Байланысты: Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы
Заттың сынын,сыр-сипатын білдіретін сӛздер Қазақ говорларында үлкен,зор сҿздерінің синонимі ретінде
қолданылатын сҿздер ҿте кҿп. Мысалы: Қазақстанның оңтүстік -
шығыс облыстары тұрғындары тілінде шоң//чоң сҿзі жиі қолданылады.
Шоң желке,кең жауырын,жазық маңдай,
Тұрпаты Түркістанның түбегіндей. /Н.Бекежанов/
Бұл сҿзден басқа говорларда үлкен,зор мағынасында дығал,
дырау, нҽн, нҽнбай, ҽйдік сияқты сҿздер де қолданылады. Ал
Жетісу,
Шығыс
Қазақстан
тұрғындарының
тілінде
шоян//жоян//ноян сҿздері үлкен, зор мағыналарын береді.
Мыс:Бір ноян жііт үйге кіріп келді (Алм.Талд)
Қиын сҿзі говорларда екі мағынада қолданылады. Солтүстік
аудандарда қиын-күшейтпелі үстеу мағынасында, яғни ҿте
жақсы, аса жақсы мағынасында қолданылады. Ол ҿлеңді қиын
айтады (жақсы).