күшейткіш құралдарымен жабдықталған, өлшегіш тізбегінен
қуаттылықты тұтыну болмашы аз. Электронды вольтметрлердің
артықшылықтарына жатады: өлшеудің кең шектері жəне жиіліктік
диапазон ( 20 Гц-тен 1000 МГц дейін), жоғары сезімталдық , жақсы
асқын жүктемелік қабілеттілік, энергияны тұтынудың меншікті аз
болуы.
Электронды вольтметрлерді кейбір белгілеріне қарап жіктеуге
болады:
• тағайындауы бойынша - тұрақты жəне ауыспалы кернеулік,
синусоидалды жəне импульстік кернеу; фазаға сезімталдық,
селективті, əмбебап;
• өлшеу тəсілі бойынша - тікелей бағалы жəне салыстыру
аспаптары;
• кернеудің мəнін өлшеу сипаты бойынша - амплитудалық
(шыңдық), орташа квадраттық мəнді, орташа тіктелген мəнді;
• жиілік диапазоны - төменгі жиілікті, жоғары жиілікті, аса
жоғары жиілікті.
Содан басқа, барлық электрондық аспаптарды үлкен екі топқа
бөлуге болады: тілдік есеппен ұқсас жəне сандық есеппен дискретті
түрдің аспаптары.
Жалпы
қабылданған
белгілерге
сəйкес
электронды
вольтметрлерге В индексі меншіктеледі, мысалы ВК7-16А —
құрамдастырылған вольтметр; К - кедергіні өлшей алады; 7 -
əмбебап: тұрақты жəне ауыспалы тоққа; 16 - өңдеу нөмірі; А —
модификация. Тұрақты тоқтың вольтметрлері В2 индектсеуіне, ал
ауыспалы синусоидалды тоқтың вольтметрлері - В3 ке ие. Алайда
тарихи қалыптасып қалған басқа да белгілер кездеседі, мысалы щ
бұл «Вибратор» санкт-петербургтық зауытымен шығарылатын
сандық вольтметр екендігін білдіреді.
Тоқтың күшін өлшеу қажеттілігі кезінде электронды вольтметр
арқылы тоқ кернеуге мына формулп бойынша ауысады
I
x
R =
U
x
.
Тілдік есеппен ұқсас вольтметрлер. Ұқсас вольтметрдің
қарапайымдалған
құрылымдық
сызбалары
14.10
суретте
көрсетілген. Қазіргі таңда тұрақты тоқтың ұқсас электрондық
вольтметрлері (14.10, а суреті) шектелген қолданысқа ие, себебі
олар өзінің техникалық қасиеттері бойынша тұрақты тоқтың сандық
вольтметрлеріне жол береді жəне іс жүзінде келесілермен
ысырылады. Сондықтан ары қарай тек ауыспалы тоқтың ұқсас
вольтметрлері ғана қарастырылады.
14.10, б суретте келтірілген құрылымдық сызба вольтметрлерде
айтарлықтай деңгейдің кернеуін өлшеу үшін қолданылады, себебі
тұрақты тоқтың күшейткішінің көмегімен үлкен күшті қамту қиын.
Есесіне мұндай күшейткіштердің жиілік диапазоны жүздеген
мегегерцтерді құрауы мүмкін. Құрылымдық сызба,
Достарыңызбен бөлісу: