Негізгі шамалар үшін өлшемдері халықаралық деңгейде
келісілген бірліктер орнатылған, ал басқа шамалар үшін туынды
бірліктер құрылады.
3) осындай түрде құрылған бірлік жүйесі мен оған кіретін
бірліктер когеренттік деп аталады (байланысты, келісілген).
Туынды
шамалардың
бірліктерін
анықтайтын
физикалық
теңдеулердегі пропорционалдылық коэффициенттері өлшемсіз
бірлікке тең;
4) БЖ-де бір қатардағы шамаларды өрнектеу үшін бірліктердің
көптілігі жойылған (өлшемдердің барлық түрлері үшін бірліктердің
бірегейлігі). Мысалы, тəжірибеде қолданылған қысым бірліктерінің
үлкен санының орнына БЖ қысым бірлігі ретінде тек бір бірлік -
паскаль қабылданған.
Жылулық өлшемдер саласында жылудың жұмысы мен мөлшерін
джоуль мен калорияда жеке өлшеуден джоульмен бірыңғай өлшеуге
өту жүргізілген.
5) əрбір физикалық шама үшін өзінің бірлігін орнату масса (кг)
мен салмақ (Н) түсінігін ажыратуға мүмкіндік берді.
Салмақ түсінігін дене немесе заттың қасиеті назарға алынғанда
оның инерттілігі мен гравитациялық өрістер құру қабілетін
сипаттайтын барлық жағдйарда пайдаланған жөн, ал салмақ
түсінігін гравитациялық өріспен өзара əрекеттесу нəтижесінде
туындайтын күш айтылып тұрған жағдайларда пайдаланбаған жөн.
6) ӨЖ негізгі бірліктерін дəлдіктің жоғары деңгейімен
анықталуы мүмкін, бұл соңында өлшем дəлдігін арттыруға ғана
емес, сонымен қатар олардың бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді. Бұған бірліктерді эталондар түрінде жəне олардан
өлшеулердің кешенді үлгілік құралдары көмегімен өлшеулерді
беруді «материалдандыру» жолымен қол жетізіледі.
Халықаралық бірліктер жүйесі өзінің артықшылықтары
арқасында əлемдегі кең таралымға ие болды. Осылайша, барлық
елдер БЖ бірлігіне өтті. Бұрын ағылшындық өлшем жүйесін
қолданған елдер (Ұлыбритания, Австралия, Канада, АҚШ жəне т.б)
сонымен қатар БЖ бірлігін енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: