жəне
паразиттік
ЭҚК
туындауы
салдарынан
туындайды.
Термобу
сипаттамасының сызықтық еместігінің
əсерін азайту үшін өлшегіш тізбекке
қосылатын
əртүрлі
түзетуші
элементтерді пайдаланады.
Термобулардың
бос ұштарының
температурасының
тұрақсыздығын
азайтудың əдістерінің бірі - түзетудің
автоматтық енгізу. Мысал ретінде 6.14-
суретте
оның
бос
ұштарының
температурасының тұрақсыздығын өтеу
үшін
термобуды
қосу
сұлбасы
келтірілген.
Термобулардың бос ұштарының температурасын өзгерткен кзеде
тұрақты ток көпірінің тепе теңдігі бұзылады, олардың иықтарының
бірінше термиялық тəуелді кедергісі бар RK резисторы
(терморезистор) қосылған. Көпірдің өлшеуіштік диагоналында
туындайтын кернеу терморезистордың кедергісін өзгерткен кезде
термобулардың бос ұштарының температурасының өзгеруімен
негізделген термоЭҚК сол бөлігін өтейді. Көпірдің термиялық
тұрақтылығы қаншалықты жоғары болса, термиялық өтеу əсері
соншалықты үлкен болады. Ол үшін көпірдің үш иығына кедергінің
температуралық өзгеруі аз резисторларды қосады (көбінесе оларды
дайындау үшін манганин қолданылады), ал терморезисторды
термобудың бос ұштарының температурасының əрекет ету
аймағында орналастырады.
Термобудың көмегімен температураны өлшеу қателігі əдетте
бірнеше пайыздан артпайды. Термобулары бар сұлбалардың
инерциялығы бірнеше минутқа жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: