Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


КРИТЕРИАЛДЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет193/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

 
КРИТЕРИАЛДЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ,  
ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» 
 (А. Байтұрсынов) 
Аннотация: 
мақалада 
критериалды 
бағалау 
жүйесі 
туралы 
түсінік 
беріледі.Критериалды  бағалаудың  оқу  процесіне  тигізетін  оң  әсері  жан  жақты 
баяндалады.  Ескі  бағалау  жүйесінің  кемшіліктерін  айта  келіп,  критериалды  бағалаудың 
артықшылықтарын  дәлелді  түрде  келтірген.  Критериалды  бағалаудың  қызметі  мен 
міндеттері  жүйленген.  Критериалды  бағалаудың  құрамды  бөліктері:  қалыптастырушы 
және  жиынтық  бағалау  түрлері  бойынша  ақпарат  беріледі.  Қалыптастырушы  және 
жиынтық  бағалаудың  оқушы,  мұғалім  және  ата  аналар  үшін  әсеріне    толық  талдау 
жасалған.  
Тірек  сөздер:  бағалау,  критериалды  бағалау,  қалыптастырушы  бағалау,  жиынтық 
бағалау, критерий, траектория, құзыреттілік 
 
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігінбағалауды қазіргі 
тәжірибеге  енгізудің  негізін  критериалды  бағалау  жүйесіанықтайды.  Бұл  бағалау 
рәсімдерінің  сапалылығын,  олардың  халықаралықстандарттарға  сәйкестігін  және  әр  білім 
алушының  оқудағы  қажеттілігінқамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.СондықтанҚазақстан 
үшін  ұсынылып  отырған  жаңа  критериалды  бағалау  жүйесібілім  алушының  дамуын,  оның 


342 
 
қызығушылығын  және  оқуға  деген  ынтасынарттыруға  бағытталады.  Егер  әр  білім  алушыға 
және  оның  ата-анасынатүсінікті  болатындай  нақты  әрі  өлшемді  бағалау  критерийлері 
белгіленетінболса, бұған жетуге әбден болады деп ойлаймыз. 
Оқушылардың ата-аналарынан: «Менің балама тиісті бағасын қойған жоқ! Менің балам 
жақсы оқиды, оның үштіктері болуы мүмкін емес!»-деген сөздерді өте жиі естуге болады. Не 
себепті екені белгісіз, көпшілігі оқушылардың білім сапасын бағалау өте оңай деп есептейді. 
Тіпті  баланың  қалай  жауап  бергенін  тыңдап,  кез-келген  ата-ана  оны  әділ  бағалай  алады 
дейді.  Сырттан  қарағанда  мұнда  күрделі  ештеңе  жоқ  сияқты.  Бірақ  оқушы  қандай  көлемде 
білімді және білікті болуы керек екені анық жазылған мектеп бағдарламасы бар ғой. Сондай-
ақ,  оқушы  әр  сабақта  нені  үйренуі  тиіс,  ол  нені  білуі  және  айқындауы  керек  екені  егжей-
тегжейлі көрсетілген мұғалімнің жоспары бар. Оқушының толық немесе толық емес көлемде 
білімді игергенін қалай анықтау керектігі туралы олардың ешқайсысы ойланбайды. Мүмкін 
ол барлығын білетін шығар, бірақ бүгін оның басы немесе тісі ауырып, сондықтан ол өзінің 
қабілетін  толық  көлемде  ашып  көрсете  алмай  тұрған  шығар.Не  болмасатіпті  автордың  өзі 
жауап береалмайтындай етіп сұрақ қойылған шығар.«Мүмкін» және «егер»  деген мысалдар 
қанша болса да табылады. Сондықтан оқушылардың білімдерін бағалау, ол бәрібір  күрделі 
педагогикалық проблема екенін сеніммен айтуға болады [1, 2]. 
  Бағалау  және  баға-  мұғалімдердің  шексіз  талқылауға  дайын  тақырыбы.  Себебі 
мектептегі баға-оқушы жұмысының нәтижесі ғана емес, онда мұғалімнің жұмыс стилі, оның 
оқушымен  қарым-қатынасы,  ұстаздың  жеке  қасиеттері,  көңіл-күйі,  мінезі  түйіседі. 
Оқушының  жұмысын  бағаламай  ешқандай  меңгеру  процесі  мүмкін  емес.  Ол  оқушыларға, 
оның  пәнге,  мұғалімге,  мектепке  және  тұтастай  қоршаған  әлемге  деген  көзқарасына  үлкен 
әсер етеді. Сондықтан оқушылардың білім сапасын бағалау процесіне барынша қатаң талап 
қойылады.Осы проблема бойынша көптеген зерттеулерді талдау, бағалау сапасының негізгі 
талабы  оның  әділдігі  болып  табылады  деген  қорытындыға  алып  келеді.Заманауи  қоғамда 
жалпы  білім  беру  процестерінің  дамуы,  педагогикалық  инновациялардың  орасан  зор 
тәжірибесі,  психологиялық-педагогикалық    зерттеулердің  нәтижелері  үнемі  жинақтап 
қорытуды және жүйелеуді талап етеді. Мектептегі оқыту сапасы, алға қойылған мақсаттарға 
жетуге  және  педагогикалық  міндетті  жүзеге  асыру  үшін  қолданылуы  керек  педагогикалық 
технологияға тікелей байланысты болып келеді. 
  Бағалау жүйесі  білім беру процесінің негізі болып алынатын принциптерді іске асыра 
отырып,  кері  байланысты  жүзеге  асыратын  және  оқыту  проблемалары  диагностикасының 
негізгі құралы, тұтастай алғанда мектептің білім беру кеңістігінің басты кіріктіруші факторы 
болуы  тиіс[2,  5].  Көптеген  онжылдықтар  бойы  бағалау,  оқушының  жетістіктерін  басқа  бір 
оқушылардың  нәтижелерін  салыстырумен  қорытындыланды  және  мұндай  бағалау  тәсілінің 
бірқатар кемшіліктері бар.Олар: 
-оқушыларға,  ата-аналарға  және  ұстаздарға  түсінікті,  оқытудың  жоспарланған 
нәтижелеріне жетуді бағалаудың нақты критерийлері жоқ; 
-ұстаз  бағаны  әрбір  оқушының  бірыңғай  критерийлерге  жетуіне  емес,  тұтастай 
сыныптың орташа білім деңгейіне сүйене отырып қояды; 
-оқушыларға қойылатын бағалар оқу бағдарламасының жеке бөлімдері  бойынша білім, 
білік,  дағдылардың  нақты  элементтерін  меңгергендігі  туралы  түсінік  бермейді,  ол  әрбір 
оқушының  жеке  оқыту  траекториясын  анықтауға  мүмкіндік  туғызбайды,  негізгі 
құзіреттіліктерін нашар дамытады; 
-оқушының оқуға деген ынтасының жоғары болуына ықпал ететін, оқу процесі кезінде 
оқушы мен мұғалім арасында жедел байланыс жоқ[3, 12]. 
  Критериалды бағалау, ол оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігінің қалыптасуына 
ықпал  ететін,  тиісті  білім  беру  мақсаты  мен  мазмұны,  барлық  процеске  қатысушыларға 
алдын-ала белгілі, ұжыммен әзірленген, анық айқындалған критерийлері бар, оқушылардың 
оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс[4, 15]. 
Критериалды бағалаудың қызметтері: 
-оқытушылық; 


343 
 
-бақылаушылық; 
-дамытушылық; 
-тәрбиелеушілік; 
-диагностикалық; 
-уәждемелік. 
  Критериалды бағалаудың міндеттері: 
-оқу процесінің әрбір кезеңінде әр оқушының дайындық деңгейін анықтау; 
-оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқыту  нәтижелерін  және  оқушылардың  қысқа  мерзімді 
мақсаттарға жетулерін талдау; 
-оқушы дамуының жеке траекториясын түзету және жеке прогресс мониторингі; 
-оқу бағдарламасын меңгеруде бар кемшіліктерді жоюға оқушыларды ынталандыру; 
-әртүрлі іс-әрекеттерді орындағаны үшін алған бағалардың маңыздылығын саралау; 
-оқу бағдарламасы тиімділігінің мониторингі; 
-оқу материалын игеру және оқу процесін ұйымдастыру  ерекшеліктерін анықтау үшін 
мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету. 
  Критериалды  бағалау  жүйесі.Оқытудағы  ілгерілеушілік  пен  үлгерім  туралы  деректер 
жинақтау  үшін  оқу  жылы  барысында  бағалаудың  екі  түрі  жүзеге  асырылады: 
қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау.Жиынтық  бағалау  өз  кезегінде: 
бөлім/өтпелі  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау,  тоқсандық  және  білім  деңгейі 
бойыншажиынтық бағалау болып бөлінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет