ЖАЛПЫ ПАТОГЕНЕЗ. ПАТОЛОГИЯДАҒЫ РЕАКТИВТІЛІКТІҢ РӚЛІ.
ЗАҚЫМДАЛУҒА ОРГАНИЗМНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ
РЕАКЦИЯСЫ
Мақсаты: жекеленген аурулардың даму механизмдерін және аурудың
дамуының жалпы заңдыдылықтарын игеру, сол арқылы жекеленген, нақты
аурулардың патогенезін ашу және патологиядағы ағза реактивтілігінің рӛлін
анықтау, оның патологиядағы бейімделушілікке мүмкіншілігін оқу;
зақымдану кезіндегі организмнің қорғанысының жергілікті және жалпы
реакцияларының даму механизмдерін игеру, патологиялық үрдістердің даму
сатылары туралы білімді бекіту.
Оқыту мақсаты:
1. аурулардың пайда болуындағы себептер мен жағдайлардың рӛлін игеру;
2. аурулардың даму механизмдерін білу;
3. ауру патогенезіндегі себеп-салдар қатынасын зерттеу;
4. патогенездің кері айналып соғу шеңберін игеру;
5. патогенездің жалпы және жекеленген ӛзгерістерін ашу;
6. патогенездік алдын алу мен емдеу негіздерін білу;
7. иммунитеттің құрылу механизмдерінің негізін білу және фагоцитоз;
8. иммунологиялық реактивтіліктің механизмінің негізін анықтау, жүре
пайда болған және туа біткен иммунды жүйе жетіспеушілігінен туатын
бұзылыстарды түсіндіру;
9. иммунологиялық реактивтілікпен байланысты иммунитеттің басты
механизмі – фагоцитоз процессін тәжірибеде жануарларға ӛз бетінше
кӛрсете білу;
10. иммунитеттің материалистикалық мәнін, иммунологиялық реактивтілікті
және оның негізгі фаноменін түсіндіру;
11. И.И. Мечников, Т.Г. Савченко, А.М. Безредкалардың иммунологияға
қосқан үлестері;
12. адамзаттың кӛптеген инфекциялық ауруларды жеңудегі иммунологияның
әлеуметтік мағынасын білу;
13. Эустресс, дистресс түсініктерін ашу;
14. стресстің организмге патогендік зақымдаушы әсерін анықтау;
15. стресс-дамытатын және стресс-тежейтін жүйелер туралы білімді игеру;
16. шоктың орагнимзге зақымдаушы әсерін анықтау;
17. шок түрлері мен олардың даму механизмдерін ашу;
18. команың зақымдаушы әсерін, даму этиологиясы мен патогенезін игеру;
19. инфекциялық үрдістер туралы түсінік және олардың организмге
зақымдаушы әсерлерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |