71
Орынғазы Әбутәліп
ралы мәліметтен кейін 1 интервал жіберіліп барып, парақтың сол жақ
бөлігінде жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы,
1999 жыл 26 мамыр.
8. Қосымша. Егер мінездемеде қосымша болатын болса, ол жайында
парақтың соңында жазылады. Мысалы,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқу-
әдістемелік басқарма бастығының қолымен расталған мінездеме
қосымша беріліп отыр.
Ал қосымша бірнешеу болатын болса, жолдама хат дайындалып, сон-
да көрсетіледі. Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда:
•
Белгілі үлгідегі
бірнеше фотосурет;
•
Білімі
туралы құжат көшірмесі;
•
Бұрынғы мінездемелер көшірмесі немесе одан алынған үзінді;
•
Анықтамалар жіберіледі.
Ескерту!
1) Кейбір жағдайларда мінездеменің жоғарғы жағында мекеменің
фирмалық белгісі (логотипі) көрсетілген арнайы бланкілерде де жазы-
лады. Мұндай бланкінің әр данасы есепте тұрады. Мекеме басшысының
қолымен расталады.
2) Кейбір жағдайларда құжат атауынан бұрын мінездеме берілуші
туралы қысқаша мәлімет жазылып барып, мінездеме берілетін түрі де
болады.
Достарыңызбен бөлісу: