессорлар-оқытушылар  құрамы  мүшелерінің  арасында  бөлу  және 

штатты жоспарлау; 

6. Академиялық топтардың оқу сабақтарының кестесін даярлау. Академиялық күнтізбеде 

оқу  жылы  1  апта  бойынша  4  кезеңнен  тұрады,  олар  төмендегідей  атауларды  құрайды:  - 

бірінші  триместр  (күз),  -  екінші  триместр  (қыс),  -  үшінші  триместр  (көктем),  -  жазғы 

триместр (жаз). Әрбір триместр апталық сынақтық-емтихан сессиясымен аяқталады. 

         



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет