Квадрига– төрт ат жегілген екі дөңгелекті арба.
Триумфалды арка – салтанатты безендірілген ірі арка түріндегі
сәулет ескерткіштерінің бірі. Триумфалды аркаларды қаланың, көшенің
кіреберісіне, көпірлерде, ірі жолдарда жеңімпаздар немесе аса маңызды
оқиғалар құрметіне орнатады. Алғаш триумфалды аркалар Ежелгі
Римде пайда болып, жеңімпаздың салтанатты түрде қалаға кіруіне орай
салынған.
Ионикалық ордер – Ежелгі Грекияда көп тұрғызылған, әсемдік пен
салтанатқа негізделген бағана.
Дорилік ордер – ионикалық ордерден бұрын дамыған қарапайым
бағана.
Травертин (Ежелгі Италиядағы Тибур, қазіргі Тиволи қаласы ның
атымен аталған) – көмір қышқылды қайнарлардан кальций карбона-
ты ның тұнуы нәтижесінде түзілген кеуекті тау жынысы.
Менгир – тігінен орнатылған үлкен, өңделмеген тастар түріндегі
археологиялық ескерткіш. Неолит және қола дәуірінің мегалиттік
ескерткіштері қатарына жатады.
Дольмен – өлікті жерлеуге арналған құрылыс; бірнеше тонналық
жақпар тастар тігінен қаланып, төбесі жалпақ тақта тастармен жабылған.
Бұл – мегалит құрылыстардың бірі.
Стела – бедерлі суреті немесе жазуы бар ұзын естелік баған.
Барельеф (фр. bas-relіef – «аласа бедер») – бедерлі мүсіннің бір түрі.
Техникалық негіз әрі фон болып табылатын тегіс бетке салынады. Кес кін
ком позициясы негіздің тұтастығын сақтай отырып, оның жарты қа лың-
ды ғындай мөлшерде шығыңқы тұрады.