Қызметтік хаттарға қосымша
1. Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі – айты-
латын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де
арналатындығы. Дегенмен де, қызметтен тыс мәселелер, адамның өз
қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мәселелер
өрісімен тікелей байланыста болады. Бұл хаттар жеке тұлға атынан
жазылады.
2. Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкер-
лерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақ-
сатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін
фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат
мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |