О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Еліміздегі  қазақ  тіліне  қатысты  белсенді  қозғалыс  1980  жыл-



Pdf көрінісі
бет14/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

Еліміздегі  қазақ  тіліне  қатысты  белсенді  қозғалыс  1980  жыл- 
дардың соңында етек алып, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына 
1989 жылы қол жеткізілді:

1989 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды;

1989  жылғы  22  қыркүйектегі  Қазақ  ССР-інің  Тіл  туралы  Заңы 
(Қазақ тілі – ҚазССР-нің мемлекеттік тілі болып бекітілді);

1990  жылғы  «Қазақ  тілін  және  Қазақ  ССР-індегі  басқа  да  ұлт 
тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік 
бағдарламасы».
ІІІ. ҚР Тәуелсіздік алған кезең 

1993, 1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;

1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті.

«Қазақстан  Республикасындағы  тiл  туралы»  Қазақстан 
Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы: 
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. 
Мемлекеттiк  тiл  –  мемлекеттiң  бүкiл  аумағында  қоғамдық 
қатынастардың  барлық  саласында  қолданылатын  мемлекеттiк  басқару, 
заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iсқағаздарын жүргiзу тiлi. 
Қазақстан  халқын  топтастырудың  аса  маңызды  факторы  болып  та-
былатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр 
азаматының парызы. 
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi және атқарушы органдар: 
Қазақстан  Республикасында  мемлекеттiк  тiлдi  барынша  дамытуға, 
оның халықаралық беделiн нығайтуға
Қазақстан  Республикасының  барша  азаматтарының  мемлекеттiк 
тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, 
материалдық-техникалық жағдайларды жасауға
Қазақ  диаспорасына  ана  тiлiн  сақтауы  және  дамытуы  үшiн  көмек 
көрсетуге мiндеттi.

2001 жылы 7 ақпанда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану 
мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

2011  жылы  29  маусымда  Қазақстан  Республикасында  Тілдерді 
қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы қабылданды.


13
Орынғазы Әбутәліп
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет