14. Демалыс алу тәртібі: Бұл бөлікте негізгі еңбек демалысының ұзақтығы, қосымша алынатын
демалыс ұзақтығы, оларды алу тәртібі, сонымен қатар ақы төленбейтін
демалыс алу тәртібі анықталады. Мысалы:
«Жұмысшыға жылына бір рет Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы кодексіне сәйкес, ұзақтығы 18 жұмыс күні мөлшерінде ақылы демалыс беріледі. Демалыстың берілу мерзімін әкімшілік анықтайды. Жұмысшының қалауына қарай екі бөлікке бөлініп те беріледі. Мұнда демалыстың бір бөлігінің ұзақтығы кемінде бес жұмыс күнінен тұрады. Ақы төленбейтін қосымша демалыс 10 жұмыс күні мөлшерінде жұмысшының жеке басының жағдайына байланысты әкімшілік шешімімен беріледі».