жоқ адам сөздерінде эмоциялық-экспрессиялық реңк бар, жағымсыз мағынаны тудырып
тұр. Бұлар бейнелі-бағалауыштық метафоралар.
Адамның мінез-құлқына байланысты жануарлар әлемінен олардың нақты зат ретінде
санадағы бейнелеріне негіздеп көкжал, оқжылан, көртышқан сияқты аталымдарын
сөйлеуге қолданғанда олардың белгілі бір қасиеттері немесе қасиеттер жиынтығы
метафоралануға қатынасады.С.Жүнісов те кейіпкерлерінің бейнесін жасау үшін аң-құс
атауларын жұмсайды. Сары жорға. Барарымды барсам да, ол сұр жыланның бетін көруге дәтім шыдамады (Ажар мен Ажал, 92-б.). Адамның мінез, жүріс-тұрысына байланысты жағымсыз мағынада
жұмсалынған, жек көру сезімін береді.
Ажар. Қатай - тонын айналдырған қасқыр (Ажар мен Ажал, 94-б.). Қолданыстағы
метафоралар арқылы адамның жек көру сияқты сезімі берілген.
Ажар. Тең құрбы болған соң өзіңізге алдын-ала құлаққағыс қылайын десем, сіз жөн- жосық жоқ... (Ажар мен Ажал, 82-б.). Құлаққағыс-емеурін бірлігі бейнелі ойлау
нәтижесінде жасалынған.
Мұхтар. Отыз жеті – көмусіз жатқан ұйқыдағы алып жылан, құйрығын басып қайтесің? (Кемеңгерлер мен көлеңкелер, 380-б.). Махамбет. Мен құйқасын үйтіп, езуін тіліп табаққа салар көнбіс қойдың басы